26 июня 2022 г.

Мы в соц сетях:



Шынболат Ділдебаев туралы бір үзік сыр

23 май 2022, 17:03
Шынболат Ділдебаев туралы бір үзік сыр

Фото: egemen.z
Басқасын былай қойғанда, «Шын­дық» атты толғауымен ғана аты Алтай мен Атырау арасын аралап кеткен, шашасына шаң жұқпайтын шайыр, термелерді таңнан-таңға ұрып төңкерген жырау, сазгер Шынболат Ділдебаевтың артында жырлардан түзілген мол мұрасы қалды.



Ауылдағы ағайындарды са­ғынғанда қалың-қалың альбомдарды ақтарып, сонау кездерден қалған естелік-суреттерге көз суаратыным бар. Анау бір аң­ғал бала кез. Ал анау үй баласын көрмей ке­тетін түбітмұрт боз­бала. Мынау әскери қызмет әл­де­қашан бітсе де ананы за­рық­­­тырып үйге жете алмай қа­ру­ластардың ауылын аралап жүр­ген диуана шақ. Мына бір сурет менің шаңырақ көтерген тойымның естелігі. Мына домбыраны қағап-қағып жіберіп «...Мен те­­ңіздей тасайын, келіннің бетін ашайын...» деп шырқап тұрған бұйрабас көркем кісі –Шынболат.

Сырда туып, қырда өстім деп шайыр­дың өзі айтатындай, Сыр­дың Шиелідей құйқалы жерінде кіндік қаны тамды. Шынболаттың ел-жұрты Ұлытау төңі­регіндегі Байқоңыр мен Қарсақбайды жай­лады. Ұлы нағашылары да осында. Туыстарға барып қосылайық деп қың­қылдаған болуы керек, Гүлжауһар ана қос ұлы Тасболат пен Шынболатты жетектеп қыр асады ғой. Соғыстан кейін азаматтарынан айырылып, соғыс салған жарадан айығып кете қой­маған ағайынның жағдайлары сонша түзеліп кетпегенімен, өзі­нікін өзекке тепсін бе, төрінен болмаса да бұрышынан орын берді.

«Шынболат болса ойын баласы, анасы Гүлжауһар өнер­лі кісі еді. Көбейсіннің шешесі Шө­кен екеуі уайым мен қайғы ең­сесін басқан ауыл­дың көңілін кө­теріп, маңайын мейрам ғып жү­ретін. Сонда жанынан өлең суы­ратын қос ананың етегін ба­са отыратын Шынболат кейін ауыл балаларын ұйымдастырып, қо­йылымдар қоятын болды», деп еске алатын ағасы Шабат Молдабергенов.

Сол өнерпаздығы өзіне өмір бойы азық болды. Шынболаттың да бұйра шашын шалқасына толқындата қайыратын кезі жет­ті. Іштегі бұла күш бұлқынып тұрған осы тұста Байқоңыр көмір кенішінің жабылып, кеншілердің қайран Қанекең (Сәтбаев) ашып кеткен Үлкен Жезқазған кеніш­теріне қарай көшпесі бар ма?! Кен ұялары табылған Рудник деп аталатын кентке және сол­ тө­ңіректегі азды-көпті ма­лын ұстауға қолайлы деп есепте­лінген ақын Шынболат айтатын: «Қайран менің Төртіншім-ай, төрт қалаға бергісіз» деген Төртінші деп аталған кентке тұрақ­тайды байқоңырлық кен­шілер. Соның ішінде Шынболат пен Гүлжауһар да бар.

Бір адам­дай-ақ билейтін, орысшасы да көп-көрім, ақын-әртістігі та­ғы бар байқоңырлық бозбала Руд­ник халқымен етене араласып сіңісіп кеткен ең алғашқы «ел­ші» болды. Елші дегеннен шығады, сол кездегі Рудниктің негізгі тұрғындары әр жерден жолдамалармен келген өзге ұлт өкілдері еді. «Крестовский» деп ата­латын кеншілер кентінде туып-өскен атақты киноактер Олег Янковскиймен де біршама уақыт тамыр болғанын айтып отырушы еді.

Ал Байқоңырдан әрі асып көрмеген ауыл қа­зақ­­­тарының олармен емін-ер­кін жұғысып кетуіне тіл тос­қа­уыл болғаны бар. Ондай кез­де Бай­қоңырдағы әскери бөлім­шенің офицерлерімен ара­ласып тіл сын­дырып алған Шын­болат аудар­машылыққа келеді. Ол тайпалған жорға болмаса да, анау-мынау орыс­тармен үзеңгі қағыстыра сөйлесетін дәрежеде-тін. Аса құпия­лылық сақталатын әскери бөлімшеге еніп жауынгерлермен араласуы да бір қызық...

Осы мақаланы жазу барысында Аста­надағы Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия Ұлттық универ­ситетінің студенті, болашақ журналист Арайлым Ерқоңырова Шәкең туралы мынадай дерек алып келіпті. «Байқоңыр кен­шілеріне қоңсы әскери бөлімше орналасыпты. Тәртіп қатты көрі­неді. Қоршалған аумаққа бейсауат адам жоламайды. Кешке әскер­лер ән айтып, би билеп де­м­а­­лады. Осыны естіп жүретін жа­ны сауыққа үйір Шынболат бір күні өзі сияқты қарасирақтарды ер­тіп бөлімшеге таяп бармай ма? Тәртіп бойынша оларды қақ­пай­ламақшы болған кезекші сар­базды офицер тоқтатады сон­да. Сөйтсе дарбазаның ар жа­ғында Шынболат әуенге іле­сіп «твист» билеп тұр екен.

«Бұй­рабас ұзын баланы шақыр», дей­ді сардар. Кейін білгеніндей, ол командирдің саяси істер жө­нін­дегі орынбасары болып шықты. Табиғатынан ширақ Шынболат әскериге ілесіп жүре береді. Содан бас­тап ол сол ортаның сүйкімді «сарбазына» айналып, әскердің өнерпаздары құра­мында әр кешті сонда өткізетін болған. Мере­келер қар­саңдарында тіптен үй қара­сын көр­мей кетеді. Мерекелік да­йын­­дық қой. Байқоңырлық бал­ғынның әбден сіңіскені сондай, оған лайықтап әскери киім де тіккізіп берген көрінеді. Ал олар­дан үйренген «Полька», «Яблочко», «Солдатская пляска», «Матросский танец», «Мол­дав­ский танец» сияқты әске­ри билерді ауыл балаларына үй­рететін».

Міне, ойдан орғаны бар, қыр­дан қыр­ғаны бар, табиғатынан өнерге бейім оғлан­ның атқаратын жұмысы №45 шах­­таның кеншісі болса да Рудник кентіндегі мәдениет сарайы оның екінші үйі атанды. Мұндағы халық театрының режиссері ретінде күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді. Әр мереке, әр салтанат оның шығармашылығының өнімін көруге бейіл болды да тұрды.

Сонда жүргенде ғой, 52 жыл ошағының отын жағып, түтінін түтеткен ару Әлияға кездесіп жүр­гені. Алтын асықтай, күміс қасықтай бес баласының анасы Әлияның ардақты атын ақын да аялай білді. Өнер адамының бір аяғы үйде болса, бір аяғы түзде тұра­тын әдеті емес пе, апталап ауыл шетін көр­мейтін жанның жары болу мехнатын тартатын да сол адам. Оны ол да, бұл да түсінді. Түсіністікпен жарасым тапты.

Тәуелсіздік таңы жаңа атқан кезеңде ат дүбіріне құлақ тосып отырған жезқаз­ғандық кен­ші-ақын ертеңіне-ақ қолына қалам алды. «Тәуелсіздік тол­ғауын» бас­пасөзге тапсырды. Тәуелсіздікті асыға күт­кен қа­зақ елі үшін Шынболаттың «Тәуел­сіздік толғауы» шөл далада берген судай еді: «Бір қуаныш бо­йымды тербетеді, Шын қуаныш, үлкен сын елге тегі. Қара нан жеп, шекпенмен жүрсек-тағы, Тәуелсіз ел болғанға не жетеді?» деген.

Сол тұста империялық тұқыртудан ыңыршағы айналған бостандықсүйгіш халқымызға таңғы саф ауадай әсер берген Тәуелсіздікті жырламаған ақын, жаз­баған жазушы, қаузамаған қаламгер қал­ған жоқ шығар?! Бірақ қазақ көрген қа­сіретті дәл сол кезде қанын шығарып шырқырата шындық қып айтқан ақын осы Шынболат еді.

Шынболат айтыскерретін­­де де Жезқазған облысы­ ақын­дары команда­сының ка­пи­­таны мәртебесінде бәй­гелерге қосылды. Торғайлық Қоныс­баймен, шымкенттік Әселханмен, қостанайлық Әсиямен айыз қан­дырар сөз қақтығыстары сол кез көрермендерінің әлі есін­­де шығар. Оқалы шапаны сұң­ғақ бойына құйылған, жү­зі­нен нұр тамған ақсары ақын­ды республиканың залдары зор қошеметпен қарсы алып отырды. Оның әуезді мақамы, астарлы өлеңімен айтыссүйер қауымды елітіп әкететінін талай көзіміз көрді. Дуыл­датып қол да соқтық.

«Әйебой!» деп әлемнің бар шуағын іле келетін әде­ті­мен облыстық радио үйіне бір бас сұққанында, «Шәке, айтыс екпін алып кетті ғой. Шәкірттеріңізді енді қайда бас­тап бармақшысыз?» дегенімізге «Айтыс керуені алысқа барады. Әлемді аралайтын болады. Ал жетекшілік тізгінді ұстайтын жігіттер жетеді», деп еді марқұм өзіне тән кеңпейілдікпен.

Мақаланың басында Шәкең­нің бишілік өнері туралы айттық. Кейін сөз өнерін қуып, жүйе бас­қа арнаға бұрылмағанда Мах­муд Эсембаевтай болмаса да тәуір биші боларына сөз жоқ дей­ді замандастары. Шәкеңнің ол өнері сабақсыз қалған жоқ. Сүйік­ті немерелерінің бірі Алмас Діл­дебаев атасының «биші болу» арманын орындағандай. Кәсіби балет бишісі. Мәскеуде «Револьтат» балет ұжымын құрып, соған жетекшілік етеді. Өз балалары да өнерден құралақан емес. Орындалған әке арманы деген осы.

Шынболат шаңырағының түті­нін­ түтетіп отырған Аралдан тап­қан аруы Гүлсара бірде: «Шынкең жайлы жа­зыл­ған ес­­теліктердің өзі бір кітапқа жүк болып тұр. Одан бөлек бұл кісі­ге арнаған ақындардың ар­нау өлең­де­рі біраз жиналып қалған. Со­лардың да басын қосып кітап етіп ұсынғым ке­ле­ді», деген болатын. Бұған қоса Шын­болат мұражайын көрсету, тағы басқа шаралардың межеленіп тұрғанын білгені­мізде ел азаматтарына деген ри­за­шылығымызды жасыра алмадық. Өйт­кені Шынболат тәлімі халқына керек тұлға.

---------------------------------------------------------------

Айта кетейік, Шынболат Ділдебаевтың 85 жылдығына орай 20 мамыр күні Сәтбаев қаласындағы Кеншілер сарайында «Шындығымен елі сүйген Шынболат» атты аймақтық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оған «Қазақмыс» корпорациясы демеушілік көрсетті.

Байқауға Ұлытау, Жаңаңарқа аудандарынан 28 үміткер қатысып, бақ сынады. 5 пен 11 сынып оқушылары Шынболат Ділдебаевтың өлеңдерін оқи отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін байқатты. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға «Қазақмыс» корпорациясы тағайындаған жүлделер табысталды.

Шынболат Ділдебаев туралы бір үзік сыр

Елімізде биыл «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда «Қазақмыс» корпорациясы шығармашыл, дарынды балаларды қолдауға ниетті екендіктерін тағы бір дәлелдеді.

Дереккөз: egemen.kz
Просмотров материала: 1 447

Поделиться материалом


12:58 Қазақстанның оңтүстігінде диқандар шығынға батып жатыр... 219 Просмотров

12:50 Аймағамбетов білім беру жүйесін реформалаудың Жапониядағы... 2 381 Просмотров

12:34 Инвестиция тарту: Тоқаев Келімбетовке жұмысты жандандыруды... 228 Просмотров

12:17 Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар беру... 203 Просмотров

11:25 Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің... 215 Просмотров

11:20 Министрлік журналистерді қолдау қорын құра алмайды – Омаров... 233 Просмотров

11:00 Томирис Байсафаны өлтірген Дағыстанның бұрынғы... 404 Просмотров

10:33 Таразда әскерилер студенттерді әскери комиссариатқа күштеп... 227 Просмотров

10:18 Павлодарда 14 жастағы бала суға батып кетті... 228 Просмотров

10:15 Тоқаев: Қазақстан азық-түлік дағдарысын еңсеруге үлес... 232 Просмотров

10:08 Жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды... 236 Просмотров

10:05 Қостанай облысында мал ұрлығымен айналысатын бандалар... 234 Просмотров

18:25 Охоту на сайгаков могут разрешить в сентябре... 432 Просмотров

18:03 В гибели рабочих на «АрселорМиттал Темиртау» виноват... 453 Просмотров

17:29 Тигран Кеосаян включен в Казахстане в один список с... 442 Просмотров

17:13 12 млн тенге обещает Антикор за информацию о... 347 Просмотров

17:08 Уникальное достижение в истории: Токаев поздравил Малику... 349 Просмотров

16:58 Хиджабы: Пришло время запрета идеологии салафизма?!... 274 Просмотров

16:54 Камера, мотор, бастаймыз: семейная экшн-комедия «Джохан»... 334 Просмотров

16:40 "Мертвые души" обучали по госзаказу в частной школе Шымкента... 319 Просмотров

16:08 Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді... 2 622 Просмотров

15:49 Қарағандыда әйелдің басына ағаш құлап кетті... 324 Просмотров

15:40 Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді... 335 Просмотров

15:32 Мамандар қандай сүт денсаулыққа зиян екенін айтты... 526 Просмотров

15:07 Елімізде жанар-жағармай бағасы қымбаттады... 332 Просмотров

14:54 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инвестициялық кірісі - 6,8... 348 Просмотров

14:33 Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейлік дендропаркте асылып,... 354 Просмотров

14:17 Алматыда 15 жастағы жасөспірім өзінің досын асқан... 319 Просмотров

13:48 Сколько иностранцев работают в Казахстане... 233 Просмотров

13:44 Мощный сель сошел в Жамбылской области... 222 Просмотров

12:59 Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық... 222 Просмотров

12:49 «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнындағы төрт жұмысшының... 218 Просмотров

12:44 Теміртау емханасында түсірілген видеодан кейін медбике... 240 Просмотров

12:36 Қазақстанның оңтүстігі жасарып, солтүстігі қартаюды... 208 Просмотров

12:27 "Я ведь говорила, что у меня есть публичность и услышьте... 257 Просмотров

12:14 Жамбыл облысында тұрғындар қантқа таласып қалды... 219 Просмотров

11:41 Қарқаралыдағы өртті екі жүзден астам адам мен екі тікұшақ... 205 Просмотров

11:13 «45 градус ыстық болады»: синоптиктер алдағы демалыс... 392 Просмотров

11:10 Шалқар көлінде 9 жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасып... 233 Просмотров

11:07 Требуют работу в нефтянке: ночевавших у Минтруда... 230 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930