19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тағы бір мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болуы әбден мүмкін

21 январь 2022, 16:20
Тағы бір мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болуы әбден мүмкін
Қаңтар қырғыны қабырғамызды қайыстырып, азат күнде 225 адам ажал құшты. Дәл осы жағдайдан кейін елімізде бірқатар үлкен өзгерістер орын алуда. “Адырна” тілшісі саясаткер Әміржан Қосановпен осы тақырып жайында әңгіме өрбітті.

-Елімізде орын алған соңғы жағдайлар “Жаңа Қазақстанды” құруға қаншалықты септігін тигізді?

-Иә, осы күндері бәріміз де абыржып қалдық! Үш ұйықтасақ, түсімізге кірмеген жағдай болды. Бейбіт Қазақстанда 225 адам қаза тапты деген не сұмдық! Оған арандаутышылар да, билік те айыпты деп санаймын!

Осындай психологиялық шок кезінде маңызды шешімдер қабылдауда асығыстық таныту да керек емес болар.

-Ескі мен жаңаның ортасында толығырақ айтқанда нақты не өзгеруі тиіс?

-«Ескі», сөзсіз, жаңаруы керек, ал «жаңа» өз талаптарын қойғанда, табанды да тегеурінді болуы керек. Бірақ, бәрі де заң аясында болуы тиіс! Әйпесе, елден, мемлекеттен айырылып қаламыз!

-Жайлы орындарды жайлаған экс-президенттің жақын-туыстары біртіндеп мансаттарынан айырылуда. Бұл ненің нышаны?


-Жаман нышан емес! Егер де бұл президент Тоқаевтың ескімен біржолата ат құйрығын кесісіп, елде осы күнге дейін үстемдік еткен бір отбасының монополиясынан құтылу мақсатындағы батыл әрекет болса, қос қолыммен қолдаймын. Бұл, сонымен бірге, екінші президенттің тұңғыш президенттің орынсыз ықпалынан құтылуының басы юолар еді. Бірақ, бір монополияның орнына өзінің, Тоқаевтың отбасы, дос-жарандары және тағы басқа жақындарының монополиясын орнату жоспары болса, оған үзілді-кесілді қарсымын!Басқа сөзбен айтқанда, бізге «екінші Назарбаев» керек емес!

-Халық қаласа хан түйесін сояды. Халықтың қалауы жүйенің, басшылықтың түбегейлі өзгеріп, әл-ауқаттың жақсаруы. Жаңа Қазақстанда жүйе өзгере ме?

-Өзгеруі тиіс! Қазір халық та өзгерді, ол өзінің конституциялық мүмкіндіктерін біледі, соларды қорғауға дайын. Террористер келді екен деп, бейбіт наразылық тоқтамайды! Тоқаевтың алдында үлкен, тарихи таңдау тұр. Не ол халық жағында боладыжәне де ондай мүмкіндігі де жоқ емес. Өйткені осы путч кезінде халықтың көкейінде жүрген көп нәрсені айтып қалды. Соның сүйспеншілігіне ие болды. Егер де ол осы толқулардан жөнді тағылым алмай, елде қалыптасқан жүйеге тек косметикалық реформа жасаймын десе, оңбай қателеседі.

-Өзіңізде кезінде президент сайлауына түстіңіз. Жалпы, ел басшысы халық басына қайғы түскенде алдыңғы қатарда жөн сілтейтін адам. Елбасымыз қайғылы қаңтар қырғыны “аяқталғаннан кейін” ел алдына күтпеген жерден шығуына не себеп?

-Оның біраз уақыттан кейін ғана өз елінің алдына шығуын, мен сол күндері бас билік ішінде болған, біз біле бермейтін құпия, жасырын келіссөздермен байланыстырам. Меніңше, қазір де сол келіссөздер жалғасуда.

Менің сайлауға қатысқаным туралы бір ауыз ғана сөз қосайын, рұқсат болса. Мен сол кезде сайлау қорытындысын мойындауымның артында «ішкі және сыртқы күштер араласып кетіп, «әр қазағым – жалғызым» құрбан болмаса», мемлекеттіктен айырылып қалмасақ» деген ойым ғана болды. Өз карьерамды ойлаған жоқпын, халқымынң амандығын ойладым. Иә, одан кейін мені біраз адам, соның ішінде радикалды оппозиция өкілдері сынады.

Шетелде жүріп, елді революциялық, төңкеріс жолымен өзгерткісі келетіндердің ел ішінде жүрген серіктестері де жоқ емес. Бәлкім, олар сол күні бір қырғын болғанын, соның арқасында билікке келуді жоспарлады ма, кім білсін (маған сондай ақпарат түсіп жатты).

Ол кездегі таңдауыма еш өкінбеймін, өйткені ел аман қалды. Ал қазіргі жойқын қырғынның кезінде қаншама бейбіт адам қырылды десеңізші! Олардың қаны біреулердің мойнына жазылмай ма?

-ОДКБ әскерінің кіруі біздегі ресейлік ықпалды қаншалықты арттыруы мүмкін? Қазақстан проресейлік болып кеткен жоқ па?

-Біздің билік баяғыдан-ақ проресейлік. Оны ешқашан да жасырған емес. ОДКБ контигентінің келіп-кетуі – соның заңды көрінісі ғана.

Әрине, 7 жарым мың ортақ шекарамыз бар көршімен ұрысуға, жанжалдасуға болмайды. Бірақ, біртіндеп, оның геосаяси ықпалынан шыға бергеніміз абзал. Әйтпесе, тағы да отар боп қаламыз.

-Президенттің қандай да бір партияда болғаны дұрыс па? Жалпы ендігі таңда “Нұр Отанның” рөлі қандай болмақ, жаңа партиялар құрылу мүмкіндгі қандай?

-Меніңше, сұрағыңыздың екі жауабы бар.

Бір жағынан, «артық қыламыз деп, тыртық қылу» – ел болашағы үшін аса қауіпті. «Нұротанды» жек көреміз деп, партиялық жүйені мансұқ етуге болмас. Бірақ, менің ойымша, отыз жыл бойғы жүйені қолдап келген «Нұротанның» қазіргі функцонерлері елбасы секілді зейнетке не басқа жұмысқа (мемлекеттік қызметке емес!) кетуі керек! Бір палаталы парламентке көшу керек, сол кезде Сенатта отырған барша зейнеткерлер өз орнын табады.

Екіншіден, екі жылдан кейін кезекті президент сайлауы болуы тиіс. Тоқаев не шешім қабылдайды? Екінші мерзімге бара ма? Бармаса, өз мақсаттасын ұсына ма? Ал оның бәрі үшін партия керек, өйткені біздің заңнама сондай. Жаңа партия құрып, оны сайлауларға дейін аяққа тұрғыза ала ма? Байлығынан, қызметінен айырылып жатқан ықпалды кландар мен тұлғалар Тоқағвқа қарсы майдан ашпай ма? Осы тұрғыдан алғанда, тағы бір мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болуы әбден мүмкін!

Өз басым, қаңтар басынан Тоқаев айта бастаған мықты сөздерді Қазақстан оппозициясы талай жылдан бері айтып келеді деп санаймын. Қолынан келсе, сол күштерге арқа сүйесін. Бірақ, өз басым ондай фантастикалық сценарийге сенбеймін. Оның үстіне, біздің ресми де бейресми оппозициялық топтар мен тұлғалар да ырду-дырду, шетінен «наполеон», бір-бірін жамандап әлек. Олар сондай сәтттерде бірігіп, бірегей күш ретінде саяси ерік-жігер таныта алмайтынын мен қатысқан президент сайлауы көрсетті емес пе?

Айтпақшы, кезінде біз әріптестермен бірге «Жаңа Қазақстан» форумын тіркей алмадық. Енді Тоқаев мырза «Жаңа Қазақстан» құру идеясын жария етті. Біздің сол кезде ұсынған бағдарламыздың да маңызды баптардың біразын, мәселен, олигархтар билігін жою туралы талаптарымызды президент айтып жатыр. Игіліктің ерте, кеші жоқ дейді мұндайды қазақтар.

Сонымен бірге парламент тек партиялық тізім бойынша сайланбай, бұдан кейін де болған бір мандатты округтер арқылы сайлау механизмін енгізу қажет. Әйтпесе, партиядан тыс азамат не президент, не депутат бола алмайды. Оның өзі қоғам дамуына теріс әсер етіп жатыр.

Сондықтан өзінің партиялық болашағын Тоқаев өзі шеше жатар.

Қазір бізден ақыл сұрап жатқан билік жоқ.

Талай жылғы оппозиционер ретінде мені тағы бір нәрсе мазасыздандырып отыр. Президент осы күндері көп тақырып қозғады. Бірақ түбегейлі саяси реформа жайында әлі де тіс жарған жоқ. Ол жайтты мойындаусыз басқа барлық бастаманың құны бес тиын! Оны 30 жылдық Назарбаев жүйесі ап-анық көрсетті емес пе?

-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Просмотров материала: 2 270

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 578 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 400 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 370 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 305 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 285 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 438 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 201 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 225 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 658 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 693 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 254 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 405 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930