6 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарағанды облысындағы цемент зауытында еңбек дауы ушығып тұр

Қарағанды облысындағы цемент зауытында еңбек дауы ушығып тұр

фото: voxpopuli.kz
Қарағанды облысының Ақтау кентіндегі цемент зауытында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге жылдам тарап, қоғам арасында қызу талқыланған болатын. Онда жұмысшылар еңбек қауіпсіздігінің сақталмайтынын әрі жалақының аз төленетіндігін айтады, деп хабарлайды Хабар арнасы.

Жергілікті қоғам белсендісі Сергей Мұхамеджанов Ақтау кентінің цемент зауытында түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, еңбек жағдайын әшкерелейді. Айтуынша, адамдар осындай шаң-тозаңда жұмыс істеуге мәжбүр. Өзі де осында 10 жыл еңбек етіпті.

«Бұл жағдай цемент ұнтақтайтын цехта болған. Ол жерде екі ауысымды қоса есептегенде 80-ге жуық адам еңбек етеді. Респиратор кигенмен, еш көмегі жоқ. Жұрт жұмыс арасында терезеге барып ауа жұтады. Ең сорақысы, егер комиссия келе қалса, басшылар ол цехтың жұмысын уақытша тоқтатып қояды. Тексеру аяқталған соң қайтадан іске қосады», дейді қоғам белсендісі Сергей Мұхамеджанов.

Түсірілім тобы зауыттың еңбек жағдайын көзбен көруге ішке енуге талпынғанымен есікті торуылдаған күзетшілер табалдырықтан әрі кіргізбеді. Басшысы да сыртқа шығып, түсінік беруден бас тартты. Дегенмен өткен жылдың қараша айында санитарлық дәрігерлер зауытқа жоспарлы тексеріс жүргізіпті. Ал ондай кезде заң бойынша 30 күн бұрын ескерту жасайды екен.

«Кәсіпкер еңбек жағдайын жақсарту үшін бірқатар шараларды қолға алғанмен, біздің мамандар тексеріс кезінде заңбұзушылықты анықтады. Гигиеналық және санитарлық талаптар сақталмаған. Зауытта шаң-тозаңның мөлшері тым көп», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Галина Сусметова.

Арнаға жазылған арыз хатта жұрт жалақының аздығын да сөз еткен. Теміртау әкімдігі биыл 35% көтердік деп ақталғанмен, жұмысшылар оған қанағаттанбай отыр.

«Жалақымды 20 мыңға көтерді. Ол не болады. Қазір мен қолыма 178 мың аламын. Өндірісте еңбек ететін машинист үшін бұл өте аз деп есептеймін», деді зауыт қызметкері Евгений Волына.

«Жақсы ұсыныс түскендер жұмыстан кетіп қалды. Тек біздің ұжымнан 4 жігіт шықты. Олар қолдарына 160-180 мың теңге алып келген. 250 мыңға көтеруді сұрады. Бірақ басшылар келіскен жоқ. Енді босаған орынға ешкім келіп жатқан жоқ. Жалақы тым аз», – дейді зауыт қызметкері Дмитрий Марчишин.

Цемент зауыты – Ақтау кентіндегі ең ірі кәсіпорын. Елді мекендегі 7 мың халықтың әрбір оныншысы осында еңбек етеді. Зауыттың құрылтайшылары – малазиялық инвесторлар. Қазір қордаланған қаржы мәселесін шешу үшін үшжақты комиссия құрылды. Оның құрамына белсенді жұмысшылар, әкімдік өкілдері, компания басшылары еніп отыр.

«Орташа жалақысын айтып кетсек, ол кезде жалпы қара жұмыскер дейміз ғой, олардың өздері 90-100 мыңға жуық айлық алып жүрген. Қазіргі таңда біз талдау жасадық, ол айлық 140-150 мыңға дейін көтерілді. Әрине, өздеріңізге белгілі инфляция бар. Осы үш жылда кәсіпорын басшылары бізге арнайы жоспарды көрсетті. Инфляцияға сәйкес жалақы тағы көтерілетін болады», дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев.

Санитарлық дәрігерлер өткен жылғы тексерістен соң кәсіпорын қожайындарына ескерту жасап, олқылықтарды жоюға уақыт берген. Енді мамыр айының соңында соның нәтижесін тексереді. Егер ештеңе өзгермесе, сотқа жүгінбек
.



Қарағанды облысы еңбек дауы
Просмотров материала: 466

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 558 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 106 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 662 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 710 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 045 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 033 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 144 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 411 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 867 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 349 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 526 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 345 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 180 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 517 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 424 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 114 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 517 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 271 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 222 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 059 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 895 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 182 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 117 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 618 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 289 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 937 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 202 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 572 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 960 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 907 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 975 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 940 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 155 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 301 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031