12 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Анасы қайтыс болған»: Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді

12 май 2022, 15:46
«Анасы қайтыс болған»: Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді

Фото: exk.kz
Алматыдағы жекеменшік мектепте жоғары сынып оқушыларынан зорлық көрген 1-сынып оқушысының әкесі қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.


Ер адам өзінің аты-жөнін жарияламауды және бет-жүзін көрсетпеуді өтінді. Ол ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, бірнеше жыл бұрын әйелі қайтыс болғанын айтты. Оның басқа қалада тұратын ересек қызы бар екен.

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы жекеменшік мектепте болған. Ер адам баласын 2021 жылдың қыркүйегінде осы оқу орнына берген.

Оның айтуынша, ұлы ештеңеге шағымданбаған, оқу үлгерімі жақсы болған. Ал жетінші сыныптың үш оқушысының баланы аяусыз қорлап жүргенін сәуір айының ортасында ғана білген.

«Бір күні ол маған өзін мектепте жоғары сынып оқушыларының пышақпен қорқытатынын айтты. Басқа ештеңе айтпады. Келесі күні мен жағдайды анықтау үшін сынып жетекшісіне жолықтым. Ол маған бәрін біліп беремін деп ​​уәде берді де, сол күйі ұмыт болды», - дейді ер адам.

Кешке қарай әкесі баласының аяғы қатты ісіп кеткенін байқаған. Сол кезде жоғары сынып оқушысының баланың аяғын басып, ісітіп жібергені анықталады.

Әкесі тағы мектепке барады. Оның айтуынша, тағы да ешкім ештеңе түсіндірмеген, бәрі белгісіз күйінде қалған.


«Анасы қайтыс болған»: Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді

Соңында баласы әкесіне өзін мектеп дәретханасында 7-сыныптың үш оқушысы зорлап жүргенін мойындайды.

«Ұлым бәрін айтып берді. Оны жоғары сынып оқушылары дәретханаға апарып, күштеп еңкейтіп, қолын қайырып, көзін жауып тұрып зорлаған. Үшеуі кезектесіп зорлық көрсеткен. Пышақпен, тапаншамен қорқытқан. Тура сабақ жүріп жатқан кезде жасаған. Мұғалім ұлымды сабақ кезінде жібере берген, ал дәретханада әлгі хайуандар күтіп тұрған. Олар оны қаңтар айынан бері зорлап келген. Ұлымның айтуынша, барлығы 10-12 зорлық көрген», - дейді көзінен жас сорғалаған әке.

Сол күні ер адам полицияға арыз жазып, ұлын сараптамаға жіберген. Зорлау фактісі расталған.

«Мен 22 сәуірде арыз жаздым, әлі еш нәтиже жоқ. Зорлаушылар бостандықта жүр, мектеп ашық тұр. Мектепте маған ешкім ештеңе түсіндірмеді. Баламды ол жерден алып кеттім. Ол екі аптадан бері үйде. Жантүршігерлік қылмысқа елең еткен жан баласы жоқ», - деп күйінеді ер адам.

Ол қылмыскерлер қайтсе де жазасын тартуы тиіс дейді. Оның айтуынша, олардың екеуі әлі 14-ке де толмаған.

«Біреуі ересек, 15 жаста. Екеуі 13 жаста. Колонияға жіберсін, ата-аналарын жазаласын, мектеп жабылсын. Бұл жекеменшік мектеп. Баламды сонда зорлық көрсін деп ақша төлеп жүрдім бе?» - деп ашынады әке.

Қайғылы оқиға болған жекеменшік мектеп журналистерге есігін тарс жапқан. Ешқандай түсініктеме бермеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мектептерінің бірінде 7-сыныптың үш оқушысы дәл сабақ кезінде дәретханада 1-сынып оқушысын бірнеше рет зорлағаны хабарланған болатын.
Просмотров материала: 5 660

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 547 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 190 100 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 652 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 697 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 190 031 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 084 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 470 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 802 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 942 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 398 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 533 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 352 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 187 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 529 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 429 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 118 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 525 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 279 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 229 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 064 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 904 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 190 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 126 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 625 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 309 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 946 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 212 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 581 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 966 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 913 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 989 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 948 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 162 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 312 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031