29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұстаздарды күштеп газетке жазылуды тоқтату керек

10 ноябрь 2016, 10:41
Ұстаздарды күштеп газетке жазылуды тоқтату керек Мектепте ата-анадан ақша жинайды деп сын айтамыз. Ол әрине орынды. Бірақ мүғалімдердің дәл сондай құқығы бұзылып жатқанда қоғам үндемей қалғаны дұрыс емес. Өзгеріс жасайтын уақыт келді.

Мұғалімдермен барлық өңірлерде кездесу кезінде ең көп еститін сұрағым: мектептерде баспасөзге ерікті-еріксіз жаздыру қашан тоқтайды? Əрине бұл сұрақтың жауабы қиын жəне терең зерттеп білуді қажет етеді. Себебі, Білім министрлігі бұған қатысы жоқ, ал баспасөз басшылары ондай бұйрық беруге құзіретті емес. Онсызда айлығы көп емес мұғалімнен жазылу кезінде əрқайсысынан 10 мың теңгеден жоғары суммаға амал жоқ жаздырады. Жазылмайын десе директор ұрсады. Ал директорға ұрсатын кім? Әрине бұл соңғы кезде пайда болмаған үрдіс. Бұрыннан бар. Бірақ заман өзгерді, заң өзгерді. Үш тілдік, электронды оқыту, жаңа мазмұн, белсенді ата-аналар, талабы мол оқушылармен жқмыс жасау ....

Ұстаздардың жауапкершіліктері артып, оларға қойылатын талап күшейсе де жалақысы өскен жоқ. Ал сол онсыз да ал мөлшердегі ақшаға қоғамның қол сұққаны қаншалықты дұрыс? Жеме жемге келгенде бұл заңсыз әрекет. Газет шығарып тарату - тек ақша емес бұл идеология құралы деп айтамыз. Бірақ сол идеология тек ұстаздардың арасында жүргізү керек пе? Қанша кездестім сол муғалімнен артық мемлекеттің саясатын қолдаушыларды көп көрмедім.
Қалғандар алдымен соларға жетіп алсын.

Ал дәл сол ұстаздарға ақпарат тарату қажет болса мектептің кітапханасына бір екі данасы бар. Кезекпен оқуды ұйымдастырайық. Үнемдеген ақшасына балаларына тамақ алсын. Қоғамға ұстаздар газет оқығаны керек болса бюджет арқылы тегін таратайық.

Тағы да бір ескеретін жағдай - бұрынға қарағанда казір интернет бар емес пе. Барлық ұстаздарда үйінде ғаламторға қосылған компьютер бар деп ойлаймын, онсыз сабаққа дайындалу қиындау. Оған ай сайын ақша төлейді, сол жерде қажетті ақпаратты тауып алады. Газеттердің сайты бар. Қосымша ақшаға сатып алу қажеттігі жоқ?

Газет шықаннан кейін ауылға 3-4 куннен кейін жиналып бір ақкеледі. Ол кезде бүкіл жаңалық ескеріп кетеді. Теледидардан, интернеттен барлығы танысып қояды. Сонда не үшін ақшасын төлейді? Көп ұстаздардың үйлерінде баспаханадан қалай шықты, сол күйінше, ашылмай , оқылмай "пачкасімен" тау болып жатқан газеттерді көремін. Әрине босқа қалмайды - тіршілігіне әйтеуір жаратады.

Ал менің ойымша газет казір тек идеология, саясат құралы емес - бұл ақпараттық бизнестің бір түрі. Жазылу науқаны бәсекелестіктің көрсеткіші. Мықты газеттерді іздеп жүріп алады. Ал егер өнім сапасыз болса - алғысы келмейді. Онда "алсаңда аласың, алмасаңда аласың" деп мәжбүрлегенше, газеттердің сапасын дұрыстауға әрекет жасайық. Ең мықты журналистерді тартып, ең қызықты пайдалы мақалалар жаздырайық. Педагогтардың жақсы жаманды таңдауға білімі жетеді. Өздері қызығып алып оқиды.

Ал бизнестің біреуіне газет сатуына көмектесіп біреуне көмектеспеу - бұл сыбайластық жемқорлықтың белгісі. Бір де бір мүғалім прокуратураға арыз жазса жауапкершілігі ауыр. Оны да ойлану керек. "Иделогияны қолдаймын" деп жүріп мемлекеттің сыбайластық жемқорлықты болдырмау, азаматтардың құқығын қорғау идеологиясына қарсы әрекет болып табылмасын.

Бұл мəселеде қалалық жəне ауылдық жерде жазылу өзгешелігі бар. Яғни, қала мұғалімі жазылуда еркіндеу. көбісі қалаған баспасөзіне өзі жазылады. Ал ауылда еріксіз жаздыру көбірек. Осы мəселені зерттеп бүкіл қоғам болып мұғалімдерімізге көмектесетін бір нақты шешімін табатын уақыты келді.
Бас прокуратура, жергілікті әкәмшілік , қоғамдық ұйымдар осы мәселе бойынша тез арада шара қабылдау керек.

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері
Просмотров материала: 34 540

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 577 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 417 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 405 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 342 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 296 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 108 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 626 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 223 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 282 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 436 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031