14 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

19 апрель 2022, 14:25
Тоқаев Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Фото: akorda.kz
Ақорда резиденциясында 10 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Сенім грамоталарын Куба елшісі Оскар Сантана Леон (резиденциясы Нұр-Сұлтан қаласында), Бангладеш елшісі Камрул Ахсан, Доминикан Республикасының елшісі Франк Ганс Данненберг Кастельянос, Аргентина елшісі Эдуардо Антонио Зуайн, Перу елшісі Хуан Хенаро дель Кампо Родригес, Нигерия елшісі Якубу Сантураки Сулейман, Лаос елшісі Вилаван Йиапохэ, Чад елшісі Адам Бешир Махамуд, Руанда елшісі Фиделис Нтампака Миронко, Бенин елшісі Акамби Андре Окунлола-Биау тапсырды.

Тоқаев Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты


Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлемнің соңғы отыз жыл ішінде ең күрделі геосаяси және геоэкономикалық ахуалды бастан өткеріп отырғанын айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы елдеріміз үшін айтарлықтай сынақ болды. Сонымен қатар халықаралық қатынастардағы ахуалдың шиеленісуі әлемнің дамуына кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Президенті қақтығыстардың БҰҰ Жарғысына сәйкес тезірек және әділ реттелетініне сенімді екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

"Біз демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне өткенімізді жариялап, мемлекеттік билікті бұрын-соңды болмаған орталықсыздандыруға, үйлесімді және тепе-теңдік жүйесін нығайтуға кірістік", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуға баса мән берілетініне тоқталды.

"Біздің Үкімет ұлттық экономиканың ашықтығына, келісімшарттарға қол сұғылмауына және жемқорлықпен аяусыз күреске бейілділігін сақтайды. Бұл реформалар халқымыздың тарихындағы бетбұрыс кезеңді білдіреді. Біз тұралап қалу емес, қарқынды даму жолын таңдаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент шын мәнінде бәсекеге қабілетті, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әлемнің барлық елімен өзара тиімді әрі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті екенімізді айтты.

Рәсім соңында Мемлекет басшысы дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады. Сондай-ақ жиынға қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен, Пасха мерекесімен және Лаос Жаңа жылымен құттықтады.
Просмотров материала: 446

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 419 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 012 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 524 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 577 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 929 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 378 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 474 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 764 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 229 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 329 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 653 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 481 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 591 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 238 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 729 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 479 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 173 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 570 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 349 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 276 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 106 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 953 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 256 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 170 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 673 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 491 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 006 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 261 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 635 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 012 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 955 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 042 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 006 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 208 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 364 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930