28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Миграция мен қазақ көші

10 ноябрь 2016, 11:57
Миграция мен қазақ көші Кеше бір орыстілді əріптесіммен сөзге келіп қалған едім. Оның пікірі үйреншікті: орыстілділердің елден кетуі үлкен проблема болып табылады. Себебі мемлекет есебінен білім алған мамандар басқа елдің экономикасына кетіп, пайданы соған түсіреді. Олардың орнын толтырып жатқан шеттен қайтқан қазақ ағайындардың экономикаға үлесі төмен деп дəлелдегендей болды маған.

Мен басқаша уəж айттым.

Мысалы, қаладан зауыттағы орыс инженер кетті делік. Кезінде мемлекет есебінен білім алды, кəсіпорында істеп тəжірибе жинады. Қазір осыған ұқсас кез-келген ресейлік кəсіпорынға дайын маман. Бұның кетуі сөзсіз экономикалық шығын. Бірақ дəл бүгінгі күнге қатысты экономикалық шығын.
Ал есесіне, сол ауылға не қалаға жас қазақ отбасы келді делік. Кеткен мамандай білігі мен тəжірибесі жоқ делік. Əрине бірден əлгінің орнын толтыра алмайды. Бірақ...

Ұзақ мерзімді даму, пайда тұрғысынан жас отбасының экономикаға үлесі басым бола бермек. Мысалы, жаңағы орыс инженер ертең зейнетке шығады. Кемпірі екеуін бағып-қағатын жаңағы жас отбасы болмақ. Себебі өзінің екі баласы баяғыда Ресейге кетіп қалған. Түсірген экономикалық пайдасын зейнетақы, аурухана арқылы сорып алады. Кемі 10-20 жыл таза салмақ түсіреді.

Жас қазақ баласы дұрыс бағыт алса, жай-күйі, мотивациясы болса оқуын жалғастырады, тəжірибе жинақтайды. Бұл бірінші кезеңде тағы да шығын. Бірақ, түбі қайтатын шығын.

Ертең бұл қазақ кəсіпорындағы қызметке келеді. Жаңағы орыс маманның орнын басады. Жақсы болсын, жаман болсын, үйренеді, маманданады. Осы кезден бастап экономикалық тиімділік басталады.

Есесіне.
1. Бұл қазақ шетке қарайлай бермейді. Елінде қалады. Яғни оған құйылған біліми ғылыми инвестициядан келетін пайда елде қалмақ.
2. Ұзақ уақыт бойы бұл қазақ зейнет пен əлеуметтік салаға салмақ салмайды. Тапқан нəпақасын көрші елге емес, өз еліне салады.
3. Жас болған соң бұл қазақ бала табады. Бүгінде халықтың қартаюы үлкен экономикалық проблема болып отыр. Егер қазақтар жас ұлт болмағанда ел үкіметі əрбір келген қытайлықтың көтенін сүюге мəжбүр болар еді! Халықтың жас болғаны, санының тұрақты артуы - бас ауру емес. Керісінше, экономикалық мүмкіндік!

Рас, жас отбасыға жағдай керек. Балабақша, мектеп, баспана, несие. Бірақ бұл да еңбек орындары! Бұл да салықтар! Кəрі отбасыға тек аурухана, ғибадатхана мен зиратстан ғана керек болады. Қайсысы үміт беретін экономика сонда?

Мысалы, 2050 жылға дейін ОҚО халқы 5 миллионға жетеді. Есесіне Ресеймен шекаралас облыстардың халқы жыл сайын теріс өсім көрсетіп жатыр. Ол жақтың орысы түгілі қазағы қазақ көшіне дұрыс көзбен қарамайды. Ал ол жақтағы халық санының кемуі барша облыстың экономикасын құлдыратып жатқанын дұрыс ұқпайды. Жалпы сұраныс пен тұтыну құлап жатқан облыста экономикалық өсімнің болмайтынын өздері де ұғына бермейді. Бүгінімен ғана, бүгінгі комфортымен ғана ғұмыр кешуге құмар.

Қысқасы қазақ көшінің мəселесін экономикалық тұрғыдан, ұзақ мерзімді экономикалық стратегия тұрғысынан да зерттеу керек. Оның сыртқы жəне ішкі өлшемін де зерттеу керек. Осы бойынша кез-келген қарсыласты пайыммен, санмен, сапамен сындыра білуіміз керек.

Айдос Сарым, саясаттанушы
Просмотров материала: 1 832

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 506 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 345 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 333 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 271 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 226 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 616 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 273 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 425 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031