27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2022 жылы қандай бағдарламамен баспана алуға болады

02 март 2022, 17:12
2022 жылы қандай бағдарламамен баспана алуға болады
Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген ипотеканың басым бөлігі "Отбасы банк" арқылы беріледі. Алдағы уақытта әкімдіктердің баспана кезегі де осы банкке ауыстырылады. Тұрғын үй саласындағы қолдау шаралары толығымен нарықтық жүйеге көшеді.

Sputnik Қазақстан 2022 жылы баспана алуға арналған бағдарламаларға шолу ұсынады.

"Нұрлы жер" баспанасы

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 5 проценттік ипотека алуға болады. Ол Отбасы банк арқылы рәсімделеді. Бірақ осы бағдарламаға тек әкімдіктің баспана кезегінде тұрғандар және әлеуметтік осал топтарға (көпбалалы отбасы, мүгедектер, жетім балалар, мүгедек баласы бар отбасы және т.б.) кіретін адамдар ғана қатыса алады.

Ипотека шарттары:
Кредит мөлшерлемесі – 5%;
Баспапқы жарна – 20%.

Пәтер дайын күйінде беріледі. Оны таңдау мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар үшін салық жеңілдігі қарастырылған. Ай сайын ипотеканы өтеу үшін төленетін сома мөлшерінде жалақыдан табыс салығы ұсталмайды. Ол үшін жұмыстың бухгалтериясына тиісті құжаттарды тапсыру қажет.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында берілетін құрылыс нысандары туралы ақпарат baspana.kz порталында жарияланып тұрады.


"Шаңырақтың" шапағаты

Әкімдік кезегінде тұрған адамдар тағы бір конкурсқа қатыса алады. Ол - "Шаңырақ" пилоттық жобасы. Негізгі шарттары:

Несие мөлшерлемесі – 5 процент;
Бастапқы жарна – 10 процент;
Ипотека мерзімі – 20 жылға дейін.

Бұдан бөлек, отбасының табысына қатысты талап та бар. Оған сәйкес, соңғы алты ай ішінде ипотека алатын отбасының әрбір мүшесіне шаққанда бір айлық табыстың көлемі 3,7 күнкөріс минимумынан (1 күнкөріс минимумы - 36 018 теңге) аспауға тиіс.
Бұл дегеніміз, 2022 жылы отбасының бір адамының бір айдағы табыс мөлшері 133 266,6 теңгеден артық болмауы керек. Әйтпесе, "Шаңырақ" ипотекасы берілмейді.

Экологиялық төлемдер кіріс болып саналады. Ал жәрдемақылар кіріске жатпайды. Баспананы кез келген жаңа тұрғын үй кешенінен сатып алуға болады. Бірақ ең жоғары сомасы белгіленген.

Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ, осы қалалардың маңындағы аймақтар – ең жоғары сома 18 миллион;

Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент пен Қарағанды қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысында – ең жоғары сома 15 миллион;

Басқа аймақтарда ең көбі 12 миллион;
Барлық өтінім Отбасы банкінің ресми сайтында қабылданады.

"Өз үйім" бағдарламасы

Бұл – Отбасы банкінің жеке бағдарламасы. "Өз үйім" барлық салымшыға арналған. Онымен 3,5 проценттік ипотека алуға болады. Бірақ үш жылдың ішінде үйді сатып алуға қажетті қаражаттың 50 процентін жинау керек. Бұдан бөлек, арнайы бағалау жүйесі бар. Ұпайлар жыл сайынғы сыйақы көлемімен есептеледі. Есепшотта неғұрлым көп ақша болса, көрсеткіш те соғұрлым жоғары болады. Талап бойынша 16 ұпай болуы қажет.

Дегенмен, 20 проценттік бастапқы жарнаны салып, алдын ала займ алуға мүмкіндік бар. Қалған ақшаны банк береді. Бірақ несие мөлшерлемесі 7 процент болады. Бірден 50 процентін құйып, аралық займдар да беріледі. Оның мөлшерлемесі де 7%. Бірақ үш жылдан кейін 5 процентке дейін түседі. Ипотека мерзімі: 6 ай - 25 жыл.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы

Әкімдіктің баспана кезегінде тұрған адамдар тағы бір бағдарламаға қатыса алады. Ол - "Бақытты отбасы". Бірақ оған тек үш санатқа кіретін азаматтар ғана құжат тапсыра алады:

1.көпбалалы отбасылар;
2.толық емес отбасылар;
3.мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар.

Ипотека 2 процентпен рәсімделеді. Ең төменгі бастапқы жарна – 10%. Несие 18 жылға дейін беріледі. Бірақ қарыз сомасы бойынша шектеулер бар.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау мен Атырауда алынатын ең қымбат баспана құны 15 миллион;
Басқа аймақтарда пәтердің ең жоғары бағасы 10 миллион.

Осы ақшаға жаңадан салынған үйден де, ескі үйден де пәтер сатып алуға болады. Жеке тұрғын үй рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Екі проценттік ипотека тек мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Сондықтан табысқа қатысты талап бар.

Оған сәйкес, соңғы алты айда әрбір отбасы мүшесінің бір айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің (36 018 теңге) 3,1 еселенген шамасынан аспауға тиіс, яғни, әрбір мүшесіне келетін табыс 111 655,80 теңгегеден артық болмауы шарт. Ал отбасыда алты адам болса, бір айлық табыстың мөлшері 663 934 теңгеден асып кетпеуі керек.

"Ұмай" ипотекасы

"Ұмай" ипотекалық бағдарламасы әйелдерге арналған. Онымен 30 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Негізгі шарттары:
Несие мөлшерлемесі - 13,5% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 14,5%-тен бастап), кейін 5%-ке дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі - 5,2%-тен бастап) төмендетіледі;

Қарыз алу мерзімі - 6 ай - 25 жыл аралығы.

Тұрғын үй таңдау жағынан шектеу жоқ. Бірақ қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспауы керек. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, тұрғын үй 20 проценттік алғашқы жарнамен беріледі. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 миллион теңгеге дейінгі қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған.

"Жас отбасы" бағдарламасы

Осы бағдарламаға қатысуы үшін Отбасы банкінде депозит ашып, кем дегенде, бір жыл ақша жинау қажет. Есепшотта үйге жұмсалатын қаржының жартысы болуы шарт. Ал бағалау көрсеткіші 5 ұпайдан кем түспеуі керек. Ерлі-зайыптының жасына шектеу қойылмайды.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

Несие мөлшерлемесі - 6% (2 жылдан кейін 5%-е түседі);
Ипотеканың ең жоғары сомасы 100 миллион теңге;
Несие мерзімі - 6-9 жыл аралығында.

Сатып алынатын үй кепілзатқа қойылады. Несиеге жаңа не қолданыстағы пәтерді, я болмаса, жер үй салуға болады. Жөндеу жұмыстарына пайдалануға да мүмкіндік беріледі.

Әскери баспана

Тұрғын үй төлемін алатын әскери қызметкерлер немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері үшін "Әскери баспана" бағдарламасы бар.
Негізгі шарттары:

Кредит беру мөлшерлемесі – 8%, кейін 3,5%-ке төмендейді;
Бастапқы жарна – баспана құнының 15% - 50%;
Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Елорда жастарына арналған бағдарлама

Бүгінде астаналық жастарған арналған "Elorda Jastary" тұрғын үй бағдарламасы бар. Оған медицина, педагогика, мәдениет, әлеуметтік сала, коммуналдық кәсіпорындар, полиция, төтенше жағдай қызметі, журналистер, жаттықтырушылар мен спортшылар қатыса алады.
Бағдарлама қатысушысы "Отбасы банктің" салымшысы болуға тиіс. Ал есепшотында, кем дегенде, 1,8 миллион теңге болуы керек. 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) азаматтардың құжаттары қабылданады.

Бағдарламасының негізгі шарттары:

Қарыз сомасы 18 млн теңгеге дейін;
Жылдық мөлшерлемесі - 5% ;
Бастапқы жарна 10%;
Несиелеу мерзімі 25 жылға дейін.

"ҚТК" АҚ кепілдігі болған жағдайда бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген тұрғын үй не үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үйді рәсімдеуге рұқсат бар.

Үйге ақшасы жоқ адамдар не істейді

Бүгінде әкімдіктің баспана кезегінде тұрғандарға жалдамалы пәтерлер беріледі. Ондай баспананың ай сайынғы төлемі көп емес. Пәтерді жалға алған адам коммуналдық шығындарды да төлейді.

Мамырда үкімет жалдамалы үйге қатысты тағы бір бағдарламаны іске қосады. Оған сәйкес, жалға алынған үйдің жартысы мемлекет есебінен өтеледі. Осы бағдарламаға әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар ғана қатыса алады. Олар:

көпбалалы отбасылар;
I және II топтағы мүгедектер;
мүгедек балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

Ал негізгі талаптардың бірі - отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табыстың көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің (36 018 теңге) 1 еселенген шамасынан аспауы керек. Мәселен, үйде төрт адам болса, отбасының бір айлық жалпы табысы 144 072 теңгеден (36 018×4) артық болмауы шарт.
Просмотров материала: 6 956

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 395 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 214 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 186 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 129 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 113 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 617 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 765 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930