5 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оразада ағза тазаруы үшін қалай тамақтану керек?

07 апрель 2022, 17:02
Оразада ағза тазаруы үшін қалай тамақтану керек?
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, нәпсі қалауын тыйып, жаманнан жиренген әрбір адамның жаны мен тәні тазарады. Тамақтану мамандары осы кезеңде ағза шынымен тазарып, қалпына келуі үшін жеп отырған тамағыңа аса мән беруге кеңес береді. Кей өнімдер аса қауіпті болуы мүмкін. Нутрициолог, клиникалық диетолог, Quintessence аурудың алдын алу медициналық клиникасының негізін қалаушы Аяла Қонақбаева ораза кезінде қалай дұрыс тамақтанып, ағзаны тазарту керегі жайлы айтып берді.

Нутрициологтың сөзінше, Рамазан айында не жегеніңді бақылау басқа уақытқа қарағанда маңыздырақ. Себебі ағза ұзақ уақыт бойы сусыз, тамақсыз әлсірейді, сондықтан оны кешке қалпына келтіруге көмектесу керек дейді.

Оразада ағза тазаруы үшін қалай тамақтану керек?


Нутрициолог кеңесі қандай?

Аяла Қонақбаева кешке ауызашарда су ішкеннен кейін ол жасушаларға еніп, бүкіл ас қорыту жолын іске қосуы үшін 5-10 минут күте тұруға кеңес берді. Одан кейін бір құрма мен салат жей беруге болады.

"Ауызды құрмамен ашу керек деп айтылғанымен, бұл өнімнің гликемиялық индексі жоғары екенін білу керек. Сәйкесінше, ағзада қанттың құрамы күрт өседі. Сондықтан ұйқы безінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектесу үшін, құрмадан кейін салат жейміз, онда шөп-шалам көп болғаны абзал", - дейді ол.

Сондықтан ұн өнімдерін, тәттіні, макарон, кондитерлік өнімдерді (жылдам көмірсулар) рационнан алып тастау керегі айтылды. Өйткені олар қандағы қантты арттырады. "Ұзақ уақыт аш жүрген соң, қанттың осылай лезде көтерілуі ағзаға зиян".



"Қант мөлшері жоғары болса ағза өте қатты қышқылданады. Ал ол - бактерия, вирус, саңырауқұлақ, паразиттердің көбеюіне өте қолайлы орта. Ұйқы безі, бауыр, ас қорыту жүйесі зардап шегеді. Дұрыс тамақтанбаса қант диабеті, инсулинрезистенттік (эндогендік немесе экзогендік инсулинге метаболикалық реакцияның бұзылуы) болады. Сондықтан қандағы инсулин мен қантты бақылауда ұстау керек", - деді маман.

Шөп-шаламнан басқа не жеуге болады?

Бұл сұраққа нутрициолог шөп-шалам асқазан жұмысын қосуға керегін айтты. Одан бөлек ағзаға ақуыз да керек. Мысалы балық, күркетауық еті, тауық, жылқы, қой, қозы еті. Аяла Қонақбаева тауық етіне қарағанда күркетауық жеген дұрыс дейді. Себебі "тауық не жұмыртқа аллергиялық компонент болып есептеледі, оларды, мысалы, саңырауқұлақ ауруларында жеуге тыйым салынады" дейді ол. Маман қазір тауық ең арзан және ең көп тұтынылатын өнім болғандықтан, әдетте қоспалар көп екенін, ГТА болатынын ескертті.

Ағзаға ақуыз керек болғанымен, нутрициолог етті аз жеуге және көкөністерді ұмытпауға кеңес берді.

"Өйткені ифтар мен сухур арасындағы уақыт салыстырмалы түрде аз, ет ауыз бекіткенше қорытылып үлгермейді. Ал ауыз бекітерде толыққанды таңғы ас ішу керек, ол ақуыз бен майдан тұрады, көмірсуларды мүлде жемеген немесе көлемін азайтқан абзал", - деді ол.

Аяла Қонақбаева үстелдегі бар тағамды бірден араластыру да дұрыс емес екенін айтты.

"Түсінемін, қарын ашады, бірақ артық тамақ жеп қоймау үшін, асқазан толғанда ми сигнал беріп үлгеруі үшін баяу шайнаған жөн. Ал ауызашардан кейін серуендеген абзал", - деді ол.

Жеміс жеуге бола ма?

Нутрициолог ораза кезінде жеміс жеуге кеңес бермейді. Себебі жемісті жейтін уақыт - кешке де, таң да емес. Құрамында өзіндік қант бар. Ол да ағзаға зиян әсер етеді.

"Сондықтан мәзірден мүлдем алып тастаған дұрыс. Мұндағы мәселе - ауызашарда онсыз да көп тамақ желінеді. Сол үшін жемісті тыя тұрған дұрыс", - деді Аяла Қонақбаева.

Биологиялық белсенді қоспаларды қалай ішу керек?

Клиникалық диетолог биологиялық белсенді қоспаларды ішпеуге кеңес береді.

"Қайткенмен, бұл тазару уақыты. Бәрі дұрыс жасалса, ағзаның өзі көптеген кемшілікті қалпына келтіреді", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz
Просмотров материала: 1 484

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 873 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 551 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 054 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 091 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 463 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 750 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 779 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 112 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 792 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 823 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 026 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 853 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 974 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 616 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 494 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 465 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 730 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 484 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 884 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 679 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 495 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 336 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 184 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 543 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 429 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 914 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 296 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 237 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 481 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 877 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 228 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 173 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 313 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 242 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 484 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 622 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031