26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақтөбеде 13 жастағы оқушыны бұралқы иттер талады

Ақтөбеде 13 жастағы оқушыны бұралқы иттер талады

Фото: Ашық көзден
Ақтөбеде 13 жастағы оқушыны мектептен қайтар жолда бұралқы иттер талады. Сау жері жоқ қыз бала әбден шошынып қалған. Қазір балалар ауруханасында ем алып жатыр. Анасы полицияға арызданған. Ал, ветеринарлар қаланың әр ауданында қаптап кеткен иесіз иттермен не істейтінін білмей дал. Себебі, жаңа заңға байланысты ит аулау тоқтатылған.

Шошынғаны соншалық балам ит деген сөзді естісе жылап қоя береді, дейді итке таланған оқушының анасы Алтынгүл Жарылғапова. Жеткіншектің денесінің сау жері жоқ. Түнімен аласұрып ұйықтай алмайтын көрінеді. Анасының айтуынша, оқушы қыз кешкілік сабақтан жалғыз қайтып келе жатқанда алдынан бір топ ит шығып, жан-жақтан жабылған. Абырой болғанда, көрші жігіт терезеден көріп қалып, баланы бір өлімнен құтқарып қалған.

Алтынгүл ЖАРЫЛҒАПОВА, АНАСЫ:

Аң сияқты, қасқыр сияқты талап тастаған. Тістеп алып, кетіп қалса екен. Олар деген кәдімгідей талаған, дым жоқ баланың үстінен. Тек бетін жапқан бүйтіп, беті, мойыны қалған, соның өзінде мына жерін, басының терісін кәдімгідей жұлып алған. Тағы 3-4 минут неткенде кеңірдегін жұлып өлтіретін еді. Дәрігерлер бұралқы ит терісін бірнеше жерден жұлмалап тастаған баланың басына үш жерден, аяғына 21 жерден тігіс салған. Арқасы мен қолында да ит тісінің ізі бар. Жарақаттан бөлек ауыр психологиялық соққы алған.

Қуантай МАХАМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жағдайы жалпы жарақатына байланысты түскен кезде ауыр болып есептелді. Қазір жағдайы қалыпты. Бірақ, иттен қорқыныш сезіміне байланысты несі бар. Кеше айтылды, бүгін психолог келеді, кеңес береді. Ақ халаттылар ауруханаға күніне ит, мысық тістеген 3-4 бала түседі дейді. Көбінің жарақаты жеңіл болып, құтырмаға қарсы екпе салған соң, үйлеріне жіберіледі. Қалада бұралқы иттердің қаптап жүргенін ветеринарлар мойындап отыр. Бірақ, шарасыз. Себебі, наурызда қабылданған заң бойынша көшеде ит атуға рұқсат жоқ. Жаңа ережеге сәйкес, мамандар қаңғыбас итті аулап, уақытша орында ұстап, залалсыздандырып, вакцина салып, алып кеткен жерге әкелуі керек екен. Ақтөбеде иттерге арналған бір тұрақ бар. Жекенің қолында болған соң, ақылы. Ал, бюджетте бұған қаржы қарастырылмаған.

Иса БАЗАР, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бюджеттік сипаттамада көрсетілмеген. Қаңғыбас итті аулау, оны уақытша ұстау, стерилизация деп көрсетіп жазылуы керек. Ал, онда жазулы тұр: аулау және жою деп тұр. Сондықтан, осыны өзгерту керек, бюджеттік классификаторға өзгерістер енгізу керек. Оқушының анасы болған жайтқа байланысты полицияға шағым түсірген. Ашынған ана бұралқы иттер мәселесі шешілмейінше, күресті тоқтатпаймын дейді.

Алтынгүл ЖАРЫЛҒАПОВА, АНАСЫ:

Заявление полицияға жаздым, кеше хабар келді, МВД-ға, кетті, тергеу жүргізіліп жатыр деді. Бірақ, мен қолымнан келген шараның бәрін қолданамын, пока мына иттердің бәрін жоймай. Балам «мама, мен мектепке бармаймын, үйден шықпаймын» деп отыр.
Просмотров материала: 564

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 263 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 084 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 056 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 998 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 981 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 247 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 055 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 576 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 724 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930