16 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қант іздеген халық алаяқтарға алданып жатыр

14 июнь 2022, 9:06
Қант іздеген халық алаяқтарға алданып жатыр

Фото: Видео скрин
Қант тапшылығы алаяқтардың табыс көзіне айналды. Қат тауарға айналған шекерді "көтерме бағамен сатамыз" деген ғаламтордағы жарнамаға жұрт жаппай алданып жатыр. Ақшасын аударған соң саудагерлер зым-зия жоқ болады екен.

Қазір құмшекер еліміздің барлық өңірінде тапшы. Бағасы аспандап кеткен өнімді алу үшін жұрт күні бойы кезекке тұруға мәжбүр, деп хабарлады КТК.

Ақтөбеде шағын дүкендерде тәттінің келісі 700 теңге болса, супермаркеттерде әлеуметтік бағамен 400-450 теңгеге сатылып жатыр. Екі есе төмен бағамен алу үшін тұрғындар таңнан кезекке тұратын болған. Сарылып кезек күтуге жүйкесі шыдамай жанжал шығаратындар да бар екен. Жақында солардың бірі қантқа келген баланы қуып жіберген.

Қант өндіретін екі зауыты бар Таразда да бұл мәселе күйіп тұр. Жақында әлеуметтік дүкенге тауар әкелгенде ентелеген жұрт дүкеншілерді таптап кете жаздаған. Осы оқиғадан кейін келісі 330 теңге тұратын шекер 450 теңгеге дейін қымбаттапты. Сатушылардың қауіпсіздігі үшін күзет қойылған.

"Кешеден бері қанттың келісі 450 теңге болып кетті. Бірақ бағаға қарап жатқан ешкім жоқ. Ұзын-сонар кезек. Екі полиция қызметкері күзетіп, бізді бір-бірден жіберіп тұрды. Бүгін 300 келі қант келіп еді, бір түйір де қалған жоқ. Бір сағатта талап әкетті", - дейді кассир Фатима Харсиева.

Қат болған қанттан оңай олжа табуға тырысқан алаяқтар да көбейген. Олар ғаламтор арқылы арзан бағаға қант сатылатынын айтып, жұртты қызықтыратын жарнама жариялай бастаған. Тіпті көлікпен әкелінген қап-қап шекерді бейнетаспаға түсіріп те көрсеткен. Таразда алаяқтардың арбауына түсіп қалып, есепшотына ақша салғандар да бар.

"Өздеріңіз білесіздер, қант жоқ. Еш жерден таппаған соң, ғаламтордан іздедік. "50 келілеп бірақ сатылады" деген хабарландыру ілікті. Ватсап арқылы ғана қоңырау шалуға болады. Телефон көтерген жігіт "ең аз тапсырыс 250 келі" екенін айтты. Көршілеріммен бірге, телефонына ақша салып, енді оларды таппай отырмыз", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Юлия Гемон.

Алаяқтарға алданғандарға әзірге ешкім көмектеспеген. Полиция алғашқыда арызды тіпті қабылдамаған. Түрлі деңгейдегі құзырлы органдарға шағымданған соң, алаяқтарды іздеуге уәде берген. Әзірге қанша адамның қант аламыз деп алданғаны белгісіз.
Просмотров материала: 1 257

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 710 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 305 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 817 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 868 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 222 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 395 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 491 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 780 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 256 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 355 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 669 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 486 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 595 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 398 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 242 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 735 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 481 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 176 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 574 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 353 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 277 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 108 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 957 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 261 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 173 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 675 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 500 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 011 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 264 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 638 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 015 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 048 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 011 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 209 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 368 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930