30 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дәрігер қателік жіберсе, ақшалай төлем алуға болады – заң жобасы

Дәрігер қателік жіберсе, ақшалай төлем алуға болады – заң жобасы

Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Осыдан бір жыл бұрын президент дәрігелер үшін жағымды жаңалықты жариялаған еді. 2021 жылдың аяғына дейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады делінген. Алайда Тоқаевтың тапсырмасы уақытында орындалмады. Жақында денсаулық сақтау министрлігі арнайы заң жобасын әзірледі. Соның аясында дәрігердің қателігі үшін сақтандыру төлемін беру, сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігін жеңілдету қарастырылған.

Әрбір дәрігерді сақтандыру жүйесімен қорғайды

Министрлік әзірлеген заң жобасы бойынша әрбір медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жоспарланып отыр. Ай сайынғы жарналар мемлекет есебінен аударылады. Ал дәрігердің қателігінен пациенттің денсаулығына зиян келсе, сақтандыру компаниясы төлем жасауға міндетті. Оны алудың үш жолы бар. Олар:

1.емхана мен аурухананың қорытындысы;
2.министрлікке қарасты медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жанындағы тәуелсіз сарапшылар шешімімен;
3.құқық қорғау органдары мен соттың үкімімен.

Алғашқы екеуі дауды сотқа дейінгі реттеу шараларын көздейді. Оған бейінді қауымдастықтардың мамандары тартылады. Ал тексерісті ішкі аудит немесе пациентті қолдау қызметі жүргізеді деген жоспар бар.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын сапасыз медициналық қызмет көрсету бойынша 300-ге жуық іс қозғалады. Соның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 80-бабы ("Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету") және Қылмыстық кодекстің 317-бабы ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") бар. Денсаулық министрлігі дәл осы қылмыстық бапты ізгілендіруді көздейді. Атап айтқанда, науқастың денсаулығына ауыр, орташа және жеңіл зиян келтіргені үшін жазаны жеңілдету ұсынылып отыр.

"Қазіргі кезде дәрігерлердің мәртебесін көтеру және олардың қызметін кәсіби сақтандыру бойынша заң жобасын әзірленіп жатыр. Бұл – өте маңызды құжат. Заң жобасында дәрігерлерді қолдауға арналған көптеген шаралар қарастырылған. Мысалы, дәрігер тарапынан медициналық көмек дұрыс көрсетілмесе, я болмаса, біреудің денсаулығына қатер төндірген жағдайда бірден соттамайды, сақтандыру компаниялары мен медиация арқылы көмек беріледі", - дейді денсаулық министрі Ажар Ғиният.

Заң жобасымен медицина қызметкерлерінің мәртебесін де көтеру жоспарланып отыр. Президент айтқан "Еңбегі сіңірген дәрігер" атағы енгізілуі мүмкін.

Тоқаевтың тапсырмасы

Былтыр Нұр-Сұлтанда "Алтын жүрек" мемориалының ашылу салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің моральдық және заңдық жауапкершілігі артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Халық тарапынан қойылатын талап та жоғары. Осыған байланысты медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуге тапсырма берілген.

"Көптеген маман қысымға шыдамай, кәсіби тұрғыдан қажып, денсаулық сақтау саласынан бас тартуда. Өкінішке қарай, бұл алаңдатарлық жағдай. Аталған үрдіс елімізде ғана орын алып отырған жоқ. Сондай-ақ бүкіл әлемде бес миллионнан астам дәрігер жетіспейді. Осы орайда медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын біртіндеп күшейту қажет. Менің тапсырмам бойынша жыл соңына дейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады", – деді Тоқаев жиынға келген дәрігерлерге.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" атағын енгізуді ұсынды. Атақпен бірге материалдық сыйақы да беріледі. Оның көлемін үкімет белгілеуі тиіс.

Алматыдағы трагедия

Биыл сәуірдің басында белгілі алматылық гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті.

Күдікті ұсталды. Ол Шумковтың пациенті болып шықты. Дәрігердің қабылдауына бірінші рет келгенде тамақ іше алмайтынына шағымданды. Ал ФГДС-ке (асқазанды тексеру) жасалғанда ер адам зондты жұлып алған. Процедураны екінші рет жасағаннан да нәтиже шықпады. Осыдан кейін оны ЛОР-ға консультацияға жіберген. Шумковқа үшінші рет келгенде ғана асқазанын тексерген. Оған "өңештың қысылуы" деген диагноз қойылды. Дәрігер ем жазып берген.

Әріптестерінің айтуынша, екеуінің арасында ешқандай жанжал болған жоқ. Алайда артынан пациент дәрігерді өлтіруге бел буған. Таңғы уақытта Шумковты үйінің маңындағы автотұрақта атып тастады. Күдікті дәрігерді екі ай бойы аңдыған.
Просмотров материала: 575

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 148 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 829 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 329 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 370 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 747 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 698 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 731 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 064 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 738 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 774 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 978 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 830 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 950 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 600 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 476 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 431 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 706 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 455 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 864 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 658 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 478 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 313 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 165 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 523 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 407 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 896 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 259 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 218 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 459 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 854 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 209 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 295 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 222 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 465 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 602 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930