29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысы әкімі Амандық Батталов халық алдында есеп берді

Алматы облысы әкімі Амандық Батталов халық алдында есеп берді Бүгін І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесу өтті. Алқалы жиынға облыстың жергілікті басқару қызметтерінің өкілдері, облыс тұрғындары мен ардагерлер, аймақтық кәсіпкерлер қатысты. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова арнайы келіп, өңірдің тыныс-тіршілігі жайындағы есебімен танысты. Жиын соңынан министр Ардагерлер үйінде облыс ардагерлерімен кездесіп, Елбасы бастамасымен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан істерден хабардар етті.

Облыс әкімі А. Батталов өткен 2014 жылды түйіндеп, облыс көлемінде атқарылған бір жылдық жұмыстың есебімен таныстырды: «2014 жыл Жетісу халқы үшін табысы мол, толайым жыл болды. Экономика өнімді, шаруашылық сенімді дамыды.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен бір жыл ішінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ойдағыдай орындалды» деп бастады өз сөзін.

Есеп беру жиынында облыс әкімі Алматы облысының өткен жылғы ұмтытыстары мен ұтылыстарын, бары мен жоғын бүтіндеп, аймақ тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Аймақ басшысының жылдық есебі Алматы облысының әр саладағы жетістіктерін сөз етуден басталды. Мәселен, өңірдегі өнеркәсіп саласындағы өсім 1,9% , ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,4%-ке артқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі 202 млрд. теңгеге жетті, 453 млрд. тенге инвестиция тартылып, мемлекеттік бюджетке 289 млрд. теңге түсті. 20 мың 700 жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін төмендеді (2013г. – 4,9%) Сонымен, қатар бұл көрсеткіштердің әлі де жақсаратынын, аймақты дамыту жолында табанды еңбек етіп жатқандарын да айтып өтті.

Алматы облысы – аграрлық аймақ. Облыс табысының басым бөлігін аграрлық сала құрайды. Сондықтан, жанға да, малға да жайлы Жетісу өңіріндегі аграрлық саланың бүгінгі хал-ахуалы мен ертеңгі дамуы да күн тәртібіндегі мәселе. Бұл туралы облыс басшыс мал шаруашылығының кемшін тұстары тілге тиек етілді. «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасының өткен жылғы жоспары орындалмады, 100 тонна еттің орнына небәрі 20 тонна ғана өндірілді. Құрылған бордақылау алаңдары қарабайыр, өз қуаттылығынан әлдеқайда төмен (70%) және барлық аудандарда мал басы жеткілікті болғанымен, кей жерлерде алаңдар мүлдем жоқ. «Мал баққанға бітеді» демекші, облыстың мал өсірушілері осы бағыттағы жұмыстарды тиянақтылап, қуаттылығы 1,5 мың бастан асатын заманға сай мал бордақылау алаңдарын, ірі репродуктор-шаруашылықтар құруға талпынулары тиіс», -деп облыс кәсіпкерлері мен шаруа қожалық иелеріне мал шаруашылығын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, жүгері, қант қызылшасы мен апорт өсіруге көңіл бөлу керектігін де тілге тиек етті.
Алматы облысы әкімі Амандық Батталов халық алдында есеп берді



















Әкім есебіне орай ұйымдастырылған көрме

Биыл «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ауылшаруашылығына берілетін мемлекеттік көмектің көлемін 21 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделуде. Бұл қаржы аймақтың агросаласында дамытуға мемлекет тарапынан жасалған үлкен мүмкіндік екені айқын. Тек орынды игерілсе болғаны.


Өңірде күн тәртібінде тұрған түйткілді мәселе де көп. Халықтық әлеуметтік ахуалы айтарлықтай мәз емес. Аймақтар ауыз сумен толық қамтамасыз етілмеген. Мәселен, Алматы облысы бойынша 197 елді-мекенде тұщу суға зәру болып отыр. Алайда, әкім өз сөзінде халықтың әлеуметтік жағдайын барынша жақсартуға күш салып жатқандарын және ауыз сумен қамтамасыз етілетін де айтып өтті. Ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес, 36 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Ал, 500 –ден астам тұрғыны бар 61 ауылда субұрғылары жөнделіп, су жүйесі ретке келтірілетін болады.

Алматы өңірін көркейтудің тағы бір жолы – туризмді дамыту. Осы орайда, Алакөл жағалауында 500 орындық «AQUAMARINE resort» демалыс орны ашылу жоспарлануда. Ал, аймақтағы жолдар да күрделі жөндеуден өткізілуі де маңызды мәселе. Үшарал – Достық тас жолының құрылысы биыл бітсе, «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Өскемен» тас жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалауларында демалыс аймақтарының Бас жоспары әзірленді. Туристердің қиындықсыз қатынауы үшін «Үшарал» әскери аэродромын пайдалану және «Алматы-Достық» бағыты бойынша жаңа үлгідегі жүрдек поезд жүргізу қолға алынбақ.
Алматы облысы әкімі Амандық Батталов халық алдында есеп берді



















«Лесная сказка» демалыс орнының жобасы

Кездесу барысында тек өткен жылдың мәселесі ғана емес, болашақтың да жоспарлары талқыланды. «Үстіміздегі жылы осы қарқынды сақтай отырып, экономиканың өсімін 2,5%-ке қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз» деген сенімін жеткізді облыс әкімі. Сұрақтар қойылып, жазбаша өтініштер мен ұсыныстар табысталды. Кездесуде ауылшаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, жер мәселесі, инвесторлар тарту, жол жөндеу, тұрғын үй мәселесі, апатты мектептер, субсидиялардың берілуі мен жеке қабылдау мәселелеріне қатысты жазбаша және ауызша түрде барлығы 50-ден астам сұрақ түсті. Облыс әкімі А.Батталов барлық мәселе шешімін табатынын қадап айтты.
Алматы облысы әкімі Амандық Батталов халық алдында есеп берді



















2015 жылы Қоянқұс ауданында алғашқы G-4 спутник қаласының тұрғын үй құрылыстары бой көтеретін болады

IMG_6927Еліміздің спорт саласының ардагері Жақсылық Үшкемпіров осы жиынға тек спортшы ғана емес, аймақтың белгілі кәсіпкері ретінде қатысты. «Мен олимпиада немесе әлем чемпиоан болсам да, қазақ азаматы ретінде қазір Балқаш және Жамбыл аудандарында еңбек етіп жатырмын. Әсіресе, ауыл шаруашылығын көтеруге атсалысудамын. Қазір шаруашылығымда 5 мыңдай ірі қара және 2 мыңдай жылқы бар. Ет экспорттау мәселесі де шешімін табуда, ауылда жастарға арналған спорт кешендері салынды. Сонымен қатар, жақында Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылында 100 орындық балабақша аштым. Мұның бәрі болашақтың қамы. Менің ойымша, әрбір ауылда бас көтерер бір азамат болса, ауылдың жағдайы көтерілер еді»
Алматы облысы әкімі Амандық Батталов халық алдында есеп берді



















Жақсылық Үшкемпіров, Халықаралық спорт шебері


Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы Жайсан Ахметов пен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Тұрлашев әкім жұмысына оң баға берді.

Ал, есеп беру жиынынан соң ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қаладаға Ардагерлер үйіне барды.Облыстық ардагерлер ұйымының тарапынан атқарылған жұмыс барысымен қаныққан Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының халықтың алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік саланың бюджетін қысқартпау туралы Үкіметке берген тапсырмасын айта келіп, алдағы уақытта әлеуметтік сала бүйірінің тоқ болатынын ескертті. Сондықтан, зейнетақы, жәрдемақы, тағы басқа да әлеуметтік жеңілдіктердің, Отан соғысы ардагерлеріне жасалатын көмек арнасының қысқармайтынын жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік саланы дамытудың бағыт-бағдары, зейнеткерлердің мүддесін қамтамасыз етудегі жаңалықтар мен жеңілдіктер туралы да толыққанды түсіндіріп, көпшіліктен түскен сұрақтарға жауап берді.

Жания Әбдібек,

Алматы-Талдықорған
Просмотров материала: 2 202

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 545 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 384 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 372 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 310 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 265 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031