26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖЕР ҚОРҒАУДЫҢ НЕСІ АЙЫП?

ЖЕР ҚОРҒАУДЫҢ НЕСІ АЙЫП? Қазақта жер мен жесір дауы - дүние тәмәм болмай бітпей ме, қалай! Егемен ел болдық. Бодандықтан құтылдық. Одан артық не керек! Тыныш жатқан жерге де тыным бермейміз, әйтеуір. Биліктің жерді шет елдіктерге жалға беру идеясы ең сорақысы болды. Халықтың наразылығын тудырды. Не дініміз, не салт-дәстүріміз қабыспайтын, батыс пен еуропаның тәжірибесіне сүйенеміз. Өз басымыз бен өзіндік ойымыз жоқтай, соларға қарай мойын бұра береміз. Бүгінде халықаралық стандарттарға сай қаншама заң мен құқықтық-нормативтік актілер ратификацияланып, қабылданып кетті. Жерді шетелдіктерге сату немесе жалға беру де сол халықаралық стандарттарға сай туындаған сәтсіз ой ғой.




Әзімбай Ғали, Саясаттанушы, т.ғ.д

- Жерді жалға алмай ма немесе сатып алмай ма деген қауіп болды. Бұл Қытай мен Ресей, Өзбекстанға қатысты болуы мүмкін. Сондықтан, ол жағынан қауіптену орынды деп есептеймін. Көрші мемлекеттерге Қазақстанда жер сатып алу немесе жалға алу, жер арқылы иммиграция жасауды шектеу керек. Өз азаматтарымызға да жерді өлшеп беру керек. АҚШта шаруаларға бір фермерлік қана жер беріледі. Одан артық бермейді.

Әлемдік тәжірибеде АҚШ пен Еуропада шет елдіктерге, инвесторларға жеке меншікке жер беру қарастырылған. Дүние жүзіндегі қуатты мемлекеттің бірі саналатын Араб Әмірліктерінде жер ешкімге ешқандай жағдайда сатылымға да, жалға да берілмейді. Ендеше, неге араб елдерінен үлгі алмасқа? Оларды қойшы, өз тарихымыздан ше? Қаракөз қыздарымызды айттырып, қара жерімізге көз салып жүрген қытайлар бөтенге жерін бермейді.

Бір қауым ел боп келіп ап, талай мемлекеттің жерінен шықпай қойған, халықтар баршылық қой, әлемде. Отарлаудың бір тәсілі, ол да. Жер - мемлекеттің басты меншігі, әрі байлығы. Жерді жатқа сатпақ тұрмақ, жалға берудің өзін де сөз етпес бұрын, тарихтан сабақ алуымыз керек қой. Кезінде жалға деп берілген Шаш қаласы түгел алатопылы ағайындардың меншігінде қалып қойды емес пе? Орынбор, Астрахан, Омбы ше? Осы құрбандықтың өзі жеткілікті, қазақ елі үшін. Алысты айтпай-ақ қояйықшы. Тәуелсіздік алғаннан кейін де мемлекеттік шекара оңай шегенделген жоқ қой. Елбасы ел үшін сіңірген осы еңбегін еш кетірмес деп сенеміз.

Жамбыл Артықбаев, Профессор, т.ғ.д

- Біріншіден, қай халық болмасын жер басты құндылық. Бұл аксиома! Оны тіпті дәлелдеудің де қажеті жоқ, жер болмаса ұлт та жоқ, ұлыс та жоқ. Ғұн императоры Мөде (Бөде) шаньюдің «Жер – мемлекеттің негізі» деген сөзі біздің ата-бабаларымыздың жер мәселесіне көзқарасын нақты білдіреді. Қазақ жері үшін күрес біздің тарихымыздың өзегі десек те болады. Бұл күрес ХІХ ғасырдың соңында орыс қарашекпендерінің қаптап келуіне байланысты апогейіне жетті. ХХ ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт-азаттық күресінің қаһармандарының еңбектерінде де жер мәселесі бірінші орында тұрғанына көз жеткізу қиын емес. Екіншіден жер мәселесіне тек Алаш азаматтары ғана араласқан жоқ, жалпы халықтық күрес майданына айналды. Үшіншіден, қазақ қанын судай төгіп осындай жерге ие болған соң, оны біреуге сату, әрине, мүмкін емес. Бірақ қазақта саяси және шаруашылық мүддесіне қарай жерді уақытша пайдалануға беру тәжірибесі бар. Мен Орынбор мен Петропавл (Қызылжар) қалалары туралы айтып отырмын. Өкінішке орай осы екі қала да қазақ мүддесіне емес, Ресей отаршылдық саясатының табан тірер бекіністеріне айналды.


Ата-бабамыз «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, ел болуды ойла» деп атамекенді аманат етіп кеткен. Бүгін төрімізді «көлденең көк аттыға» берсек, ертең ұрпақ көрімізге түкірмесіне кім кепіл? Жерді жалға берудің өзі қауіпті, мына заманда. Жарты ғасырда кім бар, кім жоқ? «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беріп алып, төбемізден жай түспесін деген үреймен жүрміз. Қазір қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан Атазаңдағы 26-бап.

Әншейінде «ауыз жаппас» депутаттар мен ұлтшылдардың осындайда бірін таппай қалдық. Бұрынғысы бар, қазіргісі бар, біраз «халық қалаулысына» бапқа қатысты сауал қойған ек: «- Жер деген «щипитильный вопрос» боп тұр ғой, басқа сұрақ қойшы» деген жауап естідік. «Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын» деуші еді. Әлеуметтік желіні ақтарып жүріп, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтың бір жазбасын тауып алдық, бүй деген:

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Конституцияның 26-бабын өзгерту – меншік иесінің құқығын беріктендіреді, бұл бірақ, шетелдіктердің біздің елден жер иеленуіне мүмкіндік бермейді.

Былтыр жарияланған мораторийден кейін жердің шаңы енді басылды ма десек, Конституцияның 26-бабын өзгерту мәселесі жік сияқты тік көтеріліп шыға келді. Жерге ешқандай жағдайда қол сұғуға болмайтынын қадап айтса, қанекей! Бүтін қоғам екіге бөлініп, халық және билік арасында ашық, әрі тікелей диалог болмай тұр. Тікелей эфир арқылы бір кем дүние көрсетілді. Одан беріде үш күн өтті. Билік тарапынан нақты жауап жоқ.

Не десек те, жер – халықтыкі. Әркім өз бетінше жер-жерде аталмыш бапқа қарсы қол жинап, жоғарыға жолдауда. Ал, әлеуметтік желі бетінен мемлекеттік мекеме басшыларының қарамағындағы қызметкерлерді біртіндеп шақырып, 26-бапты қолдауға қол қойдырып жатыр деген жазбаны көзіміз шалып қалды.

Біздің елде бәрі де мүмкін ғой. Жер дауының туындауына тойымсыз жемқорлардың да кінәсі бар. Бюджеттің миллиондары мен миллиардтары «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпегенде жерді ешкім қозғамас еді. Ал, бай-манаптарға бәрібір, қашар жерлері даяр. Жерді қарманып қалу үшін де, халықтың зейнетақы қорындағы қаржысына да жармасқан сол бизнесмендер емес пе? Баяғыда бір кәсіпкер: «Құдай бетін аулақ қылсын, Қазақстанда бірнәрсе бола қалса, өзбек әкәңә «есігіңді ачо қолиң» деп айтам да, бала-шағаммен Өзбекстанға өтіп кетем» дегені бар еді. «Аулақ қылса, қылсын Құдай» деп ек.

PS: Мал екеш мал да, қораға бөтен қой кірсе сүзеді ғой. Биліктің өз позициясын білдірген адамды оппозиция санайтыны қынжылтады. Былтыр бейбіт жұртты қудалап, қоғамның көңілін айнытып алды. Қызық! Халық елі мен жерін қорғамай, несін қорғайды, енді. Отан алдындағы борышы Отанды қорғау болса, оның несі айып? Талқылауға да ұят тақырып екен. Жерімізді базбіреулерге береміз деп, қу басымыз бір сайда домалап қалмаса игі еді, әйтеуір.

ЖЕР ҚОРҒАУДЫҢ НЕСІ АЙЫП?Мөлдір Нұрман, редактор Матрица.kz








Просмотров материала: 4 496

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 351 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 172 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 143 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 087 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 071 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 087 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 605 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 753 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров



#1 написал: AlikKoqhw
06-мар-17 в 03:31
<a href=http://rmoscow.ru/index.php?productID=25985>rmoscow</a>
#2 написал: AlexBurovs
16-мар-17 в 02:20


Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930