11 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Келер президенттік жарыста бізді альтернативсіз сайлау күтіп тұр - Мұхтар Түменбай

Келер президенттік жарыста бізді альтернативсіз сайлау күтіп тұр - Мұхтар Түменбай
"Кезінде саясатты қойдым, болдым, тойдым деген Болат Абиловта ертең саяси партия ашам деп мұқым жұртқа жар салмақ. Жә, оны қойшы, азды-көпті, шын-өтірігі аралас болса да жүрді ғой саясатта. Итпай-шортпайдың бәрі партия ашамын деп тыраштанып кетті ғой бүгінде. Жалпы біздің қоғамдық-саяси өмірдің палитрасы жатқан бір траги-комедия. Елдегі соңғы уақытта басталған партиялық қыбыр-жыбыр нені аңғартады өзі? Саяси белсенділіктің артқанының белгісі дер біреулер. Бәлкім солай да шығар. Біз сияқты саясаттан мақұрым делитанттар ондайды қайдан білсін. Бірақ, бүгінгі, саяси аренадағы деп айтуға да ұят екен өзі, бір сөзбен айтқанда іштегі болып жатқан азды-көпті, ірілі-ұсақты бықсуларды бір қатарға қойып салыстырсаң еріксіз мүлдем басқа тоқтамға келесің.

Өздерің қараңдар. Билік партиясы саналатын "Аманат" партиясынан бастайық. Президенттің партиядан шығып кеткеніне қарамастан, бұл сорлап қалған жетімектер Тоқаевты бір ауыздан, ес-түсімізден танғанша қолдаймыз деп ышқынып жүр. Оларға қосылған "Адал" да сол ұстанымда екені айтпаса да түсінікті. Олардан сәл бұрын коммунисттердің (халықтық партия деуге ауыз бармайды) су жұқпас суайт жаңа лидері Ертісбаев та келмей жатып "келер сайлауда біз тек Тоқаевты қолдаймыз, біз үшін одан бөтен альтернатива жоқ" деп ашығын айтты. Қайтсін қасқа, билік тарапынан қолдау болмаса коммунисттер үшін оның құны беш тиын екенін іші сезеді ғой. Енді отырғаны сол, партия филиалдарына да басшыны өз бетінше тағайындай алмай. Бәріне рұқсат керек.

25 жыл бойы табынарға пір таба алмай, кабинетіне біресе Назарбаевтың, біресе Бөкейхановтың портретін іліп, енді Қонаевтың Қапшағайына жетіп барып, соның фонында селфилетіп, өзіне жаңа абыз тауып алып жүрген Азат Перуашев та сол Ертісбаевтың сыңары. Кеше ғана Назарбаев кеткенде еңіреп жылаған қара бала, бүгін Елбасы статусын Конституциядан алып тастауды алғашқылардың қатарында қолдап, референдумды насихаттап жүр.

"Ауыл" партиясының барынан жоғы. Не өлі екені, не тірі екені белгісіз. Бірақ оның да өлермен болып әрең шыққан дауысы Тоқаев деп сыбарлайды.

Стақан ішіндегі суда дауыл тұрғызып жүрген мамай-боқайлар мен тайжан-тоғжандар да Тоқаевтың билігіне таласымыз бар дегенін байқамадым. Ал реті келген жерде Президенттің алған бағыты дұрыс деп қолдапта қояды.

Сонда бұлардың бәріне өз алдына бір-бір партия неге керек болып қалды? Адам аярлық осы тірліктерін қарап отырып бір нәрсені ғана түйіндеуге болады. Бұлардың ешқайсысында қоғамды өзгертем деген амбиция жоқ. Амбиция қайдан болсын, өре жоқ болса. Ал өре жоқ жерде биік мақсат та тууы мүмкін емес. Көздегендері тек Тоқаевтың шахмат тақтасынан орын алу. Соңғы кездегі мәлімдемелерімен бұлар тек атқосшы болуға ғана жарайтынын көрсетті. 30 жылда ана тілін үйренуге титтей де болса талпынбаған Бутя, Дося, Джакишевтер қазақы электоратқа жақын бола алмасы анық. Тірі өліктер. Оларды ел тек сапалы менеджерлер қатарынан көргісі келеді. Министрлік, әрі кеткенде вице-премьерлік олардың ең биік баспалдағы. Болмаса ол да жоқ. Қайтейік, саяси алаңдағы барымыз осы.

Олай болса Тоқаевқа да алдағы сайлауда қорқатын дәнеңе жоқ. Қауіп тек экстремистік діни ағымдардың, салаф-ит, вахаб-ит сияқты жартылай астыртын ұйымдардың тарапынан болуы мүмкін. Бірақ олардың тамырына балта шабуға Тоқаевтың ақылы, мен айтпай-ақ та, жетеді. Ол істің басы басталып та кеткен секілді.

Қысқасы келер президенттік жарыста бізді альтернативсіз сайлау күтіп тұр".

Мұхтар Түменбай, журналист

Дереккөз: facebook
Автор: Мұхтар Түменбай -
Просмотров материала: 882

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 94 446 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 94 262 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 94 231 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 94 170 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 94 164 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 603 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 348 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 377 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 888 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 039 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 910 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 387 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 527 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 433 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 170 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 350 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 339 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 147 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 504 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 185 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 157 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 096 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 949 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 159 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 122 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 489 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 854 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 992 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 201 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 442 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 931 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 969 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 019 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 922 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 159 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 287 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031