26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қан алу: Хиджаманың денсаулыққа пайдасы мен зияны

26 апрель 2022, 8:44
Қан алу: Хиджаманың денсаулыққа пайдасы мен зияны

фото: Pexels
Шығыс елдері және Еуропаның бірқатар елдерінің халқы ежелгі исламдық емдеу әдісі – хиджамаға жиі жүгінеді. Емдеу әдісінің бұл түрі ағзадағы "пайдасыз" қаннан арылуға негізделген. Хиджама – көптеген ауру түрлерін емдеуде қолданылады және оны арнайы құралдардың көмегімен жасауға болады. Сонымен хиджама дегеніміз не? Аталған сауалдың жауабын бүгінгі мақаладан білетін боламыз.

Хиджама дегеніміз не және оның пайдасы

БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес, хиджама – бұл емдеудің ежелгі түрлерінің бірі әрі ол халық арасында күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Түрлі еңбектерде адам ағзасын емдеудің аталған әдісі Мұхаммед Пайғамбар заманында да кеңінен қолданылған деген дерек бар. Капилярлық қан алу арқылы жасалатын әдіс өте қарапайым әрі ағзадағы "ластанған" қанды алудың таптырмас құралы болып табылады.

Қан ағзаға ластанған су немесе ауа, дұрыс тамақтанбау, дәріні көп ішу сияқты жолдармен зиянды заттарды сіңіріп алады. Емдеудің бұл әдісі қанның жаңаруын қамтамасыз етеді, нәтижесінде ағзаның жалпы жағдайы да дұрысталады. Еске саларлығы, хиджама тәсілімен барлық адамдар бірдей емделе алмайды. Онымен емдеуге болатын, болмайтынын дәрігер шешуі тиіс.

Хиджама жасау үшін вакуумдық банкалар, сорғы, пышақ және спирт керек. Процедура 15-20 минутқа созылады. Алдымен денеге пластикалық банкалар қойылады. Осылайша сорғының көмегімен олардың астында вакуумды кеңістік пайда болуы керек. 5 минут өткен соң жаңағы жерлерді спиртпен сүртіп, оларды пышақпен тіледі. Нәтижесінде сол жерде қан жинала бастайды. Денеде хиджама жасалатын белгілі бір орындар бар.

Дененің бұл нүктелері науқастың қай жері ауыратынына байланысты таңдалады. Сөйтіп дененің белгілі бір бөліктеріндегі қан айналымына әсер етуге болады. Тамырлардағы "лас" қан сұйықтығын алып тастау арқылы қан тамырларында жаңа қан ферменттері пайда бола бастайды.

Процедура қант диабетін емдеуде де тиімді, дейді мамандар.

Хиджама қан қысымы жоғарылағанда оны төмендетеді, қандағы глюкоза мөлшерін реттейді, жүрек соғысын қалыпқа келтіреді.

Ресей денсаулық сақтау дәрігерлерін жетілдіру бойынша Иркутск мемлекеттік институтының және Республикалық клиникалық аурухана авторлар тобының зерттеулеріне сәйкес, денеден аз мөлшерде қан алу кешенді терапияда бронх-өкпе ауруларын емдеуде қолданылады.

Тәжірибеге сүйене отырып, ағзадан қан алу үшін келесі патологиялар қарастырылатынын атап өткен жөн:

тірек-қимыл жүйесінің бұзылуы; остеохондроз;
есту қабілетінің жоғалуы; гаймор қуыстарының қабынуы;
пневмония;
гипертония;
бронх демікпесі;
бауыр мен өт қабы жұмысының бұзылуы; бүйрек аурулары;
зәр шығару жүйесінің аурулары; артроз; ерлер мен әйелдердің бедеулігі;
әйелдердің жыныстық жүйесі аурулары.

Қан алу зәр шығару жүйесіне оң әсер етеді. Сол себепті бұл әдіс артық салмақтан арылу барысында да қолданылады. Науқастар аталған процедурадан кейін өздерінің күші мен энергиясы артқанын, түнгі ұйқы мен көңіл-күйі жақсарғанын айтады.

Хиджаманы қолдануға болмайтын жағдайлар мен зияны

Кейде адамдар хиджама жайлы теріс пікірлерін де айтып жатады. Хиджама денсаулыққа оң әсер етуі үшін банкілер дененің кез келген жеріне емес, тек арнайы кей бөліктеріне ғана қойылуы керек. Өйтпеген жағдайда қан алу процесінің денсаулыққа зияны болуы мүмкін.

20 жастан кіші әрі 70 жастан үлкен адамдарға хиджама жасауға болмайды. Хиджаманы келесі аурулар мен патологияларда жасауға болмайды:

анемия;
психикалық ауытқулар;
астения;
онкологиялық аурулар;
жүктілік және лактация кезеңі;
эритроциттердің жетіспеушілігі;
ашық жарақаттар болған жағдайда;
қатты шаршау, әлсіреу болғанда;
лейкоциттер мөлшері аз болғанда;
гематокрит төмен болғанда;
тромбоциттер тапшылығы;
АИТВ, ЖИТС аурулары;
атеросклероз;
гепатит, мерез;
ағза әлсіреген жағдайда;
бауыр циррозы;
ауыр жүрек ақаулары.

Уақытша шектеулер төмендегідей:

жарақаттан, ұзақ ауырғаннан кейін немесе операциядан кейін денені қалпына келтіру (процедураны 20-30 күннен кейін жасайды); әйелдерде етеккір келген күндері және ол аяқталғаннан кейін тек 7-10 күннен хиджаманы жасауға болады; вирустық аурулар немесе ангина ауырғаннан кейін екі аптадан соң хиджама жасауға болады.

Қан алу – бұл аз мөлшерде болса да қан жоғалту, сондықтан ағза үшін ол белгілі бір деңгейдегі "стресс" болуы мүмкін. Ем-домның ережелерін сақтамау денсаулықтың нашарлауына әрі келесі жанама әсерлерге әкелуі мүмкін:

құсу және диарея;
қатты шаршау;
қан қысымның күрт төмендеуі;
температураның жоғарылауы;
анемия.

В.А.Тарнуев пен Г.Т.Намсараева ұсынған деректерге сәйкес, қанның аз мөлшерде алынуы қиындықтар да тудыруы мүмкін. Мәселен қан кетпей, тоқтап қалады немесе керісінше тоқтамай қоюы мүмкін. Кей жағдайдарда тіпті науқас есінен де танып қалуы ықтимал. Мұндай қиындықтарға жол бермес үшін, міндетті түрде хиджама жасамастан бұрын дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Хиджама адам денсаулығын жақсартады және көптеген ауруларды емдеуге көмектеседі. Алайда емдеудің бұл түрі бірқатар кеңестер мен оны жасатуға болмайтын жағдайларды еске ұстауды талап етеді.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық бағытта әзірленді. Аталған процедураны жасамас бұрын, дәрігермен міндетті түрде кеңескеніңіз жөн.

Дереккөздер: 1.Тарнуев В. А., Гармаев О. Ж., Доржиева Д. Д., Есаулова И.Н. Бронх маскасымен ауыратын науқастарды кешенді емдеуде микро қан алу әдісін қолдану// Тыныс алу физиологиясы мен патологиясы бюллетені. – 2 008 . - №28. 59-61б.
2. Naseem Akhtar Qureshi. History of cupping (Hijama): a narrative review of literature// National Library of Medicine. — 2017.
3. Seyed Reza Vakilinia. Hijama (Wet Cupping or Dry Cupping) for Diabetes Treatment// National Library of Medicine. — 2016.

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Просмотров материала: 1 197

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 372 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 192 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 163 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 107 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 091 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 094 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 611 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 759 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930