23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еліміздің қазба байлығынан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр

01 июль 2022, 11:28
Еліміздің қазба байлығынан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Қазақстанда жер байлығын игеретін компаниялар өзі орналасқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфрақұрылымына жыл сайын белгілі бір мөлшерде қаражат бөлуі керек. Бұл қаражат ашық дереккөздерде жариялана ма? Ал бөлінген қаржы қандай жобалардың дамуына жұмсалады. Azattyq Ruhy тілшісі осы сауалдарға ашық дереккөздердегі мәліметтер арқылы жауап іздеп көрді.

2020 жылы аймақтардағы жер байлығын игеретін компаниялар 17,7 млрд теңге көлемінде әлеуметтік инвестиция төлеген, оның ең көбі – Батыс Қазақстан облысына тиесілі.

Бұл талап «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексте жазылған. Заң бойынша жер байлығын пайдаланушылар қаражатты нақты бір жобаларға тікелей бөледі, болмаса, әртүрлі саладағы жобаларды жүзеге асыру үшін қаражатты жергілікті бюджетке аударады. Дәлірек айтсақ, жер қойнауын игерушілер жыл сайын:

қазақстандық кадрлардың білім алуын қаржыландыруға;
ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық немесе тәжірибе жүргізу жұмыстарына қаржы бөлуге;
аймақтың алдыңғы жылдың есебімен жер қойнауын игеру келісімшартының бір пайызы көлемінде әлеуметтік-экономикалық дамуына, аймақтың инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлуі тиіс.

БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ АШЫҚ ТҮРДЕ ЖАРИЯЛАНА МА?

«Zertteu Research Institute» Қоғамдық қорының мәліметіне сүйенсек, әкімдер де, жер қойнауын игеріп отырған компаниялар да қанша инвестиция бөлгенін, ол қалай игерілгенін ашық дереккөзге жариялай бермейді. Сол сияқты қазба байлықтан көрген пайдасынан инвестиция бөлер кезде, осы екі тарап қоғамның пікірін елемейтіні, яғни ақшаны қайда бөлу керек немесе жұмсауға болады деген мәселе бойынша қоғамдық талқылау өткізіп, аймақ тұрғындарымен ақылдаспайтыны жазылған.

«Жер қойнауы туралы заңға сәйкес, қазба жүргізетін компания өзінің кәсіпорындары орналасқан аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін инвестиция салуға міндетті. 2019-2020 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті бюджеттерге 44 млрд теңге көлемінде инвестиция салған. Инвестиция төлейтін ең ірі компаниялар – «Теңізшевройл» мен NCOC компаниясы ҚР жер қойнауын басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің сайтына өздерінің әлеуметтік-экономикалық жобалары туралы ақпаратты жарияламайды. Өйткені бұл компаниялар қаражатты келісім аясындағы демеушілік көмек ретінде бөледі. Бірақ сол келісімдерінің мәтіні мен мазмұны да қолжетімсіз», - делінген қоғамдық қордың зерттеуінде.

Ал сол бірыңғай мемлекеттік жүйенің сайтындағы мәліметке сүйенсек, осы компаниялардың әлеуметтік инвестициясы әлеуметтік-инфрақұрылымынан басқа, кәсіби хоккей клубтарын, Наурыз, 8-наурыз сияқты әртүрлі мерекелердің тойлануын, кәсіпкерлер палатасын қаржыландыруға бөлген.

БЫЛТЫРҒЫ МӘЛІМЕТТЕР ӘЛІ ЖОҚ...

Қоғамдық қор жер қойнауын пайдаланған компаниялардың 2019-2020 жылдары қандай әкімдіктерге қанша инвестиция төлегені, өз кезегінде жергілікті атқарушы орган ол қаражатты қайда жұмсағаны туралы есеп жүргізген.

Еліміздің қазба байлығынан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр


«Былтыр әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға бөлінген қаражаттың көбінесе қай салаға бөлінгенін зерттесек, бірінші орында мәдениет саласы тұр. Яғни 17,7 млрд теңгенің 6,4 млрд теңгесі мәдениетке жұмсалған. Бұл қаражаттың өзіне үңіле келе, 6,4 млрд теңгенің 99 пайызы бір ғана жобаға, нақтырақ айтқанда Орал қаласындағы 1500 орынды көп функционалды мәдени орталықтың құрылысына бөлінген», - дейді «Zertteu Research Institute» Қоғамдық қоры.

Ал аймақтар бойынша инвестициялардың қайда бөлінгені туралы 2021 жылғы мәлімет ашық дереккөздерде жоқ.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТҮПКІ ИЕСІ КІМ?

Жер қойнауын пайдалану туралы қазіргі заңда осы әлеуметтік инвестицияны қай салаға бөлу керек деген мәселені жергілікті халықпен талқылау керек деген норма жоқ.

«Жер қойнауын пайдаланатын немесе байыту фабрикасының жанында отырған халық осы процестерден тыс қалып жатыр. Алайда логикаға сай, осы әлеуметтік инвестицияның түпкілікті иесі – жергілікті халық. Жер байлығын пайдаланып, осыдан табыс көрген компаниялардың сол аймаққа беріп жатқан қаражатын тиімді пайдаланудағы басты мәселе – халықпен талқылау жүргізу», - деп түйіндеген қор зерттеуінде.
Просмотров материала: 787

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 917 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 740 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 650 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 631 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 228 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 255 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 705 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 837 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 922 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 306 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 304 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 459 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 609 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 273 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930