22 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Былапыт сөз айтқан, ішімдік ішкен өнерпаздарды 5 жылға сахнадан аластату керек – Нұртөре Жүсіп

02 июнь 2022, 12:49
Былапыт сөз айтқан, ішімдік ішкен өнерпаздарды 5 жылға сахнадан аластату керек – Нұртөре Жүсіп
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп мемлекеттік рәміздерді қорлау және әдепсіз сөздер үшін әншілерді сахнадан аластатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор Алматыдағы спорт сарайында өте келеңсіз оқиғаны еске салды.

«Жастарға арналған «ИК» тобы мен SHIZA лақап аты бар әншінің концертінде өте өрескел әрекет болды. Қазақстан Республикасының туы келемеж етілді. Әншілер тарапынан әдепсіз, анайы сөздер айтылды. Іле-шала кешірім сұрағаны және айыппұл төлегені мәлім болды. Біздің бәріміз жаңа Қазақстан құрамыз деген ниеттеміз. Жаңа Қазақстанның ең басты талабы – заң үстемдігі. Заң бәрімізге ортақ. Құр кешіріммен құтылу – жауапкершіліктен жалтару деген сөз. Президент кеше бұған өз пікірін білдірді, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деді. Қоғам бұл оқиғаға ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі қандай құқықтық баға беретінін әлі де күтіп отыр», - деді Н. Жүсіп Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 372-ші бабы бойынша «Қазақстан Республикасының рәміздерін қорлау – 2000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Әдетте концертті кімдер ұйымдастырды? Қалтасында қомақты қаржысы барлар өткізеді. Оларға мына мөлшердегі айыппұлды төлей салу түкке тұрмайды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 434-бабы бойынша, әртістердің көпшілік алдында былапыт сөздер айтуы ұсақ бұзақылыққа жатады. Заң бойынша бұл үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады. 440-бапта көпшілік алдына ішімдік ішіп шыққаны, есірткі пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен бірге, депутат еліміздің Ата заңында шығармашылық еркіндікке кепілдік берілгенін, бірақ еркіндікті ессіздікпен алмастыруға болмайтынын айтты.

«Ар мен ұят ұлттық құндылықтардың негізгі өзегі болуға тиіс. Әлемнің көптеген елдерінде концерт өткізудің процедуралық жолдары бар, ел алдында орындалатын туындылардың мән-мазмұны мен мәтіні сол елдің идеологиясына сай келе ме, өнерпаздың жеке репутациясы қандай деген тексерістер алдын ала жасалады. Концерттің маршруттық бағыты, репертуар мәселесі, қауіпсіздік шарттары өте қатаң қадағаланады. Осы айтылғандарды ескере келіп, мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша заң баптарын барынша қатайтуды, белгіленген айыппұл мөлшерін екі есе көбейтуді және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды, Мәдениет туралы заңға концерттер және басқа мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушылар мен жекелеген өнер өкілдерінің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін баптарды енгізуді, әдепсіздік көрсеткен, былапыт сөз айтқан, есірткіге елігіп, ішімдік ішкен әншілер мен өнерпаздарды 5 жылға дейін сахнадан аластатуды ұсынамыз. Мәдениет министрлігі жанынан репертуарлық алқа мен республикалық және аймақтық Көркемдік кеңестер құрылуы керек. Бұқаралық мәдени шараларды өткізу мен жүргізу талаптарына халықтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын сақтау мен сыйлау ережелерін енгізуді, осы талаптарды бұзған шығармашыл ұйымдар мен әншілердің қызметін 5 жылға дейін шектеу қоюды талап етеміз», - деді Нұртөре Жүсіп.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әртістердің сахнадағы өрескел іс-қимылдары туралы пікір білдірген еді.
Просмотров материала: 636

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 833 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 187 369 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 931 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 981 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 187 311 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 942 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 059 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 320 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 615 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 750 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 258 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 259 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 512 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 332 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 490 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 412 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 100 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 508 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 246 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 209 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 046 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 883 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 167 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 103 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 603 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 268 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 925 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 556 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 951 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 894 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 963 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 926 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 286 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728