27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



12 сәуір – ғарышкерлер күні

12 апрель 2022, 10:06
12 сәуір – ғарышкерлер күні
12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күні. Биыл бұл айтулы датаға 61 жыл толды.

1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес одағының аға лейтенанты Юрий Гагарин "Восток" кемесімен алғаш рет Жер орбитасын айналып ұшты.
Полет проходит успешно. Чувство невесомости нормальное. Самочувствие хорошее. Все приборы, вся система работают хорошо. Космонавт
12 сәуір – ғарышкерлер күні

Юрий Гагарин "Восток-1" ғарыш кемесінің ішінде

Небәрі 108 минутқа созылған сапар ғарышты игеруде үлкен қадам болды. Юрий Гагариннің есімі әлемге әйгілі болып, өзі шұғыл майор және Кеңес одағының қаһарманы атағын алды.

Бұл мереке – ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні. Алғаш рет 1962 жылдың 9 сәуірінде КСРО жоғарғы кеңес президиумының өкімімен белгілі бір республикаларда ғана тойланып жүрді. Кейін 1968 жылы халықаралық авиация федерациясының конференциясында айтулы күнді әлемдік дәрежеде атап өту туралы шешім қабылданды.

2011 жылдан бастап бұл күн халықаралық адамның алғаш ғарышқа ұшқан күні (International Day of Human Space Flight) деп аталып жүр.

Қазақстаннан кімдер ғарышқа ұшты

КСРО-ның соңғы және қазақ ұлтының алғашқы ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әубәкіров нөмірі бірінші ғарышкер ғана емес, ол алғаш рет басқа кеңістікте жүріп қазақтың ұлттық тағамын жеген адам. Сол жылы ғалымдар ірімшік, айран және қазақша етті ғарышта жүріп жеуге болатындай етіп әзірлеген.

Тоқтар Әубакіров, Александр Волков, Франц Фибек


Ол 1991 жылдың 2 қазанында ғарышқа старт кезіндегі экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге "Союз ТМ-13" кемесімен ұшты. Бір апта бойы "Мир" орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді.

Қазақтан шыққан екінші ғарышкер – Талғат Мұсабаев. Мұсабаев ғарышқа үш мәрте ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енген: осы күнге дейін ол секілді ешкім ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып көрмеген.


Ульф Мербольд, Юрий Маленченко мен Талғат Мұсабаев

Ғарышкер алғашқы сапарына 1994 жылы 1 шілде мен 4 қараша аралығында "Союз ТМ-19" және ЭО-16 кемесінің бортинженері ретінде ұшып, ғарышта 125 күн 22 сағат 53 минут және 36 секунд жүрді. Екінші сапары 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз күндері орындалды. "Союз ТМ-27" мен ЭО-25 кемелерінің командирі ретінде ұшып, сол жақта 207 күн 12 сағат 51 минут 2 секунд болған.

Үшінші сапарын 2001 жылы 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында "Союз ТМ-32" және "Союз ТМ-31" экспедиция жүргізуге бағытталған кемелердің командирі ретінде орындады. Ғарышкердің бұл сапары 7 күн 22 сағат 4 минут 3 секундқа созылды. Ғарышқа ұшқан бірінші Қазақстан Республикасының азаматы – Айдын Айымбетов.

Айдын Айымбетов

Айымбетов 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында "Союз ТМА-18М" және халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған "Союз ТМА-18М" кемесінің екінші бортинженері ретінде ұшты. Халықаралық ғарыш станциясына барған ЭП-18 экспедиция мүшесі. Жерге "Союз ТМА-16М" кемесінде оралды. Ұшу уақыты 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундқа созылды.

"Адамға табын, Жер, енді!"

Адамның ғарышқа ұшқан сәтін жырға қосқан ақын – Олжас Сүлейменов. Публицист бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында сол айтулы күннің қалай өткенін баяндады.

"12 сәуір. 1961 жылдың 12 сәуірі. Бұл бүкіл адамзат үшін ғана емес, жас ақын, әдебиетші Сүлейменов үшін де жұлдызды күн болды. Оған дейін де бірлі-жарым өлең жаздым, алайда ол уақытта кітабым да жоқ еді. "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істеп жүрдім. Редактор шақырып, "Ертең адам ғарышқа ұшады" деді. Маған осындай құпияны айтты. Шамасы партияда осыған байланысты қандай да бір ақпарат айтылып жүрген, республикалық газеттің редакторы ретінде ол жоспардан хабардар еді.


Олжас Сүлейменов

Меніңше, Кеңес Одағының барлық редакторы сол тарихи оқиғаның болатынын білді. Алайда тек бір редактор ғана оны өзінің қызметкеріне айтып, өлең жазуын өтінді. Ол менің өлең жазатынымды білетін, себебі әдебиет институтында оқыдым. Әдеби газетте өлеңдерім жарияланған. Содан Федор Боярский осындай ұсыныс айтты. Ерекше редактор болатын.

"Ертең газетте жариялайтындай етіп жаз" деді. Тапсырмасын сол күні орындадым, баспаға тапсырдым", - деп еске алды Сүлейменов.
Ал ертеңі таңертең ақынның қарындастары өлеңі жазылған бір уыс парақты үйге алып келген. Сол күні Олжас Сүлейменовтің өлеңін ұшақпен жүріп таратқан.

"...Содан кейін Федор Боярский 12 сәуірде маған: "Жаз. Өлең аз болады, әрі қарай жаз. Көлемді өлең жаз. Көп. Ғарышқа ұшу туралы жаз. Сен инженерсің ғой, түсінесің..." деді. Себебі оған дейін геология факультетін бітірдім, геолог-инженер болдым. Шын мәнінде адамның ғарышқа ұшуы дегеннің не екенін түсіндім. Мұны бәзбіреулер балықтың құрлыққа шығуы секілді тарихи, биологиялық фактімен салыстыруға болатынын айтты. О, қалай! Авторы есімде жоқ, алайда бұл сәтті салыстыру болды. Содан кейін жаздым. Бір апта жазған болармын. Тоқтамастан жаздым, жаздым. Айғайладым! Себебі мұндай дүние үнсіз жазылмайды. Дауыстап айтып отырып жазылады. Бөлме ішінде ары-бері жүргенімнен үйдегілер де қорқып кететін. Нәтижесінде сәуірде "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасын өндіріске өткіздім", -деген Сүлейменов.
Просмотров материала: 3 212

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 403 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 221 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 194 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 136 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 120 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 280 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 103 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 619 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 768 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930