20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЛЫСТАҒЫ АУЫЛЫМ

Дүниенің есігін ашқан әрбір адам, жарық әлемді сезініп, анасының ыстық құшағында жатып адамдықтың құдіретін ең алғашқы сәттен-ақ сезіне біледі. Ұлы жаратушының шеберлігі сол, кіндік қаның тамған жерде, өзіңнің өмір бойы ұмытпас, жаныңды жадыратып, ой-санаңды жаулап алатын туған жеріңнің қасиетінің ерекшелігі. Осы сезімнің күші болса керек, мен де қолыма қалам алдым.

Туған жер туралы қаншама әндер, жыр менен қиссалар, әңгімелер, романдар жазылса да, «әу демейтін қазақ жоқ» - демекші, әр адамзаттың жүрек бұрышына сақталған сағынышты сезімнің ұштығы лапылдары анық.

Менің туған жерім жазы ыстық, қысы жайлы, көктемі көркем, күзі берекелі Мақтаарал өңірі. Бұл жердің берекесі мен мерекесі шексіз десем де болады. Жаздың аптабы қандай болса, адамдардың бір-біріне деген пейілі де сондай. Қысы қандай ыңғайлы болса, тұрмысқа қажеттінің бәрі де қол астыңда, көркемдігі кісілердің мінезінде, берекелігі қарттарымыздың даналығы мен қазыналығында.

Ауылда тұрған кезімізді өзім ең қызықты да, ең жарқын кез деп еске алам. Ауылдың алыстан тартып, туған жердің өзіне шақыруы – алысқа кеткен баласын аңсаған ананы есіме салады.

Біздің «Жеңіс» ауылы берекелі Мақтааралдың Өзбекстанмен шекарасында орналасқан кішкентай ғана ауыл болатын. Бала кезімде есімде қалғаны ауыл малдарының шекара асып кетіп, соны иелерінің әрең шығарып жататыны, кейде ол малдары ұшты-күйлі жоқ болып та кететін.

Сонда иелері шыр-пыр болып, баққанды кінәлап, кейде өзара айтысып та жататын кездері болатын. Біздің көшеде ол кезде кезекпен мал бағатын, сиыр кезек, қой кезек деп үйді-үйге бөліп алатынбыз. Ал түйе жарықтықты бағу өте қиын. Ол жануар ауыл-ауылды аралап, көрші отырған «Жантақсай» мен «Жаңатас» ауылдарын шарлап жүретін. Ең қызығы балалар бір-бірінің түйесін жақсы ажырататын да, айта қоятын сенің түйең ана жерде, не мына ауылда көрдім деп.

Сары топырағын кешіп, самаладай кештерінде атша шауып, қамсыз өткізген балалығымыз әркезде қол бұлғап, өзіне шақырып қояды. Сондай кезде ауылға барып, бала күнгі достарыммен кездесіп, аунап-қунап қайтқым келеді.

1986 жылдары қой шаруашылығымен белгілі болған Жеңіс совхозына ауысып келген, атам Есенгелді Сейдақов бас маман-бас мал дәрігері болып қызмет атқарған. Сол кезде де совхоз шаруашылығын өрлетіп, тек жоғары көрсеткіштері үшін алған мақтау қағаздары мен марапаттары үйде сақтаулы. Бұл біз, немерелері үшін үлкен сабақ, зор тәрбие деуге болады. Мен де атама ұқсап, әділдік пен адамгершілікке, шындық пен имандылыққа бас игім келеді. өмірлік ұстанымыма айналдырғым келеді.

Сонау 1990 жылдың қиын-қыстау кездері ауылымыз қатты қиыншылық көріпті. Апам Жұпаркүлдің айтуынша сусыз, жарықсыз, жылусыз қалған ауыл қатты қиналған. Сол кезде марқұм атам ауыз суды, жарықты қалпына келтіруге көп күш салыпты. Ауыл азаматтарын жұмылдырып, барынша халықтың жағдайын жасаған екен. Ол кезде кішкене ғана баламыз ғой. Кейін ауыл адамдары атама деген алғысы мен ризашылығын білдіріп, істеген тірліктерін айтқан кездегі мақтаныш сезімімді айтып жеткізе алар емеспін.

Қиналғанда ауылдың ағаштарын да көптеп жарып, үйді жылыту үшін отқа жағып жіберген кездер де болған екен. Ауылдың сым өткізгіштері мен желі сымдарын ұрлап, сатып, күнкөріске жаратқандардың да болғаны белгілі. Бір күнгі азықты табу үшін ауылдың адамдары жан-жаққа тарап, тұрымтай тұсымен, балапан басымен кеткендері де болды. Сол кезде құж-құж қайнап жатқан ауыл тынысы біраз саябырлаған еді....

Ия, содан бері де қаншама уақыт өтті. Тәуелсіздіктің таңы қоңырқай ауылды арайлы нұрға бөлеп, өркендете түсті. Ауылда жер өңделіп, түрлі дақылдар егіліп, еліміздің түкпір-түкпіріне жіберіліп жатады. Тойы мен мерекесі көбейіп, ауылдың берекесі де кіре бастады.

Мектеп оқушылары да аудандық, облыстық сайыстарда жүлделі орындарда. Балабақшалар балаға толы. Бұл да ауылдың өркендей бастауы болса керек.

Дегенмен де, Тәуелсіздіктің дәмін татқанына 25 жыл толған ауылдың сұранысы да, халықтың қажеттілігі де жоғарылап келеді. Сондықтан да болашақта Жеңіс ауылы көптеген жетістіктерімен белгілі болып, еліміздің алдыңғы қатарлы ауылдарының шебінде болары анық. Кіндік қаным тамған ауылымның келешегі кемел, халқы шат, жері құт боларына сенімім шексіз. Өзім қазір ата-анамның жұмысына байланысты Алматы қаласында оқып жатырмын. Болашақта білімімді жетілдіріп, туған жеріме саямды түсіріп, қолымнан келгенше халқым мен жерімнің жағдайын жөндегім келеді. Балаң жүрегімде арман көп, қиялым шексіз.

Балалығым өткен ауыл ыстық едің,
Өзіңе ғана әрдайым ынтық едім,
Көк аспаның мөлдіреген ашық қандай,
Перзенті анасына асыққандай!

Әрине қаншама ақын-жазушылар жырлап өткендей, туған жерге деген ыстық ықласымды, сағынышым мен перзенттік махаббатымды жеткізе алар емеспін. Барша адамның өз елі мен жеріне деген сезімі оларды тек қана жақсылық пен игі істерге жетелейді деп сенемін.

Себебі бүгінгі таңда көптеген жан түршігерлік оқиғалардың орын алуы, өз баласын тастап қашқан көкек-аналардың көбеюі, ата-анасына қол көтерген ұл-қыздар мен бір-бірін өлтіруге дейін баратын жастарымыздың жүрегінде махаббаттың ұштығының барлығына сенімсізбін. Сүюді білетін, сүйе алатын адамдар опасыздық пен сатқындыққа, арсыздық пен зұлымдыққа бармас еді деп ойлаймын.

Менің осы жазбам арқылы барша қазақ жастарын тек қана алға жылжып, еліміз бен жеріміз үшін тер төгуге, отанымыздың абыройын асқақтатуға шақырып, тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуге шақырғым келеді. Мүмкін мен сияқты жалғыз шырылдағанның дауысы әлсіздеу шығар, дегенмен осы үнім бірді-екілі жанның жүрек пернесін басып, қаншама азаматтың көкірегіне кішкене болса да жарық сәуле түсірер деген ойдамын.

«Біз жанбасақ лапылдап, ....аспан қалай ашылмақ» - демекші, барша жастарды, асыл жеріміз бен дана елімізді сүюге, әрбір шаршысын сақтап, аялауға шақырамын.

Есенгелді Бекнұр Дәуренұлы
Алматы қаласы №36 Б.Атыханұлы атындағы мектептің 11Ә сынып оқушысы


«Туған өлкем» жарияланымдар байқауына!





Просмотров материала: 2 897

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 709 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 532 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 500 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 435 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 418 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 741 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 295 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 445 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930