25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Емізуден сөйлесуге дейін". Баланың кеш дамуының негізгі себептері айтылды

"Емізуден сөйлесуге дейін". Баланың кеш дамуының негізгі себептері айтылды
Балаларда кездесетін проблеманың бірі - дамуының тежелуі. Бала неге кеш дамиды? Оған қандай факторлар әсер етеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психолог Іңкәр Әлиева түсіндіріп берді.


Сәби дүниеге келгеннен кейінгі кезең



Психолог Іңкәр Әлиеваның айтуынша, бұл мәселе баланың туған сәтінен бастап ата-анасымен қарым-қатынасына байланысты болуы мүмкін.

Бала дүниеге келгеннен кейін оған ең жақын адам анасы болатыны түсінікті. Нәресте қоршаған ортаға анасы арқылы бейімделеді. Бала қалыпты дамып, ағзалары дұрыс жетілуі үшін анасы оны тамақтандырып, күтім жасауда бірнеше ережені сақтауы тиіс. Әдетте бала 6 айға дейін ана сүтін емеді.

"Бәрі баланы емізген сәттегі анасының көңіл-күйіне байланысты болады. Үш жастан кейін баланың өзіндік жеке даму кезеңі басталады. Осы өсу-даму кезеңінде отбасындағы жағдай да тікелей әсер етеді. Қарапайым түрде айтсақ, баланы дәретке отырғызуды қалай үйретесіз немесе сол кезде қалай сөйлесесіз, соған да байланысты болады. Бәрі қарапайым дүниеден басталады", - деді маман.

Ана мен бала қарым-қатынасы



Психолог босана сала жұмысқа шығып кететін аналар көп екенін айтты. Сондықтан бала қараусыз болып, өз-өзімен қалады.

Ана босанғаннан кейінгі депрессияға түсіп, отбасындағы жағдай нашарласа, бұл баланың жетілуіне жағымсыз әсер етеді. Керісінше бала туғаннан бастап оған өздігінен сезіну, көру, тыңдау, қозғалу мүмкіндігін беру қажет. Ата-ана сәбимен сөйлесіп, түрлі ойыншық, жайлы әуен сияқты құралдарды қолдана алады. Бұл орайда дауыстап кітап оқып беру оның тыңдау, қабылдау қабілетін кішкентай кезінен бастап қалыптастыруға жол ашады.

Маманның айтуынша, тұқым қуалайтын қандай да бір ауруларды есепке алмағанда, баланың кеш дамуына әсер ететін негізгі фактор - ананың балаға қарым-қатынас, оған дұрыс көңіл бөлу.

"Кей сәтте ата-ананың өзі депрессияда, қиналып жүруі мүмкін. Бұл да балаға әсер етеді. Ана баласын қаншалық жақсы көріп тұрғанымен, жеке басындағы проблемалар, жұбайымен арақатынасы, күйбең тіршілік салдарынан балаға дұрыс қарай алмай жатады", - деді ол.

Ата-ананың балаға орынсыз айғайлауы, ақырын түсіндіруге болатын мәселені дауыс көтеріп шешуі, кез келген жағдайда күйгелектік танытуы баланың дұрыс дамымай қалуына себеп болады.

"Өмірде түрлі жағдай болады. Жақында өзім дәмханада мынадай көрініске куә болдым: үш баласын ерткен ана келді. Кейін шамамен 3-4 жасар қызы бір нәрсе бүлдіріп қойса керек, басынан қатты ұрып, балағаттады. Бала жыламады, ешқандай реакция білдірмеді. Іштей психологиялық жарақат алғаны түсінікті болды", - дейді маман.

Сонымен қатар, ол бұл жағдайдың алдын алмау - бала болашағына да кері әсер ететінін айтты.

"Дер кезінде алдын алмаса, есейгенде бұл баланың бойында қалып қояды. Бала болашақта өз пікірін айта алмайды, өз ұстанымында нық тұра алмайды. Басқалардан қолдау күтіп, жасқаншақ болып қалыптасады. Ата-анасы ішкіш не ажырасқан отбасында тәрбиеленген бала да тұйықталып кетеді. Тұлға ретінде дұрыс қалыптаса алмайды", - деді ол.

Баланың кеш дамуының себептері қандай?

Психологтың айтуынша, гаджеттерді қолдану арқылы баланың дүниені тануы, көңіл-күйін білдіруі өзгереді, яғни іштей тұйықтала береді. Әдетте виртуалды әлем мен шынайы өмірдің арақатынасын білмей жатады.

"Ата-ананың уақыты жоқ болса, баланың қолына телефон ұстата салады. Сөйтіп, бала эмоциясын дұрыс көрсете алмайды. Адам өміріне қажет негізгі дағдыларды үйренбей, телефон қарап отыра береді. Ата-ана бастысы бала тыныш отырса болды деген оймен жүреді. Бұл дұрыс емес. Қарым-қатынас жетіспейді. Осылайша, балада сөйлем құрай алу, сөйлеу алу қабілеті қалыптаспайды. Бала емес, ересек адамның да миы да кез келген нәрсені қабылдап алып, соған үйреніп қалады. Балада да солай. Телефондағы әлемге үйреніп қалса, сонымен ғана шектеліп, дүниетанымы тарылады", - деді психолог.

Маман бұл мәселенің алдын алуда көмектесетін қарапайым кеңестер берді:

Баламен кез келген тақырыпта ашық сөйлесу;
Табиғатта серуендету;
Жасына қарамастан, кез келген нәрсені түсіндіру;
Ой еңбегімен қатар, дене еңбегін дамыту;
Қол моторикасын дамыту, жаяу жүру, осылайша табандағы нүктелерді қозғау;
Баланың қиялын дамыту; ермексаз, қалам, сурет салу секілді дамытатын оқу құралдарын қолдану;
Балаға шексіз махаббат таныту; ата-ана баланың кез келген үнін, жағдайын аңғара білуі керек;
Ата-ана баланың көзінше сөйлегеніне, әрекеттеріне мұқият болуы қажет; балада "ата-анама керек емеспін" деген ой туындамауы қажет;
2 жастан бастап айналасымен қарым-қатынас орнатып үйрету қажет;
Балабақшадан келгеннен кейін уақыт бөлу, "қандай қызық оқиға болды?", "не үйрендің?" деген нәрселерді сұрау керек;
Ата-ана - балаға үлгі. Бала - ата-ананың көшірмесі. Сондықтан ата-ананың өзі де психологқа жүгініп, өздерімен жұмыс жасауы керек;
Телефонды қолдануын шектеп, белгілі бір уақыт аралығына ғана беру.

Просмотров материала: 1 094

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 171 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 992 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 963 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 903 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 884 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 022 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 547 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 695 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930