20 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу мәселесі талқыланды

08 июль 2022, 15:23
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу мәселесі талқыланды
Елордада бейнеконференция форматында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары болды.

Отырысты ашқан Ұлттық комиссияның төрайымы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бүгінгі күні қоғамымыздың ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болып отырғанын атап өтті. Бұл өз кезегінде алдын алу шаралары кешенін қалыптастырудың жаңа тәсілдерін іздеуді, сондай-ақ уәкілетті органдардың балалар суицидінің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарындағы проблемалық аймақтарды анықтауды және шешуді талап етеді.

Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында алғаш рет Баланы қудалаудың (буллингтің) алдын алу қағидалары әзірленіп, Интернет желісіндегі заңсыз контентке қарсы іс-қимыл жөніндегі нормалар енгізілгені атап өтілді. Балалар амандығының индексі қабылданды, ол балалардың құқықтары мен мүдделеріне, оның ішінде психологиялық саулығына жүйелі мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Бас прокурордың орынбасары Ж.Өмірәлиев өз баяндамасында кәмелетке толмағандардың суицидтері жөніндегі істерді тергеуді қадағалау күшейтілгенін атап өтті. Бұл 2022 жылдың бірінші жарты жылында өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының (38,1%-ға) және олардың әрекеттерінің (5,7%-ға) төмендеуіне ықпал еткен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында суицид жасау мен оны жасауға әрекеттену жағдайларының 21,5%-ға өскені байқалған.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, суицидтің өсуіне психологтардың, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігі мен дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі ықпал етеді.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және барлық стейкхолдерлердің проблемаларды шешудегі күш-жігерін біріктіруді ұсынды.

Министрлік әлеуметтік желілердің ашық жарияланымдарында депрессияның белгілерін анықтайтын жасанды интеллектіні пайдаланатын пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, - деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Ғ.Бейсембаев.

Отырыс барысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы А.Арыстанов білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністерді ерте анықтау әдістемесін жетілдіруді, сондай-ақ суицидологтардың санын арттыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Ұлттық комиссияның мүшесі, адвокат, құқық қорғаушы, «AU» онлайн-құқықтық мектебінің негізін қалаушы А.Омарова бастауыш сыныптардан балалар үшін «Менің қауіпсіздігім» пәнін, ал ата-аналар мен мұғалімдер үшін арнайы бағдарламалар енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ, спикерлер диагностикалық және психотерапиялық қызметтер көрсететін медициналық кабинеттер желісін кеңейтуді, жергілікті атқарушы органдарға білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың критерийлерін психологтардың тиімді қызметіне әсер ететіндей етіп қайта қарауды ұсынды.

Отырыс соңында Ұлттық комиссия төрайымы А.Балаева мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
Просмотров материала: 982

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 676 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 353 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 857 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 895 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 270 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 627 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 661 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 985 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 661 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 702 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 899 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 822 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 930 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 585 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 458 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 413 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 696 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 443 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 851 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 464 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 510 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 397 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 885 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 243 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 212 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 454 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 846 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 196 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 279 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 216 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 593 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930