25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Психолог елде болған оқиғалардан кейін оңалу жолдары жайлы айтып берді

21 январь 2022, 16:25
Психолог елде болған оқиғалардан кейін оңалу жолдары жайлы айтып берді
Бірнеше күн бұрын Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды: адамдар ұрып-соғып, өлтірді, әкімшілік ғимараттарды қиратты, полиция бекеттеріне шабуыл жасап, сауда орындарын тонады.

Соңғы оқиғалардан кейін көптеген қазақстандықтарлдың әлі де қобалжу мен үрейде болуы ғажап емес. Гештальт маманы әрі педагог-психолог Ольга Третьякова күнделікті өмір қалпына қалай оралуға болатыны жайлы айтып берді.

Маман елімізде орын алған оқиғалардың тек тәртіпсіздіктің тікелей куәгерлеріне ғана емес, жалпы барлық қазақстандықтарға әсер етуі мүмкін дейді.

"Төтенше жағдай туралы ақпаратпен байланыста болғандардың бәрі алаңдаушылық, үрей және қорқынышқа тап болды. Теледидардан оқиғаларды көргенде, оларға жанашырлық танытқанда, біз еріксіз сол оқиғаларға қатысқандай боламыз. Өзге сөзбен айтқанда адамдардың психикасында травматизация басталады", - деп айтты Ольга Третьякова.

Өзіңізді тыңдаңыз

Психологтың айтуынша, «зорлық-зомбылық жарақатымен» күресудің негізгі жолдарының бірі - өз жағдайыңызды психиканың сау және табиғи реакциясы ретінде қабылдау.

«Сізде болған кез келген күй, мысалы мазасыздықтың жоғарылауы немесе, керісінше, «қатып қалған» күй болсын қалыпты жағдай болып табылады. Бұл психиканың табиғи реакциясы», - деді ол.

Третьякова эволюция адамды психологиялық күйзелістерді жеңудің қажетті тетіктерімен «жабдықтап» қойғанын атап өтті.

"Біздің денеміз физикалық жарақаттарға төтеп бере алады, дәл солай психика да психологиялық жарақаттарды жеңе алады. Оның қолынан келетін жұмысты орындауына кедергі жасамау өте маңызды. Дәлірек айтқанда өзіңізді мұқият тыңдап, ішкі қажеттіліктеріңізді тани білген жөн» - деді ол.

Мысалы, осы кезеңде шаршау сезімі пайда болған кезде психикаға қажетті демалысты дереу беру өте маңызды.

"Немесе керісінше, бірдеңені белсенді түрде істеу қажеттігін сезсеңіз, дереу әрекет етіңіз. Егер сіз серуендеуге немесе жақын адамыңызды құшақтап алғыңыз келсе, онда сіз осы қажеттіліктерді орындауыңыз керек", - дейді маман.

Тыныс алыңыз

Екінші ұсыныс - мазасыздықты, қорқынышты және дүрбелең шабуылдарын тыныс алу жаттығуларымен сөндіру, өйткені тыныс алу, маманның пікірінше, жүйке жүйесінің жұмысы мен күйіне тікелей байланысты.

"Диафрагманы кеңейту және ауа өкпеңізді ауамен толтыру үшін терең әрі баяу тыныс алыңыз. Біздің денеміз мұны қауіпсіздікте екендігіміздің белгісі ретінде таниды, бізге ешкімнен қашудың қажеті жоқ, сондықтан тыныс алуымыз баяндайды. Баяу тыныс алу қауіпсіз ортадағы адамның тыныс алуымен тең», - деп есептейді маман.

Мазасыздық пен стрессті тез азайтудың тағы бір өте тиімді әдісі - бір нәрсеге бағдарланған белсенділік.

"Ыдыстарды жуыңыз. Еденді сыпырыңыз. Компьютеріңіздегі немесе смартфоныңыздағы жұмыс үстелін тазалаңыз. Ең бастысы - осы әрекетке зейініңізді салуға тырысыңыз. Себебі, кейбір әрекеттерге толығымен көңіл аудару арқылы біз жағымсыз сезімдерден алшақтай аламыз», - деп бөлісті Третьякова.

БАҚ және әлеуметтік желілер

Педагог-психолог аумалы-төкпелі заманда әлеуметтік желілер мен жаңалықтардың қорқыныш пен үрей сезімін арттыратынын атап өтті. Әсіресе эмоционалдылығы жоғары адамдарда.

«Мен оқылым санын көбейту үшін үшін өлтірулер мен қиратулардың егжей-тегжейлерін тізіп, жиі асыра сілтеушілікті пайдаланатын жаңалықтар ресурстарына кіруді азайтуды ұсынамын», - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz
Просмотров материала: 639

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 145 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 967 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 937 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 877 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 858 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 012 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 538 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 687 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930