28 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады

Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады

Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында өңірлерге жиі шығып, ауыл мектептерін де, қала мектептерін де аралау маңызды екенін айтты.

Оның пайымынша, мұғалімдермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер министрлік қабылдаған шешімдердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

«Министрліктің мектептер, колледждер және балабақшаларды басқару бөлігінде құзыреті жоқ екені құпия емес. Оларды қаржыландыру, жұмысын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, басшыларды тағайындау және босату сияқты жұмыстың барлығы заңмен әкімдіктерге бекітілген. Сондықтан бақылауда ұстап отырудың маңыздылығы жоғары. Өңірлердегі мектептерді аралағанда өзім үшін түртіп қойған өзекті мәселелердің бірі – мектеп асханаларының жұмысы. Бұл бағытта бақылауға алынатын және нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін бірнеше проблема бар.

1. Осыған дейін асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу талабын бекіттік. Мұның бірнеше артықшылығы бар. Бұл гигиенаның сақталуына әрі кезектің тез жылжуына көмектеседі. Сондай-ақ балаларда қолма-қол ақшаның болмауы оларды қауіптерден сақтайды. Ата-аналарға да шығындарды бақылау оңайырақ болады. Бірақ көбінесе қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері өшіріліп, пайдаланылмайды.

2. Буфет өнімдерінің құны. Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңгеден немесе бәліштер мен тоқаштардың дүкендердегі бағадан жоғары бағада сатылатыны сұрақ туындатады. Бір қалада бірдей өнім бағасында 50-70%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін.

3. Кейбір өңірлер асханаларды МЖӘ (Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) арқылы жеке кәсіпкерлерге беріп жүр. Біз МЖӘ-нің дамуын қолдаймыз. Бірақ кейде бұл конкурсты өткізбеу үшін және асхананы кәсіпкерге тікелей (10-15 жылға) беру үшін жасалады. Біріншіден, біз конкурссыз Жеке қаржылық бастама (ЖҚБ) бойынша емес, конкурс өткізілу керек деп санаймыз.

Екіншіден, салым сомасы аз мөлшерде, мысалы, 5-7 млн теңге емес, тиісті көлемде болуы маңызды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын есте сақтап, бұл қаражаттар тоңазытқыштар, плиталар, үстелдер мен орындықтарды сатып алуға жұмсалатынын түсіну маңызды. Яғни, сайып келгенде кәсіпкер өз жұмысына қаражат салады.

Үшіншіден, біз жұмыстың ақылға қонымды мерзімдерін белгілегенді қолдаймыз.Асхананы 15-20 жылға келісімшарт жасау сұрақ туғызады.

4. Мектеп асханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тыйым салынған өнімдерді сату (мысалы, фастфуд, газдалған сусындар, чипсы және т.б.). Министрліктің қызметкерлері бірнеше облысқа барып, бірқатар мектепте осындай фактілерді анықтады. Әсіресе Түркістан облысында. Мұндай фактілер анықталған жағдайда дереу СЭС органдарына хабарласу қажет», - деп жазды ведомство басшысы. Министрлікте осы проблемаларды нормативтік деңгейде шешу үшін жұмыс тобы құрылған.

«Біз заңнамаға бірқатар толықтыру енгізуге бастама жасадық, олардың шеңберінде арнайы нормалар бекітіледі. Бұл нормалар - асханалардағы буфет өнімдерінің бағасын реттеу, ашық конкурстар және ақылға қонымды кезеңге МЖӘ арқылы асханаларды беру, қолма-қол ақшасыз төлемді және тамақтанудың тиісті сапасын қамтамасыз ету. Біз кәсіпкерлердің мүдделерімен де санасу керегін түсінеміз, бірақ біз үшін балалар әрқашан бірінші орында. Демек, бұл олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды білдіреді», - деп толықтырды Асхат Қанатұлы жазбасын. Министрлік аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады.
Просмотров материала: 1 166

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 870 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 552 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 053 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 090 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 468 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 684 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 716 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 049 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 759 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 963 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 827 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 944 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 597 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 475 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 426 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 705 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 452 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 861 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 656 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 474 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 311 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 163 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 521 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 405 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 893 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 255 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 216 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 458 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 854 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 205 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 150 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 289 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 221 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 458 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 601 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930