20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елімізде 8 мыңға жуық адам орган ауыстыруға мұқтаж: басым бөлігі – жастар

15 апрель 2022, 12:48
Елімізде 8 мыңға жуық адам орган ауыстыруға мұқтаж: басым бөлігі – жастар
Елімізде орган ауыстыру үшін кезекте үш мыңнан астам науқас бар. Ал жалпы тіркелмегендерді қосқанда 8 мыңға жуық адам мұқтаж. Науқастардың орган ауыстыруында қандай қиындықтар бар? ҰҒОО Ағзаларды транспланттау секторының жетекшісі, хирург-трансплантолог, уролог, онколог дәрігер, Менеджмент және басқару магистрі Мэлс Асықбаев Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында осы проблема жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

– Былтырғы мәлімет бойынша жыл сайын орта есеппен 2900-ге жуық қазақстандық орган трансплантациялау үшін кезекте тұрады. БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сүйенсек бұл соңғы 5 жылдағы мәлімет бойынша жасалған статистка. Ал биылғы көрсеткіш қандай? Кезекте тұрғандар саны және қандай органдаға сұраныс жоғары?


– Қазіргі таңда 3340 науқас күту парағында тұр. Оның ішінде наурыз айындағы көрсеткішке сәйкес республика бойынша 3131 науқас бүйрек, 160 адам бауыр, 150-ге жуық науқас жүрек, 10 шақты науқас өкпе трансплантациясына мұқтаж. Біздің елде кезекте тұрғандардың ішінде бүйрекке сұраныс жоғары. Бүйрек ауыстыруға мұқтаждардың 80-і – әлі 18 жасқа да толмаған. Статистика бойынша бізде орган ауыстыруға көбіне жастар мұқтаж болып отыр.

МҮФТИЯТ ОРГАН АЛУ ЖӨНІНДЕ ҚАНДАЙ ПӘТУА ШЫҒАРДЫ?

– Қазақстанда соңғы екі жылда трансплантациялау үшін қайтыс болған 5 адамның ғана органын алу мүмкін болған. Неліктен статистикалық көрсеткіш өте төмен?


– Өткен жылғы көрсеткіш бойынша республикада 5 оқиға, биыл 2 оқиға тіркелді. Биыл бас-ми жарақатынан қайтыс болған екі адамнан 4 бүйрек, 2 жүрек, 1 бауыр трансплантациясы жасалды. Шын мәнінде бұл көрсеткіш өте төмен. Заң бойынша бас-ми өлімі тіркелсе, қайтыс болған адамның туыстарынан рұқсат сұралады. Егер жақындары қарсы болса, ол кісіден ешқандай орган алынбайды. Көп жағдайда бізде туысқандары қарсы болып жатады. Олардың пікірінше, орган алу дінге қайшы. Бірақ осыған байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының төмендігін көріп отырмыз. Қазақстан мүфтиятының арнайы шығарған пәтуасында орган алу бас-ми өлімі тіркелген кезде, сондай-ақ пайда табу үшін сату және сатып алу болмаған кезде рұқсат берілген. Яғни басты талап өз еркімен және тегін болуы тиіс.

Елімізде 8 мыңға жуық адам орган ауыстыруға мұқтаж: басым бөлігі – жастар


– Біздің елде ақылы негізде тапсырыс беріп ота жасататындар бар ма?

– Ондай мүмкіндік жоқ. Бас-ми өлімі тіркелген кезде органға мұқтаж қай науқасқа бірінші кезекте жасалуы керегін дәрігер шешпейді. Арнайы «күту парағы» деп аталатын бағдарлама бар. Ол трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығында жүзеге асады. Сол арқылы қан тобы мен тіндік сәйкестік бойынша бағдарлама өзі автоматты түрде тағайындайды. Бұл жерде адами факторға жол берілмеген. Әлбетте, сәйкестігі жоқ адамға трансплантация жасалмайды. Өйткені сәйкес емес органды салғаннан кейін жұмыс істемейді. Егер орган ауыстыруға мұқжат адамның туысқаны бүйрегін беруге дайын болса, медицинылық және этикалық тексерістен өткеннен кейін бірден операция жасалынады.

Донор таппаған жандар шетелге барып сол жақтан ақылы түрде мәйіттік ота жасатып жатыр. Көп жағдайда Беларусь еліне барып жасатады. Оларда мәйіттік трансплантация жақсы дамыған. Дәл солай Еуропада 85-90%-ы мәйіттен орган алып операция жасау болса, 10-15% ғана туыстық трансплантация. Орталық Аязияда жағдай керісінше, мәйіттен орган алып ауыстырудың көрсеткіші төмен. Мысалы, Қазақстанда туыстық донордың үлесі 90%. Беларусь елінде біздің азаматтарға бірден ота жасап бере салмайды. Олардың заңы бойынша алдымен өз елдерінің азаматына жасалады, содан кейін ғана шетелдіктерге кезек келеді. Оларда мәйіттік 5%-да ғана шетел азаматтарына трансплантация жасайды.

«МОРГТЕ ЖАТҚАН МӘЙІТТІҢ ОРГАНДАРЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯҒА ЖАРАМАЙДЫ...»

– Туыстық донор болу кезінде қандай тексерістерден өту керек?

–Науқастың кез-келген туысы донор бола алмайды. Донор болу үшін қан тобы, тіндік сәйкестік және медициналық тексерістен толықтай өткеннен кейін ғана донор мен реципиенттің құжаттары тексеріледі. Соның шешімінен кейін ғана этикалық комиссияға құжат жіберіледі. Олар екеуінің туысқандық қарым-қатынасын тексереді. Ешкімді күштеп мәжбүрлеп отырмағанына көз жеткізілуі керек. Осындай этаптардан өтіп барып ота жасалады.

– Бас-ми жарақатынан қайтыс болған адамдардың органдарын алу кезінде қаншалықты дұрыс тексеріс жүргізіледі? Мұндай жағдайда органның жарамай қалу фактісі тіркелген бе?


– Бас-ми өлімі деп пациент басынан жарақат алса немесе инсульт салдарынан ауқымды жарақат болса, бас-ми қызметінің толықтай бұзылуын айтамыз. Мысалы, өзге бір облыстың ауруханасында бас-ми жарақатымен науқас ауруханаға түссе, сол мекеменің дәрігерлері науқастың жағдайын қарап отырады. Тексеру барысында науқасқа көптеген тест жасалады. Егер бас-ми өлімі тіркелер болса арнайы хаттама толтырылады.

Ерекше айта кетерлігі, іш, кеуде жарақатымен немесе жүрегі тоқтап қайтыс болғандар донор болуға жарамайды. Себебі оның органдары жарамсыз болып қалады. Жұрт аузында шындыққа сай келмейтін аңыз-әңгімелер көп. Мысалы, моргте жатқан адамның органдарын алып қойыпты немесе жоғалып кеткен адамдардың бүйрегін алып қойыпты деген сияқты ақпараттар тарайды. Бұл – жалған мәлімет. Өйткені биологиялық өлім тіркелген кезде орган жарамсыз болып қалады. Ал негізсіз орган ауыстыра салу мүмкін емес. Өйткені бір операцияны жасау үшін қаншама дәрігер қатысады.

Біздің елде орган ауыстырудың заңсыз жолдарын жою үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, операциядан кейін науқасқа берілетін дәрілерді аптекадан таба алмайсыз. Оларды тек база арқылы науқастың жергілікті жері бойынша емханадан ғана алу мүмкіндігі бар.

БЫЛТЫР ОРГАНҒА МҰҚТАЖ 340 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

– Қазақстанға шетелден келіп трансплантация жасататындар бар ма?

– Біздің елде шетел азаматтарына орган ауыстыру операциялары жасалмайды. Мәйіттік трансплантация үшін кезекте шетелдіктер жоқ. Қазақстанда тек өзіміздің кезекте тұрған азаматтарға ғана жасалады. Отандастарымызға ота тегін жасалады.

– Кезегі келмеген, алайда трансплантацияға шұғыл мұқтаж азаматтарымыз уақыт жоғалтпай, өз қаражатына шетелге барып ота жасатуға мәжбүр. Осындай қанша оқиға тіркелді? Сол күйі кезегі келмей өмірден өтіп кеткендер саны қанша?

– 2021 жылы он шақты науқас шет елден трансплантация жасатты, алайда көптеген асқынулармен біздің орталыққа келіп ем алды. Былтырғы көрсеткіш бойынша кезекте тұрған 340-қа жуық науқас жағдайы нашарлап қайтыс болды. Биыл қаңтарда органға мұқтаж 29 науқас күйінде қайтыс болды.

– Еліміздегі трансплантология қызметінде қандай проблемалы мәселелер бар?

–Заң аясында ешқандай проблема жоқ. Онда бәрі қарастырылған. Тек түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмей отыр. Көпшілік қайтыс болғаннан кейін орган беру мәселесіне салғырт қарайды. Қорқады. Осы ретте, заң аясында Egov арқылы өтініш берілсе де, берілмесе де жақын туысқандардың рұқсаты керек болады. Мысалы, өзі келісім берген адамда бас-ми жарақаты тіркелетін болса, туысқандары қарсы шығуы мүмкін. Заңға сәйкес осыдан кейін орган алынбайды. Сол үшін біздің ел алдымен мәйіттік трансплантацияны айтарлықтай дамытуы керек.

«Күту парағында» 3 мыңнан аса адам тұр. Ал жалпы тіркелмегендерді қосқанда 8 мыңға жуық адам орган ауыстыруға мұқтаж. Кейбір науқастар дәрі-дәрмектер мен бүйректің бұзылуын тежеп отыр. Бұл әдетте адамның денсаулығына, күтіну шараларын қаншалықты дұрыс жүргізгеніне байланысты.



ӘЛЕМ БОЙЫНША 1 МЛН АДАМ БҮЙРЕККЕ МҰҚТАЖ

– Қазақстан соңғы жылдары орган ауыстыру саласында қандай жетістіктерге жетті?

– Ең алғаш рет біздің елде трансплантация саласының қарқынды дамуы 2010 жылы, ал жүйелендіру 2012 жылдан басталды. 10 жыл ішінде алғаш рет мәйіттен орган алып науқасқа салу отасы іске асты. Дүниежүзілік деңгейде жетістік деп айтуға келетін трансплантацияның бірі – бүйрек пен жүректі бір мезгілде бір адамға салдық. Қазір ол кісінің жағдайы жақсы. Екіншіден, бір мезгілде бір науқасқа бүрек пен ұйқы безінің трансплантациясы жасалды.

– Бізде ұйқы безіне операция жасала ма?

– Қант диабетінің бірінші типі ұйқы безінің бұзылуына алып келеді. Олар тек инсулинмен ғана жүре алады. Аурудың бұл түрі бүйрек жеткіліксіздігіне де алып келеді. Қант диабеті бүйрек пен көздегі ұсақ буынды қан тамырларын зақымдайды. Егер бүйрек пен ұйқы безін бірдей трансплантациялайтын болса, қант диабетінен құтылуға болады. Осы ретте ұйқы безіне ота жасау өте қиын. Өйткені бұл органның операциядан кейін жұмыс істеп кетуіне көптеген фактор әсер етеді. Көп жағдайда жаңа органдарды науқастың ағзасы қабылдамай жатады.

Дүниежүзі бойынша жылына ұйқы безіне 200-ге жуық қана операция жасалады. Көрсеткіштің өте аз екенін көріп отырмыз. Бізде мұндай ота небәрі екі-ақ рет жасалды. Әлем бойынша 1 млн адам бүйрекке мұқтаж. Мысалы өткен жылы АҚШ-та бүйрекке 19 мың ота жасалған.

ОРГАН АУЫСТЫРҒАН АДАМ МҮГЕДЕК БОЛЫП ҚАЛА МА?

– Ел арасында «трансплантация жасалғаннан кейін адамның өмірі қысқарады екен, жұмыс істей алмай, мүгедек болып қалады» деген пікір айтылып жүр. Бұл қаншалықты рас?

– Сұрағыңыз өте орынды. Кез-келген адамды біз донорлыққа қарастыра бермейміз. Түрлі тексерістерден өтеді. Соның ішінде медициналық тексеріс кезінде донордың өміріне кішкентай да болсын қауіп төндіретін жағдай болса, ол кісі донор бола алмайды. Ол кісінің органын алғаннан кейін денсаулығына ешқандай зияны тимеуі керек.

Екінішіден, салынған орган толыққанды жұмыс істеуі тиіс. Мысалы екі бүйрекпен қалай өмір сүрсе, дәл солай бір бүйрекпен де өмір сүре береді. Тек күтініп жүру керек. Орган салынған адамның да өмірі қысқарады екен деген – жалған ақпарат. Керісінше трансплантациядан кейін пациент толыққанды жұмысқа кіре алады. Жұмыс істеуіне, спортпен шұғылдануына ешқандай қиындық келтірмейді.

Бізде 3-4 жыл бұрын орган ауыстырған науқастарымызға арнап ойындар ұйымдастырылған. Оған көрші елдерден де қатысатын. Бұл жарыс трансплантация жасаған адамның спортпен емін-еркін шұғылдануына болатынын насихаттайды. Бүгінге дейін орган ауыстырған келіншек екі бала босанды. Қазір қалыпты өмір сүріп жатыр.

– Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Просмотров материала: 2 521

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 805 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 628 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 598 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 532 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 514 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 451 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 211 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 236 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 672 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 804 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 777 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 468 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 326 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 448 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 162 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 478 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 954 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930