7 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәжіліс депутаты мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды

26 январь 2022, 13:04
Мәжіліс депутаты мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды
Мәжіліс депутаттары үкіметке мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді және мүгедектік бойынша жәрдемақыны зейнетақымен қоса төлеуді ұсынды.

Мәжіліс депутаты, ҚХП фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков премьер-министрге жолдаған сауалында мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді.

"Неліктен зейнетақы жүйесін мүгедектігі бар адамдар үшін ерекше жағдай жасау үшін өзгертпеске? Адамдар жүйе үшін емес, жүйе адамдар үшін емес пе? Мүгедектігі бар адамдар физикалық тұрғыдан анықталған теңсіздіктен зардап шегеді, ал зейнетке шығу жасындағы жасанды теңдік – оларды қорлау және әділетсіздік", - дейді Ахметбеков.

Депутат мүгедектік бойынша тағайындалған жәрдемақының зейнетке шыққан кезде тоқтатылатынына қарсы.

"Адамның жасы ұлғайған сайын денсаулығы жақсармайды және мүгедектігі жоғалып кетпейді. Мүгедектігі бар зейнеткерлер міндетті түрде зейнетақыны да, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны да алуға тиіс. Біздің елде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері ғана зейнетке ерте шығады. Мүгедектігі бар қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз етуде осындай тәсіл қолданылуға тиіс деп есептейміз", - деді ол.

"Біз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қабылдануға тиіс шаралар мен шешімдер туралы айтқанда үкімет әдеттегідей: "Бұл – бюджетке қосымша ауыртпалық әкеледі" деп жауап береді. Бұл тәсілге қарсы бірнеше объективті дәлел бар. Біріншіден, көтерілген мәселе азаматтардың шағын тобына ғана қатысты. Қазақстанда жұмыс істейтін зейнет жасындағы мүгедектердің саны 3 мыңнан аз. Жұмыс істейтін 50 мың мүгедектің орташа жасы 45 пен зейнет жасы аралығын құрады. Яғни олардың саны көп емес. Бұл жерде зейнетке белгіленген мерзімнен бұрын шығатын азаматтар сөз болып тұр. Осындай жүктемені көтере алмайтындай Қазақстанның бюджеті соншалықты әлсіз емес", - дейді Ахметбеков.

Екіншіден, депутаттың айтуынша, Есеп комитетінің 2021 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметінің қорытындысы бойынша анықталған қаржылық бұзушылық сомасы 384,4 миллиард теңгені құрады. Ал тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері триллион теңгеден асқан.

"Яғни мемлекеттің ақшасы бар. Қалай болғанда да, бюджет қаражаты қажетсіз шығындарға жұмсалмауы керек. Бұл өзгеруі мүмкін және өзгеруі тиіс жағдай", - деп санайды мәжілісмен.

Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары:

үкіметке мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді;
мүгедектердің зейнетке шығу жасын төмендетудің және айқындаудың нақты өлшемдерін (мүгедектік тобын, денсаулық жағдайын, ауруын, еңбек сипатын және т.б.) ескеріп, сондай-ақ, мүгедектердің мүддесіне сай келетін зейнетақымен қамсыздандыру тетігін әзірлеуді;
мүгедектер проблемасын, оның ішінде жұмыс істейтін мүгедектер жасының еңбекке қабілеттілігіне әсері туралы қажетті ғылыми зерттеу жоспарын даярлауды;
әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекске мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендету мәселесін енгізуді ұсынады.

Просмотров материала: 660

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 182 697 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 211 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 181 789 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 181 840 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 154 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 608 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 736 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 982 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 197 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 342 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 918 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 123 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 285 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 113 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 334 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 371 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 055 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 450 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 180 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 170 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 837 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 114 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 052 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 096 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 871 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 140 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 510 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 896 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 840 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 902 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 858 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 089 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 226 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031