27 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Әскерге әділет орнатсын»: Атыраулық сарбаздың ата-анасы әділ тергеуді талап етеді

«Әскерге әділет орнатсын»: Атыраулық сарбаздың ата-анасы әділ тергеуді талап етеді

Фото :ашық дереккөзде
Ант қабылдап үлгермей ауыр айып тағылған атыраулық сарбаз Айболат Аманжоловтың ата-анасы әділ тергеуді талап етеді. Оны Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әскери бөлімде қайтыс болған маңғыстаулық Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп қамауға алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Балама жала жабылды» деген ата-ана шындық ашылмай қала ма деп шырылдап отыр. Өйткені сарбаздың өлімінен кейін қорғаныс министрлігі марқұмның «жүрегі қысылған, тамақтан уланды, дене жарақаты жоқ» деген ақпарат таратқан. Кейін «соққыға жықты» деп өзімен бірге әскери борышын өтеуге барған атыраулық сарбаздың қолына кісен салынды.

«Сарбазды соққыға жықты» деп айып тағылған атыраулық Айболат Аманжоловтың ата-анасы ұлдары Отан алдындағы борышын өтеуге кеткеніне қуанып ант қабылдау күнін асыға күтіп жүрген. Алайда дәл сол әскери бөлімде курсант Әлібек Қалбай қайтыс болды деген қайғылы хабар келеді. Осыдан кейін көп ұзамай Айболат ата-анасына хабарласып Әлібектің өліміне өзін айыптап жатқанын айтқан. Мұны естіген әке-шешесі алып ұшып Қордайдағы әскери бөлімге барыпты. Бірақ қанша өтінгенімен, баласымен кездестірмеген.

«Бізді кіргізбейді, баланы көрсетпейді. Баланың жүрегі ауырып, жүректің дәрісін ішіп жатыр дейді. Ол не дәрі екенін де білмейміз! Қасына 10 жыл отырып келген біреуді бірге отырғызыпты. Адвокат қаулымен таныссын деп апарып берген ғой. Солардың барлығын анау қасындағы жігіт оқып алып: «Айболат, сен мойндасайшы» дейді екен», - деді Айболат Аманжоловтың әкесі Азамат Жұмағазиев.

Сарбаздың өлімі 22 сәуір күні тіркелген. Ал ертесінде әскери тергеуші қайтыс болған баланы Айболат Аманжолов ұрды деп айыптап, бұлтартпау қаулысын шығарып қойған.

Алайда он күннен кейін Қорғаныс министрлігінің тәрбие ісі мен идеологияға жауапты орынбасары Серік Борамбаев бұқаралық ақпарат құралдарына «маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай сапта тұрған жерінде есінен танып құлаған, денесінде жарақат жоқ, тамақтан улануы мүмкін» деген ақпарат таратты.

Осылайша министрлік пен әскери бөлім тергеуінің мәліметі бір-бірімен қабыспай, екі жақтың да ата-аналарын ашындырып отыр. Тәуелсіз сарапшылар қайтыс болған сарбаздың басынан қатты соққы алғанын, іш-құрылысы зақымданған, денесінде бірде-бір зақым жоқтығын айтқан. Бұл кәсіби спортшы, не өте ауыр соққыдан болатын жарақат екен. Алайда бұл сараптамаларды тергеу материалдарына қоспай отыр дейді ашынған ана.

Айып тағылған Айболаттың ата-анасының айтары көп. Қорғаныс министрлігі өрімдей жастарға қорған бола алмай отырғанына наразы. Тергеуді жан-жаққа бұрмалап отыр деген олар жоғарғы инстанциялардың барлығы жұмылып ақиқатын ашып, әскерге әділет орнатсын деп талап етеді.

Просмотров материала: 559

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 286 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 892 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 398 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 449 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 815 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 486 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 570 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 868 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 388 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 481 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 746 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 530 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 611 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 256 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 757 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 493 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 187 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 584 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 384 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 283 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 118 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 968 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 276 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 185 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 532 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 035 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 648 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 025 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 065 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 027 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 224 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 382 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930