8 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Қарнымыз ашты деп нан сұрайды да жүреді»: Қызылордадағы жеке оқу орталығынан шу шықты

«Қарнымыз ашты деп нан сұрайды да жүреді»: Қызылордадағы жеке оқу орталығынан шу шықты

Фото: видео кадр
Қызылордада басы дауға қалған жеке оқу орталығында жағдай ушықты. Мектепалды даярлық тобына баратын балалардың ата-аналары мекеменің жабылуын талап етуде, деп хабарлайды Астана арнасы.

Өйткені айына әр бала 20 мың теңге төлеп отырған орталықта бүлдіршіндерге еш жағдай жоқ. Тойып тамақ жемейді, ал ұйықтағанда еденде жатады деп шулады. Мұны осы уақытқа дейін білмей келгендерін айтып ашынды. Ал, кәсіпкердің өз уәжі бар.

Аата-аналардың сөзінше, олар ішке кіргенде балалары жұқа жамылғының үстінде, кейбірі лас еденде ұйықтап жатыпты. «Ал келісімшарт негізінде ол уақытта балалар арнайы үйірмелерге қатысуы керек болған» дейді.

«Санитарлық талаптарға сай емес тамақ ішетін орындары. Газ баллонмен жұмыс істеу деген бала жүрген жерде өте қауіпті. Санитарлық тораптарында мұздай су ағады екен. Жылы су жоқ. Жағдайы мүлде кеткен баламыздың. Баладан сұрасақ қорқытқан. Осы кезге дейін айтпаған. Мына мекеменің жабылуын талап етемін. Келесі жолы өзгелердің біз сияқты қателікпен балаларын әкелмеуін сұраймын», - дейді қала тұрғыны Жадыра Мерденова.

Ата-аналар осы уақытқа дейін ғимараттың ішіне кіре алмапты. Айтуларынша, санитарлық талаптарды алға тартқан оқу орталығының басшылығы есіктен әрі аттатпаған көрінеді. Ал 17 мамыр күні жұмыстан кетіп жатқан тәрбиеші жағдайды ата-аналарға жеткізіпті. Маңдайтер ақымды уақытылы ала алмадым деген ол білім ордасының сырты бүтін, іші түтін деп отыр.

«Мен баланың өмірін қорғағым келді. Себебі бала 11 сағат аш. Газды қиып кеткен бір, жарықты қиып кеткен екі, септиктің боғы сыртына ағып жатты, сарайда тамақ істелініп жатты кеше мен түсіріп алғанымда. Сарайға барып істейді тамақты. Сосын бір қазан рожкиді алып келеді де төбемізден төніп тұрады. Балалар апай тағы беріңізші қарнымыз ашты деп нан сұрайды да жүреді», - дейді оқу орталығының бұрынғы қызметкері Аида Мырзағұлова.

Ал оқу орталығының басшылығы мұның барлығын жоққа шығарды. «Мені қаралау мақсатында әдейі ұйымдастырылған» деп отыр. Сондықтан жалған ақпаратпен күресті заң шеңберінде жүргізбекші.

«Прокуратураға арыз жазылды. Өзім облыстық СЭС-ке өтініш жаздым. Тексеріп бізге қорытынды берсін деп. Облыс прокуроры мені шақырды. Кәсіпкер ретінде маған көп қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Бұл жерде көп шикілік бар екенін, қолдан жасалғанын түсініп отыр. Бұл істің міндетті түрде нүктесін қоямыз», - деді оқу орталығының құрылтайшысы Айнұр Сүндетова.

Келеңсіздік әлеуметтік желіде тарап кеткен. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингтік топ өкілдері орталыққа тексеру жүргізіпті. Оның қорытындысы негізінде құзырлы орындарға ұсыныстар жолданбақшы.

«Жалпы оқу орталығы дегендер лицензияланбайды. Олар белгілі бір уақытта ғана балаларға қосымша білім беру ретінде жұмыс жүргізу керек. Бұл кісілерде мектепке дейінгі жастағы балалар азаннан кешке дейін білім алады деген мәлімет алып отырмыз. Сол бағытта зерделеу жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мырзағалиева.

Қоғамда үлкен наразылық тудырған бұл мәселеге қатысты құқық қорғау органдары әлі тексеру жұмыстарын бастамаған. Бұған кәсікерлік нысандарды тексеруге жарияланған мораторий қолбайлау болып отырған көрінеді. Ата-аналар, тәрбиеші мен басшылық тарап болса, бірінің үстінен бірі арыз түсіріп жатыр. Тек тұтанған даудың жалыны балаларды шарпып өтпесе игі.

Просмотров материала: 1 430

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 877 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 424 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 980 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 028 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 363 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 047 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 160 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 430 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 891 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 362 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 299 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 526 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 345 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 181 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 520 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 424 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 114 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 519 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 272 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 223 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 060 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 895 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 182 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 118 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 618 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 295 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 937 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 202 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 572 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 961 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 908 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 980 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 942 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 156 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 304 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031