16 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Куәгерлер тест тапсырған мұғалімнің қалай қайтыс болғанын айтты

15 апрель 2022, 10:05
Куәгерлер тест тапсырған мұғалімнің қалай қайтыс болғанын айтты
Алматыда 49 жастағы мұғалім біліктілік тестін тапсырған кезде қайтыс болды. Оның әріптестері қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әр мектепкен келген педагогтар бір-бірін танымайды. Сынақ кезінде өзін нашар сезіне бастаған ер адамға алғашқы көмек көрсетуге тырысыпты. Жедел жәрдемнің жылдам жете қоймағаны өз алдына, білім ошағында да дер кезінде шара қолданатын маман мен дәрі-дәрмек табыла қоймапты.

Хәлі нашарлаған педагог жерде жарты сағатқа жуық тірі жатқан. Осылайша ұстаздар бар білгенімізді жасасақ та, ажалға араша түсе алмадық деп ашынады.

"Көзілдірік таққан арықтау кісі қарама-қарсы келіп отырды. Қарасам, қобалжып отыр. Жан-жақтан көмектесіп, бір ағай жүрегіне, тағы бір әйел аузына ауа жіберіп жатыр. Мен қолын уқалап массаж жасадым. Алдын ала көмек беретін не мүсәтір де, не тонометр де жоқ. 25 минут жерде жатты. Неге бір медбике, дәрігер тағайындап қоймайды. Міне, қолымда жатып қайтыс болып кетті", - дейді Эльмира Иманбаева.

Мұғалімдер сынақ ұйымдастырылған жерде медициналық көмек көрсететін маман тұрмақ, дәрі қобдишасының болмағанын айтып ашынды. Педагогтерді жетілдіруге арналған осындай тестілеу түбімізге жететін болды деп, аттестацияға қатысты наразылық та білдірді.

"Жұмыс өтілім 30 жыл. Өз жұмыстарым бар, авторлық жұмыстарым да бар. Қазір менің бұрынғы түлектерімнің балалары тіпті оқуға келіп жатыр. 30 жылда Қазақстанға, мемлекетімізге еңбегіміз сіңді. Осы жерге сіңіп отырып, қайта тест тапсырып, өз еңбегімізді не үшін көрсетуіміз керек? ", - деді педагог Тұраркүл Әділбекова.

Мұғалімдер біліктілік тестін мүлдем алып тастау қажет деп санайды. Ал Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы педагогтерді тест тапсыруға міндеттемейміз дейді.

"Негізінде Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру – ерікті. Оған еш мәжбүрлік жоқ. Бұны тапсырудағы негізгі мақсат – категориясы мен жалақысына 50 пайыз үстемақы төленіп отырады. Бұл оқиғаға байланысты айтар болсақ, қайтыс болған адам Алматы қаласындағы жекеменшік мектептің мұғалімі болған", - дейді орталық директоры Руслан Емелбаев.

Қайтыс болған мұғалімнің тоғыз жылдық жұмыс өтілі бар. Тарих пәні мұғалімі болған. Жауапты министрлік бүгінгі аттестацияда медицина қызметкерлері болмағанын растап отыр. Қазір оқиғаға қатысты тексеру басталды. Алдағы уақытта тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету күшейтілетініне уәде берді.
Просмотров материала: 741

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 751 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 347 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 860 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 910 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 266 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 397 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 493 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 782 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 259 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 359 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 670 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 486 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 595 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 399 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 242 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 736 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 481 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 176 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 574 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 353 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 277 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 109 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 957 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 262 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 174 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 675 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 502 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 011 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 264 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 638 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 015 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 048 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 011 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 210 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 368 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930