29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аллергиясы бар адамдар нені білуі тиіс?

25 март 2022, 17:04
Аллергиясы бар адамдар нені білуі тиіс?
Көктемнен басталатын денсаулықтағы проблеманың бірі - аллергия. Өсімдіктер бүр жарып, гүлдей бастағаннан аллергиясы барларды түшкіру, мұрыннан су ағу, көздің жасаурауы, мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, ісік және т.б. мазалай бастайды.

Көктемнен басталатын денсаулықтағы проблеманың бірі - аллергия. Өсімдіктер бүр жарып, гүлдей бастағаннан аллергиясы барларды түшкіру, мұрыннан су ағу, көздің жасаурауы, мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, ісік және т.б. мазалай бастайды. Аллергияңыз болса, мына 12 жайттан хабардар болуыңыз керек.

Аллергиясы бар адамдар нені білуі тиіс?


1. Аллергияның "шекарасы" бар

Белгілі бір заттарға аллергияңыз болса да, бұл аллергия сізді үнемі мазалайтын болады деген сөз емес. Аллергиялық белгілер туындауы үшін аллергендердің белгілі бір мөлшері болса жеткілікті. Ол мөлшер сіздің сезімталдығыңызға байланысты. Сіздің аллергенді сезу мүшеңіз де белгілі бір мөлшерден соң ғана белгі береді. Мәселен, қатар отырған екі адамның да бір затқа аллергиясы болуы мүмкін. Бірақ олар оның мөлшерін әртүрлі қабылдайды.



2. Аллергиядан табиғи жолмен емделуге болмайды

Аллергиясы барлардың бұл дерттен қатты зардап шегетін белгілі бір маусымы бар. Кейде мүлде байқалмауы да мүмкін. Бірақ бұдан толық жазылып кеттім деп ойлауға болмайды. Аллергияның шарты солай. Белгілі бір кезеңде мүлде байқалмайды да, бірақ басқа бір түрімен белгі береді. Мысалы, балаларда болатын атипиялық дерматит немесе экзема мүлде жоғалып кетіп, біршама уақыттан соң аллергиялық ринит басталуы мүмкін. Аллергияның бұлайша трансформациялануының себебі белгісіз. Бірақ өздігінен кетіп қалмайтынын біліңіз.

3. Аллергия болдырмайтын қоздырғыштар

Құрамында ақуызы жоқ заттарды ұстағанда немесе байланысқанда (мәселен, қағаз майлық, темекі түтіні, парфюм) туындайтын қоздырғыштар аллергиялық реакция емес. Бұл тек қана химиялық әсер ету, аллергияның оның қатысы жоқ.



4. Азық-түліктен болатын аллергияның өзгеріске ұшырауы

Азық-түліктен болатын аллергияға көбіне жаңа туылған сәбилер ұшырайды. Себебі, олардың ағзалары ақуызбен бірінші рет ұшырасады. Өсе келе балалар сыртқы факторларға әлсіздік таныта береді де, азық-түліктен болатын түрі гүл тозаңына деген аллергияға ауысуы мүмкін.

5. Аллергия мен адамның жасы

Кейбір науқастарда аллергия белгілері жас ерекшелігіне байланысты жыл өткен сайын байқалмауы кездеседі. Бірақ ол бірнеше жылдан соң бұрынғыдан да күшті болып қайта бас көтеруі мүмкін.



6. Аллергияның негізгі 3 белгісі

Аллергиялық әсер - әдетте негізгі үш белгінің жинағынан тұрады: тері астының ісігі, тым артық жасаурау немесе тыныс алу жолдарындағы шырышты сұйықтың артуы, тегіс бұлшықеттің спазмы.

7. Ісік - негізгі белгі

Ереже бойынша, ісік - аллергиялық әсердің негізгі белгісі. Бұл жоғары тыныс алу жолдарының немесе есту мүшелерінің, тамақтың ісінуі болуы мүмкін. Одан ауыр түрі - астмалық ұстама.



8. Темекі түтінінен аллергия болмайды

Көптеген адамдар өздерінде темекі түтінінен аллергия бар деп ойлайды. Себебі, темекі түтінінен жөтеле бастайды немесе тыныс алуы қиындайды. Темекіден қай кезде аллергия болады? Тек өсімдігімен жанасу кезінде ғана. Түтіні аллергиялық әсер туғызбайды.

9. Алкоголь аллергияны күшейте түседі

Алкогольдің өзі аллергия тудыратын затқа жатпайды. Бірақ аллергиясы бар адамдар алкогольді сусын ішкенде тыныс алуының қиындауы туындайды. Яғни, аллергияны күшейтеді.



10. Аллергияны нәтижелі емдеуге болады

Аллергияны емдеудегі нәтиже өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері бар. Дәрі-дәрмектердің негізгі әсер етуі - ағзадағы гистаминді оқшаулау. Жаңа ғасырдың гистаминге қарсы дәрілері бұрынғыларына қарағанда жанама әсерлер (ұйықтау, әлсіздік және т.б.) туғызбайды және нәтижесі көп.

11. Аллергия ма әлде мигрень бе?

Бас ауруының себебі мигрень де, аллергиялық әсер де болуы мүмкін. Мигреньде бас ауруы жүйелі түрде тек бір жерден ғана сезіледі. Ал аллергияның әсерінен бас ауруы болса, олай емес. Әр жерден байқалуы мүмкін.



12. Өсімдік тозаңы маусымдық аллергияның басты себебі емес

Маусымдық аллергия кезінде әдетте гүлдің тозаңы себеп деп ойлаймыз. Олай емес. Көктеммен бірге өсімдік тозаңынан басқа ауаға жайылатын көптеген қоздырғыштар бар. Мәселен, қыстай жиналған мал тезегінің құрамы да маусымдық аллергияны қоздырғыш бола алады.

Просмотров материала: 1 104

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 538 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 377 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 303 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 258 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 218 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031