28 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еліміздегі реформалар шетелдік инвесторларға үлкен мүмкіндіктер береді – Смайылов

Еліміздегі реформалар шетелдік инвесторларға үлкен мүмкіндіктер береді – Смайылов

Фото: BAQ.KZ
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді, онда тұрақты жұмыс топтарының қызметі туралы есептер, Кеңестің 34-пленарлық отырысына дайындық барысы, сондай-ақ инвесторлардың Қазақстанда бизнес жүргізуіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.


Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысты ашқан ҚР Премьер-министрі қазіргі таңда Үкімет шетелдік инвестициялардың ағынын сақтау және ұлғайту бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Өткен жылы ҚР-да $3,6 млрд-қа 44 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Оған қоса жалпы құны $55 млрд болатын 700-ден астам қолданыстағы және әлеуетті жобалардың пулы пысықталды.

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру үшін Үкімет Инвестициялық саясаттың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасын әзірледі.

«Жаһандық трендтерді ескере отырып, жоғары өңдеу өнеркәсібіне, агроөнеркәсіп кешеніне, фармацевтикаға, көлік-логистика инфрақұрылымына және басқа салаларға инвестициялар тарту жұмысы жалғасады», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында демократиялық және әлеуметтік-экономикалық қайта құру жолына бет алған Қазақстан бүгінде жаңа тарих беттерін ашып жатқанын атап өтті.

Ол қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды және заң шығарушы билік институтын нығайтуға, адал бәсекелестікті күшейту, жеке меншікті қорғау, экономиканы демонополизациялау арқылы экономиканы сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған.

«Аталған шаралардың барлығы шетелдік инвесторларға көптеген экономикалық мүмкіндіктер туғызады. Осы орайда Қазақстан – елімізге адал еңбек етіп, табыс табуға келгендердің барлығы үшін сенімді инвестициялық серіктес болып қала беретінін тағы да атап өткім келеді», — деді Әлихан Смайылов.

Отырыста Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және т. б. баяндама жасады.

Шетелдік инвесторлар тарапынан «Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы, «EY» компаниясының басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, ҚР-дағы «ТотальЭнерджис» басшысы Алем Фрига-Ной, «КНАУФ» компаниясының өкілі Димитри Пропп, «KPMG» басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев, Ресей мен ТМД-дағы «GE» президенті Бела Ференци, «Филип Моррис Интернэшнл» басқарушы директоры Хуан Эскобар және т. б. сөз сөйледі.

Сонымен қатар отырыс барысында өткен кезеңде Кеңестің барлық жауапты мемлекеттік органдары мен ұйымдары, шетелдік компаниялары Кеңестің 33-пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша тиісті шараларды қабылдағаны атап өтілді.

Бұл ретте қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және экономиканы декарбонизациялау – келешекте маңызы зор стратегиялық мақсаттарға айналады, Кеңестің 34-пленарлық отырысы осы мәселелерге арналады.

Отырысты қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Кеңес аясында ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Айтылған ұсыныстар Үкіметте егжей-тегжейлі пысықталады.

«Шетелдік инвесторлардың барлық ұсыныстарын, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағындағы инвестициялық қызметіне қатысты туындайтын мәселелерді талқылауға дайын екенімізді тағы да атап көрсеткім келеді», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
Просмотров материала: 654

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 836 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 517 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 019 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 055 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 434 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 682 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 715 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 048 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 724 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 757 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 962 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 826 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 943 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 596 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 475 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 426 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 705 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 451 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 861 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 655 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 474 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 310 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 163 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 520 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 405 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 893 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 255 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 216 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 458 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 852 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 205 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 150 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 289 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 219 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 457 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 600 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930