26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТОПАН СУ! ЖЫЛДА ОСЫ!

18 апрель 2017, 16:52
ТОПАН СУ! ЖЫЛДА ОСЫ! Бұл күндері жалпы ел бойынша 1156 үй суға кетіп, 5 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген. Атап айтсақ, Ақмола облысы бойынша – 1340, ШҚО – 52, Жамыл облысында – 55, Қарағандыда – 1850, Қостанайда – 200, Ақтөбеде – 1174, Солтүстікте 44 адам эвакуацияланған.


Ел Димаш Құдайбергенге қытайлар берген жүлдені «жуып» жатқанда, Ақтөбенің саяжай аумағын су шайды. Ондағы Сазды, Жіңішке, Елек, Бұтақ өзендері қауіпті боп тұр. Салдарынан 1200-дей тұрғын апаттан зардап шекті. Олардың біразы шаһардағы 3 мектепке жайғастырылса, қалғаны ағайын-туысын паналап жүр. Облыста төтенше жағдай жарияланды. Қапияда қиындыққа тап болған, ақтөбеліктерге жан-жақтан жәрдем жеткізілуде.



ТОПАН СУ! ЖЫЛДА ОСЫ!


Тура сол күні Атбасардағы Жабай өзені де арнасынан асып, сағасындағы Сандықтау, Айдабол, Балхалхашкино, Максимовка ауылдарын су басып қалған. Бұл жақта бір аптаға шейін қауіптің сейілмейтін сыңайлы.

ТОПАН СУ! ЖЫЛДА ОСЫ!


Мамандар алдағы он күнде жағдайдың оңалмайтынын айтады. Оңтүстік өңірлерде де бір аптадан бері жауынды-шашынды болып тұр. Таулы аудандарда көшкін жүреді деп ескертіп жатыр.

Біздің елде жылда осы. Былтырлары Қарағанды облысында Нұра тасып, елді естен тандырып еді. Биыл тағы да сол өзеннің суы арнасына сыймай жатқан. Солтүстік Қазақстанда да былтыр кішігірім өзендер тасыған-ды. Биыл тағы да сол өзендер жұртты әбігерге салуда...

Қыста қар, көктемде жаңбыр жаумай - тас жаумайды ғой, енді. Күннің күрт жылынуы да заңды. Өйткені, көктем – жердің тоңы жібитін, тіршілік көктейтін уақыт. «Әр нәрсе өз мезгілінде» демеуші ме еді.

Соны біле тұра, «Дүлей апаттардың алдын-алу...» деп «айдар» тағып алған жер-жердегі Төтенше жағдайлар департаменттері осындайдың алдын-алмайды. «Табиғат тосын мінез танытты» деген оңай сылтау. Ылғи осылай апатқа жол беріп қояды. Соңынан халық болып күресумен келеміз. Жұрт болып «жылу» жинап береміз. Жылда осы.

Атбасарда «сыр берген» дамбы, былтыр ғана 69 миллион теңгеге салынған екен. Ол ақшаға дүниенің топырағын сатып алуға болады. Тас бөгеттің өзін бұзып кететін «тілсіз жау» қара топырағыңды зілсінсін бе? Нағыз «құмға сіңген судай ақша» дерсің.

Ақтөбеде де «шикілік» шықты. Су астында қалған саяжай массиві негізінен қауіпті аумақ саналады екен. Қаланың аясы кеңейіп, ол жерден үйіргелік телімдер берілген. Сол баяғы қараша халық, қаланың қай жағынан қандай жер бұйырса да, үй салып алған. Бәрінен де сол тұрғындарға қиын болды. Гәп басқада. Өзеннің жағасында онша-мұнша артық сулар ағатын жылғалары болады. Ол жерден тұрғын үйлер салынып кеткен соң, сайда су ағатын сала да қалмаған ғой. Оны ескерген әкімдік жоқ. Салдары апатқа әкеп соқты.

Неге апаттың алдын-алмады деген сұрақ туындайды, тағы да. Әлде біздің төтенше жағдайлар қызметі «смс» арқылы күн-райының құбылысын ескертуге ғана ерекше қауқарлы ма? Барлық қалаларда ирригациялық жүйе дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Нөсер төксе, тіпті Астананың көшелері де көлге айналады. Ал, енді өзен-көлдердің маңайынан қала көтергеннен кейін, апаттан сақтанудың жолдарын қарастыру – талап қой. Архитектура мен құрылыс басқармаларының басшыларына жауапкершілікті күшейту керек, кез-келген нысандарды салу және қабылдап алу кезінде көздерін ашып қарасын деп.

ТОПАН СУ! ЖЫЛДА ОСЫ!Мөлдір Нұрман, Матрица.kz




РS: Миллиондарға пантеон саламыз дегенше, тозып тұрған су қоймалары мен дамбыларды жаңартуға жұмсамай ма? Есіл тасыса, мәйітіңді таппай қаларсың. Айтқандай, ол топырақпен емес, мәрмәрдан ба, асыл тастан ба салынады екен ғой. Бәрібір «Тау мен тасты су бұзар» дегенді ұмытпасақ екен. Апаттан аман болайық! Зардап шеккендерге көмек қолын созайық!
Просмотров материала: 4 223

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 334 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 155 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 126 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 068 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 053 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 082 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 600 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 748 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930