18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жазда уақытты қауіпсіз өткізудің жолы қандай – мамандар кеңесі

Жазда уақытты қауіпсіз өткізудің жолы қандай – мамандар кеңесі

Фото: pxhere
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық комитетінің мамандары жазғы демалысты қауіпсіз өткізуге байланысты кеңестер ұсынды.

Күнге қыздырынып, табиғат аясына шығып, серуендеу, балмұздақ алып, су айдындарына шомылу маусымын көбі асыға күтеді. Комитет мамандарының айтуынша, жазды қауіпсіз өткізудің жолдарын, сақтық шараларын да ұмытпаған жөн.

Орманға, саябаққа шығып, қалалық шуылдан бір сәт демалып, табиғатпен үндесіп, күш пен шабыт жинай аласыз. Алайда кенеден келетін кеселді де ұмытпаған дұрыс. Бұл жәндіктер түрлі инфекциялық аурулар – кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының тасымалдаушылары. Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Түркістан облысы тұрғынынан аса қауіпті саналатын КҚГҚ ауруы анықталды. Қазір науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланды. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, – деп хабарлады комитеттегілер.
Кенеден сақтану үшін қандай шаралар орындау қажет?

Киім біртекті ақшыл түстес болғаны дұрыс, себебі ондай киімнен кененің бар-жоқтығын байқау оңай.

Шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу керек. Бұл эстетикалық тұрғыдан әдемі көрінбесі анық, есесіне дененің біраз бөлігі жабық, қауіпсіздікте болады.

Бас киім кию. Біріншіден, күннің өтіп кетуінен қорғайды, екіншіден, мойын мен шекені кене шағудан сақтайды. Өзіңізді, достарыңыз бен бірге ертіп жүрген жануарлардың үстін жиі тексеріп отырыңыз.

Үйге келгеннен кейін де өзіңізді бастан-аяқ тексеріп шығыңыз. Табиғат аясына киіп шыққан киіміңізді міндетті түрде тазалап алыңыз.

Егер денеңізден кене тауып алсаңыз, үрейге бой алдырмаңыз! Тез арада мұқият денеден алып тастаңыз. Май құюдың қажеті жоқ. Ең дұрысы пинцетті немесе дәріханадан кенені алып тастауға анналған құралды пайдаланыңыз.

Егер энцефалит немесе боррелиоз аурушаңдығы белсенді таралған аймақтан оралсаңыз, кенені сараптауға өткізіңіз. Тез арада вакцина қабылдау үшін медицина мекемесіне жүгініңіз.

Келесі қауіп – ішек инфекциялары

Жаз мезгілінде күннің жылынуына байланысты тағамнан улану деректері жиілей түседі. Медициналық статистикаға жүгінсек, аурушаңдық көрсеткіші 40 және одан да жоғары көрсеткішке арта түседі. Аптап ыстықта тез бұзылатын тағамдарды сатып алмаңыз: ірімшік, сүтқышқылды өнімдер, бәліштер, балық, суши, құйылмалы балмұздақ және майонезі бар салаттар.

Тағамдарды сақтау талаптары орындалмайтын, күмән келтіретін жазғы тамақтану орындарынан ауқат сатып алудың да өз қаупі бар. Есіңізде болсын, сатып алатын өнімнің құжатын сұрауға толық құқылысыз.

Бірқатар өнім күн ыстықта өз балғындығын жоғалтып, керісінше денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе, мұны кәуапқа етті маринадтау кезінде ескеру керек. Жеміс-жидектерді мұқият жуу керек. Егер зиянсыз саңырауқұлақтарды таңдауда тәжірибеңіз болмаса тәуекелге бармағаныңыз дұрыс.

Егер тағамнан уланып қалсаңыз

5-7 литр көлемінде су ішіп, асқазанды жуу керек. Кейін сорбент қабылдауға болады.

Тынығу

2-3 сағат көлемінде тамақтанбау. Тек сұйық ішуге кеңес беріледі.

Дене қызуын бақылауда ұстау.

Қажет болған жағдайда дәрігер көмегіне жүгіну.

Коронавирус инфекциясынан да сақ болыңыз!

Бүгінде бұл инфекция бойынша елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен босаңсуға негіз жоқ, себебі вирус әлі де бар және мутациялануы тоқтаған жоқ. Бір апта бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың «Стелс-Омикрон» түрінің барлық өңірде бар екенін мәлімдеген еді.

«Сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық аймақта омикронның BA.1 штамы анықталды – 98,6 %, оның ішінде 12 өңірде "Стелс-Омикрон" BA.2 анықталды - 36,7%. Сонымен бірге B. 1.617-like Delta штамм айналымы жалғасып жатыр және зерттелген сынамалар саны 1,4% болды», - делінген хабарламада.

Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирус иняекциясынан қорғаудың жалғыз жолы – уақытылы жасалған вирусқа қарсы вакцинация, ревакцинация. Демалыс - бұл керемет уақыт, ең бастысы күш-жігерді қалпына келтіру үшін қажет. Сондықтан оны қауіпсіз өткізу керек. Өзіңізді қорғаңыз! – деп кеңес берді мамандар
Просмотров материала: 387

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 526 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 348 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 318 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 253 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 233 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 436 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 199 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 223 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 656 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 788 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 674 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 292 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 239 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 390 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930