27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАРА НАРЫ ЕДІ

04 декабрь 2016, 16:04
Жан баласы да Жаратылыс-Анаға тартып туса керек. «Шолақ сай қатты тасиды». Ал, айналасына үрен-сүрен салмай-ақ үлкен өзендер үнсіз ағады екен. «Мен істедім дегенше, ел істеді десеңші», - Батыр Бауыржан айтқандай, халықтық мұрат-мүдде жолында өзегін суырып берердей өте бір азаматтық перзенттікпен өнімді еңбек тыңдырып жас-жасамыс жалпы үшін өз ағасындай болып кеткендіктен де өмірден өткенше «Өз ағаң» атанған Өзбекәлі Жәнібекті сол айқай-шусыз, даурық-саурықсыз, сабырлы ағатын арналы өзенге ұқсастыруым жай емес.

Дүниеде ұлтына деген қызметі мен отаншылдық борышты атқарып жүріп жасаған жақсылығын бұлдап, елге салмақ салудан ең жаман нәрсе жоқ. Әйтпесе, атқа мінерлігі атақ-мансап, шен-шекпен алып қалудан артылмай жатса да, ақ тауды айырып, қара тауды қайырып тастағандай-ақ, алашқа міндетсінетіндер қазақ арасында қай кезде де аз кездеспеген ғой.

«Орда бұзар отыздан» асып, «қырма сақал қырықтың» қырын басып қалған біздің буын даңқты Ілияс Омаровтың алдын көрмей өскені хақ. Сөйтсек, аты аңызға айналған осы бір азамат басшыньщ ерекше ойшылдығы асып-таспас байсалдылық пен абзал адамшылықтан бастау тауып отырыпты-ау. Ілекеңнің бірде алдына келген Қасым Аманжоловқа қамқор пейіл танытып, қалалық кеңес төрағасына телефон шалып:

- Бір аптаның ішінде ақынға үй беретін бол. Сен екеуміз осылардың тілегін орындау үшін уақытша отырған адамдармыз, бұлар мәңгілік қалады! - деуінде әлгі кісілік, кішіліктің алтын діңгегі бар емес пе?!

Ал Өзбекәлі Жәнібектің, канатымен су сепкен қарлығаштай болып, талай жерде Қалдаяқов Шәмшіге көрсеткен көмегі талантты композитор тағдырына ғана қатысты жанашырлық па әлбетте, ел, халық ертеңін толғанумен өмір сүретін елгезектік дейміз де! Ер атану кайраткерлік дегендердің өзі, жүйелеп келгенде, ел жұртын сүю сезімі ерекше күшті, намыс наласы нар ететін Азаматтық Рухтан барып жалғанның жарығына шықпай ма?!

Ендеше, әр төбеде әкімшілдік-әміршілдік әңгір таяғы ойнап тұрған заманда қазақ жастарын орта мектеп бітірген бойда жаппай қойшылыкқа жіберуге қаймықпай қарсы тұруы немесе обком секретарь басымен өлкетану музейі ғимаратының өзі бас боп еденін сырлап, шегесіне дейін қағысуы, ана тілінде өмірі көрінбеген ұрандар жазғызып, қазақша мектептер ашуы немесе:

- Сіздерде қазақша басылымдарға жазылу неге көбейіп кетті? - деп Орталық комитеттен айбар шашқан білдей білім меңгерушісіне: 115 - черн вариант, 149-150 кітап оригинал.
-Бұған, не, жүрегіңіз ауырып тұр ма? — деп ызалы пікірін ашық білдіру Өз ағаң болмыс бітімінің біз айтқан Азаматтық Рухы биіктігін дәлелдей түссе керек. Ал мұндай жайлар оның өмірінде өте мол болған ғой. «Тағдыр тағылымы» да есті ұрпақ төлім-өмірінде өте мол болған ғой.

Ол «Тағдыр тағылымы» атты ғұмырнамалық жадынамасында былай деп жазды: «Мансап - қорлық, тәкаппарлық, менмендік, өзін басқалардан жоғары ұстау менде болған емес... елге қызмет етуден басқаны ойламай, өзім деген кісіге... «өзегімдегіні суырып беруге» даяр тұратыным хақ».

Міне, осы «елге қызмет етуден басқаны ойламау» секілді ірі мінез, іргелі мақсат оны әсіресе мәдениет саласындағы басшы қызметтерде болған тұста басқалардан айрықша даралай көрсетіп, рухани өмірімізде айшықты өрнек тартуға өріс ашқанын жұрттың бәрі біледі. Халықтық мәдени мұрамыздың әртүрлі себептермен құрып бітуте айналған тарихи, сәулеткерлік, көркемдік, тұрмыстық нұсқаларын іздестіру, мемлекеттік есепке алу және қорғау, мүмкіндігінше қалпына келтіру сыңайлас қат-қабат қам-қаракеттер тұрғысында тұңғыш бетбұрыс жасаған қажымас қайратын ел ешқашан ұмытпайды. Бұл ісі Қазақтану ғылым-білімін жолға қою мұрат-мүддесімен ұштасып жатыр.

«Партиялық функционер» бола тұрып, дәстүрлі бес өнердің басын қосқан «Қазақтың қолтума мәдениеті», «Жаңғырық...», «Алтын домбыра жайлы аңыздың ізімен», «Уақыт керуені», «Жолайрықта», «Қазақ киімі» аталатын тарихи-этнографиялық зерделі зерттеу кітаптарын оқырман қауымға ұсынуын қалай ерлікке барабар ізденімпаздық демейсің?!

Елшілдік толғауындай қос томдық «Тағдыр тағылымы» да есті ұрнақ тәлім-тәрбиесіне қомақты үлес қоса беретініне еш күмәнданбаймын. Ауырлығы бір академиктің арқалар жүгінен жарты мысқал да кем түспес соншама еңбек жарияға жар салмай-ақ, даңғаза-дақпыртсыз, ескеру-елеу дөметпестен тындырып кетті-ау!

Жарық дүниедегі тірлік сапары тұйықталар тұста да Өзбекәлі Жәнібек тарих тұңғиығына үңіліп, Әмір Темір Көрегеннің Ахмет Иассауи құтхана мешітіне кепілдік (вакуф) - бұйрығын қазақшалапты. Жазу үстелі үстінде сиясы сорығып үлгермеген бұл тәржімені оқып шығып, мен Моцарт «Жаназасының» рухымен сырласқандай сезімде болғанымды жасыра алмаймын. Әулие мен әлеумет қайраткері арасын алтын көпір іспетті көзге көрінбей жалғастырып тұрған бір жақындық тапқандаймын, «Хақты таптым» деп «Диуани Хикмет» авторы жырлағандай бақилыққа бет түзер шақта Өзағаңның өзгемен емес, Әзірет Сұлтанмен табысуы талай сырдың түйінін тарқатады екен.

Сонау тоғышарлық шақта бірінші рет Түркістандағы Әзірет Сұлтан қорығындағы Ахмет Иассауи сәулет ғимаратын апат қауіпінен құтқарып қана қоймай, бастапқы кейпіне келтіру ісінің басы - қасында Өзбекәлі Жәнібек жүргенін бүгінде екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Тіпті, 1975 жылы осы киелі кесене айналасына жаңа қала салынып, шығыс жағына орналасқан ежелгі шаһарстан тегістеліп, гүлзарлы бақ жасалмақ болғанда: «Әзірет Сұлтан секілді дүниежүзілік мәні бар ескерткіштің ауданында жаңа құрылыс салуға болмайды. Оның астында сан ғасырлық мәдени қатпарлар жатқан жоқ па?!» - жәдігерлікті жанын сала жәбірден қорғап қалған да Өзбекәлі Жәнібек еді. Ол баба мұраның бабын қамдау мәселесіне үнемі оралып соғып отырды».

Енді, міне оның ең соңғы тәржімелік туындысы да «әулиелердің тақуасы һәм бабагөйі Ұлық Әзірет Қожа Ах¬мет Иассауидің», «шындық пен ақиқат Сұлтанының, Аллаға құлшылық етуде мүлтіксіздікке жеткен бейкүнә жандардың Сұлтанының» құрметіне «барша жұрттың Патша ағзамы Әмір Темір Көрегеннің жарлығымен тұрғызылған құтхана-мешітке» (аударма сөздерінен) берілер кепілдіктерге бағышталған болып шықты!

Сірә, Өзағаңды еліміз Тәуелсіздік туын тіккен тәубелі шақта төрткүл дүние мұсылмандары тәу етер бұл құдай Ітағалалық Қара шаңырақ турасында о бастағы вакуфтерді бұлжытпай орындауға оралу жөнінде ой мазалағандай ма, қалай? Бағзы бастауларымызды қалпына келтіру құлшынысы қанат жайып отырған кезеңде ондай ойдың айы оңынан туар күн алыс еместігіне сенемін.

Ерлан Арын, академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Просмотров материала: 2 541

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 406 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 224 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 197 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 139 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 123 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 280 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 105 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 620 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 769 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930