26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖҮРГЕНОВ НАРКОМ БОП ЖҮРГЕНДЕ...

Барлық дәуірде де, қоғамның жаңа қоныс жайлауға кеп байсал тапқан, жайбарақат шағынан гөрі, «Қаратаудың басынан көш келеді...», - дегендей тұстарында «елім» деп еңіреп туған ерлерді халықтық мұрат мүдде мен өмірлік қажеттілік әлсін-әлсін өзі-ақ әлеумет майданына шығарып тұрса керек. Абылай заманындағы тепсініп келген жауға тебінгіден ала балта суырып атойлаған екінің біріндей, егіздің сыңарындай аруақты батырларымыз бен арқалы жорық жырауларымыз соның дәлелі. Ал осы ғасыр басында алаш алдындағы азаматтық, перзенттік парыздарын айқын сезініп, отаршылдық озбырлығы ойсыратуға айналған алты миллион «құл халықты көгертуге» оқу-білім арқылы озық ой-сана ұрығын дарытушы, ақылдың диқаншысы қызметінің қиын да азапты, жанкештілік жолына түскен жақсы-жайсаң шығармашылық зиялыларымыздың шыңға біткен шынардай тұтас шоғыры бой көрсетуі де заманалық құбылыс саналар заңдылық еді.

Ондай кемеңгер дарабоздар кембағал қауымның келешек тағдырына да кемелдену нұрын шашып, ұлттық ұйысу мен жалпыхалықтық жаңғыру ісіне жан-жақты ықпал етіп, адамзат дамуына өшпес із, өлмес өнеге қалдырды.

Сондай құрметке лайық тұлғаның бірі кезінде жақсы мағынасында «темір нар¬ком» атанған Темірбек Жүргенов болатын. Жазда Ырғызды жайлап, қыста Сырда қоныс тепкен бай-бағылан қараның отбасында аттай бір ғасыр бұрын дүниеге келген оның ардақты аты мен алдағы заманаларға да жалғасып кете берер зор қызметіне деген ел сүйіспеншілігін қырық жасында қыршынынан қиған жалақорлық та, өкіметтік тыйым зорлық та жұрт жадынан өшіре алмады. Оны айтасыз, ұлттық өнер мерейі ұлы асуға көтерілген сайын, қазақ мәдениетінің қарқара марғасқалары көз жұмғанша көкейкесті бір сағынышпен: «Жүргенов нарком боп үргенде...», - деп ауыздарынан тастамай өткеніне кәміл сенеміз.

Темкең 1933 жылдың ақпанында Қазақ Республикасы Халық Ағарту Комиссары қызметіне тағайындалып, әрі Өлкелік партия комитеті бюро мүшелігіне сайланған екен. Бұған дейін ілім-білім жинауда біраз ілгерілеп, шын қайраткерлік, ірі мемлекеттік ұйымдастырушы дәрежесінде шыңдалып, түбі бір Түркістан уәлаятына түгел танылып та үлгерген-ді.

Ауыл молдасынан хат тану, Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуұлынан дәріс алу, Аламесектегі бастауыш мектеп, Перовскидегі орыс-қазақ училищесі, Орынбордағы жұмысшы факультеті, Орта Азия университеті - оның ой қазынасын қалыңдатқан оқу ордалары болды.

Жүргенов 1917 жылы Уфадағы жер өлшеу училищесінде студент боп жүр еді, бірақ дүниені дүр сілкіндіре жөнелген дүрбелең оқиғалар иірімі он тоғыздағы отты жігітті өзіне тартып әкетіп, Торғайда советтердің облыстық съезін өткізуге күш салған Төтенше комиссар Әліби Жангелдиннің қасынан, енді бірде Кенжеқара облыстық, сосын Ырғыз уездік ревкомдары мен атқару комитетінің басынан табылғанын көреміз.

Сол тұстарда азаттық үшін арпалыс, саясат майданында сақарып қалған Әбдірахман Әйтиев, Ұзақбай Құлымбетов секілді азаматтармен қатар ұшқан қаздай қанаттаса қарекет қылу пешенесіне бұйырыпты. Көрнекті мемлекет қайраткері, көп жұрттың тілін білген ғұлама ғалым, дипломат, қарымды қаламгер, білікті баспагер әрі ақын-аудармашы Нәзір Төреқұлов редакторлық еткен «Қазақ мұңы» газетінде бірқыдыру уақыт қызмет істегені және бар. Бәлкім, Темкеңнің көсемсөз шебері, халық ауыз әдебиеті мен мәдени-этнографиялық мұраларды жинап, зерттеуші, қазақ тілінің қамқоршысы, тамаша тәржімеші, артына «Меруерт» сынды әдемі көркем әңгімелер де жазып қалдырған қабілетті суреткер боп қалыптасуына мұның игі әсері болды десек, қателеспеспіз.

Т. Жүргенов жаңа қызмет жауапкершілігін орындауға кіріскен шақта бүкіл білім, ағарту салалары, мәдениет пен өнер істері түгел қараған Норкомпростағы жағдай мәз еместі. Ахуал өте күрделі еді. Өйткені, революция құйыны ауылға соқпан, жанына зу етіп өте шығыпты деген желеумен, «Кіші Октябр төңкерісін» бастап жіберген голощекиндік саясат халық шаруашылығын өбден тұралатып, Қазақ елін екінші «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратқаны мәлім, қос өкімет тұсында ақтардың да, қызылдардың да қылышымен қосарлана шабылып, аузындағы ырзығынан қағылып, аламан ат тұяғының астынан арып шыққан көшпенділерге солақай басшылық пен содыр, шолақ белсенділер жүргізген жаппай отырықшыландыру байларды төркілеу, күштеп ұжымдасгыру, «ұлтшылдарды әшкерелеу», «тап дұшпандарын табу» науқандары келіп килікті.

Осы асыра сілтеу зардаптары натижесінде туындаған ашаршылық кезінде екі миллионнан астам қазақ қырылды… Ал жиырмасыншы жылдардың аяғында-ақ басталған репрессия ұлт зиялыларының алдыңғы толқынын сыпырып әкеткен-ді. Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Сәдуақасов, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатовтар жалған жаламен атылып кетсе, Халел Досмұхамедұлы Воронеж қаласында айдауда, алаш қауымы аузына қараған көсем, Қазақ Республикасының тұңғыш Халық Ағарту Комиссары Ахмет Байтурсынұлы алыстағы Архангельскіде ағаш ағызып жүр еді… Тіпті Ташкентте студент, Тәжікстанда Қаржы Коммиссары боп, араға он жыл салып Қазақстанға оралған Темірбектің әкесінің өзі де 1928 жылы жетпіс жасында ірі бай ретінде көмпескелеиіп, байырғы ата қоңысынан Қарқаралы уезіне жер аударылған-ды.

Міне, Мирзоян бастаған партиялық жаңа басшылық пен нарком Жүргеновтердің алдында асыра сілтеудің ауыр зардабын жойып қана қоймай, езілген халықтың еңсесін көтеріп, Қазақ елін тез қарқынмен гүлдендіру міндеті тұрды, Ал бұл тіпті де оңай шаруа емес-ті.

22 жасында большевиктер қатарына өтіп, Қазақ жөне Түркістан республикалары Орталық Атқару Комитеттерінің мүшесі ретінде һәм Орта Азия мемлекеттік университетінің студенті шағынан-ақ, Қазақ АССР-інің Түркістан республикасындағы өкілетті уәкілі, 1926 жылы Ташкентте арнайы орта білімді мұғалімдер даярлайтын халық ағарту институтының орнына ашылған тұңғыш қазақ педагогика институтының бірінші ректоры ретінде, сол кездегі қайнаған қат-қабат саяси-мәдени өмірдің бел ортасында жүрген Жүргенов үшін өз елінде болған өзек өртер өкінішті жағдайлар мағлұм еді.

Аяулы азамат талай түндер алаш тағдырына алаңдаумен күйзелген де шығар-ау! Қаршадайынан- ақ, «Қазақ мұңы», кейін «Еңбекші қазақ» газетінде елшілдік сөзін сөйлеуден танбаған ер жүрек азамат сонау 1924 жылы: «Жеті тұтас, ел аралас қазақ халқының үш мемлекетте жүруі, әркім өз ана тілінде түрі ұлттық, мазмұны соцалистік даму жолын орнатамыз деп жатқанда, мұндай жағдай жөн болмас», - деп толғаныпты. Осы пікірін өрбіте келе: «1917 жылғы санаққа қарағанда, 1920 жылғы санақта қазақ халқының саны көп төмендеген. Бұл қалайша?» - деген сауал тастайды.

Қазақ далаларындағы қалалардың салыну тарихына үніліп: «Ол патша өкіметінің отарлау саясатымен қабысып жатыр - деген ой түйіпті (1926 ж.). Сол сарғыш тартқан газет тігінділеріндегі мақалаларын оқып отырып, Темкеңді қалай ұлтжанды ұлы тұлға демейсің! 20-жылдарда жарық көрген «Орга Азия республикаларында тұратын қазақтардың хал-жайы» атты тарихн-этнографиялық очеркі мен «КСРО мен Қазақстаңды әкімшілік және шаруашылық жағынан аудандарға бөлу проблемалары» сьнды диплом жұмысы сыңайында жазған еңбегінен Жүргеновтің зерделі зерттеушілік ғана емес, ат басындай азаматтық жүрегі де соғьп тұрғандай сезіледі. Республикадағы халық ағарту ісінің басшылығына, міне осындай теориялық та, практикалық та мол тәжірибесі бар білікті ұйымдастырушының келуі көп ұзамай кемел жемісін береді де.

Өлкелік партия комитетінің VII пленумында Л.И. Мирзоянның: «Артта қалған өлкеден алдыңғы қатарлы өлкеге айналып келеміз. Біздің комиссар Т.Қ. Жүргенов басшылықты жақсартып, тұралап қалған жұмысты қайтадан жандандырды, ұлттық мәдени құрылысты өркендету штабына айналдырды», - деп ризашылық білдіруі тегін емес-ті. Өйткені Темкеңнің білім жөніндегі ұстанған бағыты «оқу тәрбие үшін керек, тәрбие оқу үшін керек» деген тұжырымдамасына табан тірейтін-ді Біздердің кешегі кеңес кезіңде де, қазіргі уақытта да ауыздан тастамай айтып жүрген «сапалы білім, саналы тәрбие» деген бір-бірінен ешқашан бөлінбес егіз ұғым, бағдарламалық концепция сол принциптен шыққанын білмек парыз. Себебі, Жүргеновтің түсінігінде, «мектеп - адам баласының мәдениетті, сәулетті өмірінің стержені, мектеп жұмысы кең жолға койылған жерде халықтың мәдениеті соғұрлым жоғары болады, сонымен бірге мектеп оқушыларының толық білімді болып шығуына шындап көмектеседі».

Сондықтан, жаңа нар¬ком 20-жылдардың басында Ахмет Байтұрсынұлы құлшына кіріскен. Бірақ сол кездегі саяси ахуал орындауға тосқауыл қойған үш міндетті: мектеп жүйесін кеңейту, оқу кітаптарын молайту және оқытушы кадрлар даярлау ісін жүзеге асыруға белсене кірісіп кетті «Мұғалімдік міндетті дұрыс атқару үшін мұғалімнің ең алдымен өзі білімді болуы керек», - деген пікірі ардақты Ахаң 1913 жылы «Қазақ» газеті арқылы айтқан мұрат-мүддемен үндесіп-ақ тұрған жоқ па?!

Тіпті, сонау «Мектеп керектері» аталатын мақаласында Байтұрсынұлы мектептің үш түрлі тірек-тиянағын алға тартушы еді ғой. Бұдан біз Темкеңнің алдыңғы алып тобындағы Ұлт Ұстаздарынан да ұлағат алып өскенін аңғарамыз. Мүмкін 1934 жылы айдаудан аман-есен Алматыға оралған Ахаң біраз уақыт үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүріп қалғанда, өзі сүйетін ұстаздық-ағартушылық қызметке оралуына Жүргеновтің себебі тиген шығар деген де ой келеді.

Жазушы Жайық Бектұровтың естелігінде: «Үш-төрт кісі Темірбекті өз кабинетінде тұтқынға алды. НКВД адамдары үстелінің суырмасынан чек книжкаларын алды. Темірбектің ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовке «Шаһнаманы» аудартып, ай¬даудан келген Ахмет Байтұрсыновқа қазақ тілі ғылымының тарихын... жаздырып жүргенін білетінбіз. Жаңағы чектерде осы кісілерге ақша берген түбіршіктер бар екен», — деп өз көзімен көрген Рақым Момынов есімді кісінің айтқан әңгімесі жазылған. Ендеше, жоғарыдағы болжамды да жоққа шығаруға болмас. Бір өзінің бойына да, ойына да бүкіл халқымыз сыйып кеткен Ахаң әулие ғой, оның орны бөлек.

Қазақ Республикасы тарихында мәдениет министрі болған Ілияс Омаров пен Өзбекәлі Жәнібектің де есімдерін ерекше ілтипатпен атаймыз. Алайда, бас-аяғы төрт-бес жыл ішінде елдегі ағарту шаруасын өрге шығарып ұлан-ғайыр іс тындырған нарком Жүргеновтей ұйымдастырушы қазақ тарихында сирек. Ол 1933-1937 жылдары бастауыш һәм жеті жылдық және орта мектептердің тұтас жүйесін дүниеге келтіріп, ескі үйлерден жаңа ғимараттарға қоңыс тепкізіп, оқушылар шығару, мұғалім кадрларын даярлау кәсіби шеберлікті арттыру сияқты қам-қарекеттердің бәрін де жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп орындап үлгерді.

Сол бір жылдарда ит байласа тұрғысыз қиян ауылдағы мектеп үйін өз көзіммен көруім керек деп, күректеп көмір жағатын қара пойызбен-ақ жолға шығып бара жатқан Қазақ Республикасы партия ұйымының бюро мүшесін, «темір нарком» Темірбек Жүргеновті жиі жолықтыруға болатын еді дейді куәгерлер. Бір ғана Алматының өзінде жаңадан 18 мектеп ашуы неге тұрады! Оның бұл қызметін қазақ халқы ешқашан ұмытпайды.

Нарком Жүргенов тұсында ұлттық жоғары мектептер қатары да жауыннан кейінгі көктей жамырап өскені белгілі. Ташкенттегі Қазақ педагогика институтын Алматыға көшірген де Жүргенов еді. Темірбек Жүргенов десек - сол кісінің қажыр-қайратымен щаңырақ көтерген қазіргі Әл-Фараби атъшдағы ҚазМҰУ, Тау-кен институты, тағы басқа да ондаған жоғары оқу орындары, орта арнаулы училищелер мен техникумдар. ғылыми-зерттеу орталықтары ойға оралады.

Темірбек Жүргенов десек И. Михайловскийдің 1928 ЖЫЛЫ қазақ тіліне тәржімелеген, отыз жетінші жылға дейін студенттер қолынан түспеген «Саяси экономия» оқулығы еске түсер еді. Темірбек Жүргенов десек - республикада тұңғыш рет мұғалімдер съезін шақырьш, оның үлкен мінберінен «Қазақстанға керегі 7-10 жылдық мектеп жүйесін құру, ал Голощекин қазақ тек хат таныса болды деген болатын. Жоқ бізге үлкен білім ордалары керек!» - деп, жалпақ елге жар салып тұрған орта бойлы, дембелше, жауырынды, қырыққа тола қоймаса да қайратгы шашы бурыл тарта бастаған қаталда алғыр кісі көз алдына келеді.

Ана тілімізге қамқорлығы қандай еді?! «Қазақ тілін жете білудің өзі үлкен мәдениет», - деп қайталаудан жалықпас жарқын жан еді. «Бүкіл дүниежүзілік мәдениетке өз ана тілімізді жақсы білгенде, соны үйренгенде ғана жетуге болады», - деген сөзі бүгін де өте көкейкесті. Белгілі композитор, марқүм Е.Г. Брусиловский «Дүйім дүлдүлдер» атты мемуарлық кітабында мынадай бір тосын жайтты тілге тиек етіпті; «... Жүргенов өз кабинетінде кішігірімдеу мәжіліс шақырды. Шамамен алғанда отыз шақты кісі жиналды, ішінде тек екі адам - қарағандылық Б.Н. Орлов және мен орыс жұртынан едік. Наркомның өзі де, басқа сөйлеушілер де тек қана қазақ тілінде сөйледі.

Борис Николаевич орнынан тұрды да Жүргеновтің қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында әңгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, сөйлеушілерді ол түсінетіндей болуы үшін орысша сөйлеу жөн екенін айтты». Жүргеновтің қара сөздері ұшқындап кетті... Жұрттың бәрі бүкшие түсіп, тым-тырыс бола қалды. «Сіз қайда жүрсіз, өзініз!» — деп қайталап, Жүргенов даусын бұрынғыдан бетер қатайта сөйледі: — Сіз Қазақстанға келдіңіз, егерде мұнда жұмыс істегіңіз келсе, сіз республиканың мемлекеггік тілін білуге міндеттісіз!.. Сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемекшісіз бе?..

Жұрт Жүргеновтен қорқатын. Бірақ оның ұлттық өнерге толассыз сүйіспеншілігі, соның жолында уақыты мен күш-жігерін әрдайым аямайтыны үшін оны сыйлайтын да. Ол аз сөйлейтін. Бірақ қашан болсын нақты, қысқа жөне батыл сөйлейтін.

«Шіркін-ай, ұлт намысы дегенде жанып кетер сондай батылдық бүгінгі қандас шенеуніктердің бойында да болса ғой» деп қиялдайсың. Өкінішке қарай, басқа ұлттың бірлі-жарым өкілі отырса болды, «бәрімізге түсінікті тілде сөйлейін» деп, орысша сайрай жөнелетін дерттен біз әлі де арыла алмай жүрміз-ау. Жүргеновтің жоғарыда Брусиловский еске алып кеткен мәрттігі де — үлкен тағылым. Сол Темкең 1935 жылы мәдениет қайраткерлерінің съезінде қазақ тілі орфографиясын дамыту, термин сөздерге мән беру, оны орынды қолданып, пайымды аудару жөнінде де құнды пікірлер айтыпты. Бұл мәселелер күн тәртібіне қазіргі күнде де өткір түрде қойылып отыр.

Темірбек Жүргеновтей отаншыл азамат үшін мектеп ашу да, оқуға қамтылмаған бала болмауын талап ету де, театр, ойын-сауық отауларын, студиялар, ансамбльдер, клуб-кітапханалар жүйесін жасау да жалаң мақсат еместі. Осы қат-қабат шаруа-қарекеттердің бәрі-бәрі, сайып келгенде, елдіктің іргесін бекемдеу мұрат-мүддесімен ұштасып жатқан-ды.

Оның: «Ең алдымен, қазақ халқының Қазақстан болуының өзі — үлкен мәдениет, - деуінде сондай гәп бар. Сөйтіп, мәдениет ісіне тар шеңберде емес, елдік болмыс, егемендік мерей-мәртебе деңгейінде мән бергеніне тәнті боламыз. Бүгінгі Тәуелсіздігімізге тәубе дей отырып, ағалар аманатын жаңа ғасырға жалғастырушы біздер де Жүргеновтің бұл қағидасын анттай қабылдап, төбемізге ту етіп көтереміз.

Иә, шынында, отаршылдықтың үш ғасырға созылған қысталаңдарында құрып кетпей, қазақ халқының Егеменді Қазақстан Республикасы болу бақытына қол жеткізуінің өзі - үлкен мәдениет екенінде күмән жоқ! Ал оның алғашқы алтын қазығын қаққан Темкеңдердің теңдессіз де тегеурінді қайрат-жігеріне қалай мақтансаң та жарасады.

- Бізге көп нәрсені істеу қажет. Мәдениет, өнер, оқу-ағарту саласында қаймағы ашылмаған ұлы істер күтіп тұр. Күн-түн демей, мәдениетті арттырудың қамын жеу керек, - дейді екен Темкең. Бұл міндет-парызды жүзеге асырудың да барша ауыртпашылығын көтеруді өзінен бастаған өнегесін замандастары естеліктерінде соншалықты бір ыстық сезіммен өрнектеп кетіпті.

Қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптары оркестрі, Абай атындағы опера және балет театры, ұлттық филармониямыз, бір сөзбен, он сан өнер ордалары біздің халық арасынан жарқылдап шыққан алғашқы кәсіби домбырашы, әртіс, режиссер, сахна жұлдыздарымыз, әнші-биші бетке ұстарларымыз түгелдей дерлік Жүргенов түлеткен талаптар тобынан еді. Ахмет Жұбанов, Жұмат Шанин, Құрманбек Жандарбеков, Дина Нұрпейісова, Қанабек Байсейітов, Серке Қожамқұлов, сандуғаштай сайраған Күләш, мың бұралған биші Шара... тіпті, санап тауысу мүмкін емес.

Сол сом алтындардың бәрі 1934 жылы өткен Бүкіл қазақстандық өнерпаздар сілетінде әйгіленіп еді ғой. Ұзынағаштағы ауылында жатқан Жамбыл бабамызды да Әбділда Төжібаевті әдейі жіберіп Алматыға алдырып, ақындық талантын алғаш әйгілеген кім еді? Қазақ драмасына қамқоршы боп, оның жұмысына Мұхтар, Сәбит, Ғабиттерді тартып, ұлттық музыкалық театр сахнасының шымылдығын Әуезовтің «Айман-Шолпанымен» ашуға қажымас қайрат жұмсаған ұйымдастырушы кім еді? Әрине нарком Темірбек Жүргенов-тін. Құрманбек Жандарбеков айтқандай, «Біз оны қазақ театрының атасы ретінде білеміз. Біз оны қазақ өнері мен әдебиетінің білімдары ретінде білеміз. Біз оны қазақ оқу-ағарту ісінің талмас жанашыры ретінде білеміз». Бұған атақты шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуұлына Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақшаға аудартқанын қосыңыз...

Осылардың бәрін былай қойғанның өзінде, 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің тұңғыш он – күндігін табысты өткізіп, сол кездегі бүкіл Одақты тамсандыра, таңданта, музыкалық, фольклорлық мәдениетіміздің мерейін үстем етіп оралған орасан зор еңбегімен-ақ ол ұлт тарихында өзіне ешқашан ұмытылмас, мәңгілік ескерткіш орнатып кеткені ақиқат. Тоталитаризм балтасы талайдың басын жалаңдап шауып тұрған тар кезеңнің тайғақ кешулі қысым-қыспағында жүріп-ақ ұйымдастырғыш ұлы қабілет-жігерімен бір өзі соншама өнерлі де мәдени Өрлеу дөуірін туғыза білген Жүргеновті енді нағыз ержүрек еді демегенде, не дейміз!

Сөзімізді Мұхтар Әуезовтің толғанысымен түйіндейік; «Ер — ел тарихының белі дейміз. Өзі өткен соң, кейінгі ұрпақ қадірін біліп, қасиетін таныған сайын тағы танылады... Бір кезде бел көрінсе, келер ұрпақ тарихына: өз тұсында көрсетіп кеткен көмегімен, тастап кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен белгісімен енді бел ғана емес, биік тұрғы боп, асқар тау боп көрінеді... Бұлар - анық қадірімен қымбаттылар, Өздері некен-саяқ, бірақ бірдесең, бағыланың дерсің. Кейінгі тарихтың әрбір жаңа кезеңі, әрбір жаңа күні солай етпесе де, күндердің ішінде бір күндері, «дәуірлер ішінде бір дәуірі келеді де, асылымыз атын алып, асыл дегізіп, биікке бір-ақ шырқатып, мәңгілікке бір-ақ орнатады».

Осыдан 60 жыл бұрын «халық жауы» деген жалған жаламен қырыққа тола сала қыршын кеткен Темірбек Жүргенов те, сол Мұхаң меңзеген «дәуірлер ішінде бір дәуірі боп келіп», асыл азамат деген атын алып, жүзге толған шағында биікке бір-ақ шырқап отыр. Соған тәубе дейміз!

Ерлан Арын, академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Просмотров материала: 4 126

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 381 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 201 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 172 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 116 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 100 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 876 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 096 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 613 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 761 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930