24 мая 2022 г.

Мы в соц сетях:



"Бізді өртеп жіберуі мүмкін еді": музейде жасырынған полицейдің әңгімесі

20 январь 2022, 15:22
"Бізді өртеп жіберуі мүмкін еді": музейде жасырынған полицейдің әңгімесі
"Музей жертөлесінде бір жарым - екі сағаттай отырдық. Бас сауғалап ол жерге сағат нешеде келгенімізді де білмеймін, уақытқа қарап отыруға мүмкіндік те болмады. Бір топ адамның музейді басып алғанын естігенде қобалжу болды. Олар біздің жертөледе полиция формасымен отырғанымызды көрсе, сол жерді өртеп жібереді деген ой келді". Бұл – Алматыдағы Қазақстанның мемлекеттік орталық музейінде жанын арашалап қалу үшін бірнеше сағат бойы жертөледе отыруға мәжбүр болған полицейдің әңгімесі.

Бұған дейін мемлекеттік музейге 200-ге жуық адамның жиналғаны, олармен бетпе-бет әңгімеге музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы шығып, тарихи жәдігерлерді сақтап қалғаны айтылды. Sputnik Қазақстан қаңтардың қара суығында қан-жоса болған тәртіп сақшысы мен оларға арнайы киімді ауыстырып, музейден шығуға көмектескен азаматтың әңгімесін ұсынады.

"...Не боларын ешкім білмейді"
Рамиль ішкі істер органдарында 8 жылдан бері жұмыс істейді. Алматыда тәртіпсіздіктер басталғалы әкімдік маңында сапта болған. 5 қаңтарда жарақат алып, бой тасалауға мәжбүр болды.

"Төртінші қаңтардан бесінші қаңтарға қараған түні әкімдік маңында болдық. Ол кезде бірінші шабуыл жасалды. Бесінші қаңтарда біздің қатарымыз көбейді, қорғаныс күшейтілді, әскер қосылды. Түстен кейін екі сағат бойы шабуылға тойтарыс беріп, қатарда болдық. Сол уақытта біразы шаршап, бірқатары жарақат алды. Берілуге тура келді", - деп бастады әңгімесін Рамиль.

Жиналғандар тәртіп сақшыларына асқан қатыгездік танытып жатқаннан кейін Рамиль өзі бұрын қызмет еткен музейге баруды ойлаған. Жол жөнекей басы жарылған курсантты ертіп, оның да аман қалуына жәрдемдескен.

"Бұрын музейде жұмыс істегендіктен, ол жерді жақсы білетінмін. Жолда өзін Достық – әл-Фараби қиылысы жаққа апарып салуды сұраған курсантты кездестірдім. Басы жарылған еді, әрі қарай такси ұстап, үйіне кеткісі келген болар. Бірақ бұл қауіпті еді, себебі екеуміз де қауіпсіздік күштерінің арнайы киімінде жүрдік. Музейге барғанымызда бізді музей қызметкері – әйел кісі қарсы алды. Әрі қарай Қанат аға (Қанат Нұрмұқанов – музейдің өрт сөндіруді қамтамасыз ету бөлімінің маманы) біздің жертөлеге ертіп апарды. Ол жақта біздің шамамен 5-6 қызметкер отыр екен", - дейді Рамиль.

"Дәл қазір өте күлкілі. Біз жан-жағы жабық жерде отырдық. Ешқандай дыбыс естілмеді. Бірақ бір топ адамның музейді басып алғанын естіген кезде аздаған қобалжу болды. Себебі олар жертөлелерді аралап, сол уақытта бізді арнайы киімде отырғанымызды көрсе, сол жерді өртеп жібереді деген ой келді. Өртеп жібермесе де... не боларын ешкім білмейді. Бір жағынан осындай қорқыныш болды, екінші жағынан біз қауіпсіз жерде болдық", - дейді ол.

Жертөледе жарақат алған 6 полицей мен 3 курсант болған. Музейде жұмыс істейтін күзет полициясының екі қызметкері де сол қатарға қосылған. Себебі олар да арнайы формамен жүрген, бұл оларың өміріне қауіп төндірген.

"Арамызда пышақ жарақатын алғандар болды. Бір әйел дәрі қобдишасын әкеліп, бізге көмектесуге тырысты. Бірақ сол жердегі жігіттер алған жарақатынан шок алған болуы керек, ештеңе сезбедік. Мен де жарақат алдым, пышақ болмаса да, үшкір зат кесіп өткен екен. Мойын тұсымнан соққы тиген. Қазір бәрі жақсы, жұмыстамын. Сол күннің ертеңі жұмысқа шықтым. Ауруды ойлап отыруға уақыт болмады", - дейді ол.

Олар жертөледен полиция формасын ауыстырғаннан кейін шықан. Кейбірін туыстары келіп алып кетсе, қалғаны сыртқа шығып, тарап кеткен.

"Бір полицейдің анасы ұлына киім алып келіпті. Олар шығып жатқан кезде менің де туыстарыма хабарласуын сұрадым. Артынша менің інім де келді. Полицейдің анасы екінші рет келіп, бірнеше жігітке киім әкелді. Інім екеуі үстіне қабаттап киіп алыпты. Оларды Қанат аға күтіп алып жүрді. Арнайы форманы ауыстырған соң сыртқа шығуымызға көмектесті. Алдымен есіктен өзі шығып, жан-жағын барлады. Содан кейін ғана бізді шығарды. Арнайы форманы ауыстырған соң қорқыныш та аздап сейілді", - дейді ол.

Музейде болған жағдай

Он шақты тәртіп сақшысына көмектескен музейдің өрт сөндіруді қамтамасыз ету бөлімінің маманы Қанат Нұрмұқаевпен де тілдестік. Ол кісі бұрын Алматы күзет полициясында 28 жыл жұмыс істеген. Қан-жоса болып келген жастарды көргенде көмектесуге асықтым, дейді.

"Орталық музейде өрт сөндіру, электрші, сантехник, диспетчер тәулік бойы қызметте болады. 5 қаңтарда музейде өрт сөндіру бөлімінен мен, бір диспетчер, 2 электрші, 1 сантехник кезекшілікке түстік. Жұмысқа таңертең келген кезде музей директорының орынбасары қызметкерлерді сағат 10 шамасында қайтарды. Музейде бар-жоғы 10 адамдай қалды. Түске дейін бәрі тыныш болды. Сағат 2-ге жақын алаңға адамдар көп жинала бастады. Музей есігін жауып, әркім өз орнында отырды. Музей қызметкерлерінен бөлек күзет полициясының 2 қызметкері болды. Олар артқы есікте күзетте тұрды", - дейді Қанат Нұрмұқаев.

Музей қызметкерлері көшеде не болып жатқанын терезеден бақылап отырған.


"Жараланған, қан-жоса болған адамдар қашып жүрді. Қаптаған адам. Бәрін терезеден көріп отырдық. Сағат үш жарым шамасында 6 полицей мен 3 курсант келді. Оларды бірден жертөлеге кіргіздік. Музей жертөлесі – үлкен ғимарат. Биіктігі – 6 метр, жылы. Ол жерде техникалық қауіпсіздікке жауапты мамандар отырады. Келгендерді бір бөлмеге кіргізіп, есігін жауып қойдық. Басы жарылған, қабырғасы, қолына зақым келгендер болды. Бәрі қан-қан. Олар бөлініп-бөлініп келді, бірі алдынан, енді бірі артқы есіктен кірді", - дейді ол.
Сол уақытта Президент резиденциясына шабуыл жасап жатқандар музейге қарай келген. Музей алдындағы алаңға шамамен 200 адам жиналған.

"Камерадан не болып жатқанын көріп отырдық. Жиналғандар музей есігін ары-бері тартты. Ашылмады. Музейде екі есіктің ортасында терезе бар, жиналғандар соны сындырып, ішке кірді. Қолында темір-терсегі бар бір топ адам келе жатқанын көрген соң бәріміз жертөлеге түстік. Содан музейге кіргендердің алдынан біреу шығу керек болды. Музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы "еркексіңдер ғой" деп бізге қарады. Үш ер адам есіктен шығып бара жатқанда, әрі қарай аттай алмадық. Қорқыныш болды. "Неге тығылып отырсыңдар?" деп бізге тиісуі мүмкін екенін айттық. Содан кейін Бибігүл Дәндіқарақызы жанына музей инженерін ертіп, шығып келді. Ол бұл ғимаратты Дінмұхамед Қонаев салдырғанын, тарихи мұралар жатқанын айтты. Бір топ адамды басқарып тұрған ер адам ешкімнің ешқандай затқа тиіспейтінін айтып, қол жуатын, намаз оқитын жер сұрады", - дейді Нұрмұқаев.

Олар "Есікті жаппаңыздар, біз кіріп-шығып жүреміз" деп айтып кеткен. Музейдегілер айтқанын орындап, есікті жаппаған.

"20 адам кіреді, су ішеді, әкелген заттарын жейді, демалады. Олар шыққан соң басқа 20 адам кіреді. Осылай бірнеше топ келіп жүрді. Шабуыл жасап келді де, музейде демалды", - дейді музей қызметкері.

Қанат Нұрмұқаев жертөледе жасырынғандарды жиналғандардың таяғынан құтқаруға көмектескен. Полицейлерді алып кетуге бірінің анасы, бірінің бауыры келген. Оларды есіктен күтіп алып, ішкі кіргізуді мойнына алған.

"Музей жертөлесіне баратын жолды екінің бірі таппайды, адасып кетуі мүмкін. Көмекке келгендерді жертөлеге апарып жүрдім, артқы есіктен шығуға көмектестім. Киімін ауыстырған соң арты есіктен немесе қызметтік есік арқылы шығуды көрсеттім. Курсанттардың басын күрекпен ұрғандай қан-жоса болып келген еді, соны спиртпен сүртіп, қанды тоқтаттық. Бар көмегім – осы", - дейді ол.

Айта кетері, бұған дейін Алматыдағы Қазақстанның мемлекеттік орталық музейіне бүлікшілер шабуыл жасағаны туралы музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы айтқан болатын. Ол бүлікшілер "Алтын адамның" түпнұсқасын іздегенін айтты. Сондай-ақ сол сәтте құқық қорғау органдарының оннан аса қызметкері музей ішінде жаралы жатқанын жеткізді.

"Біз музейге шабуыл жасағандармен алысып жатқанда, музейдің бункерінде құқық қорғау органдарының 15 шақты қызметкері жаралы жатқан еді. Әкімдік ғимаратына шабуыл басталғанда оларды музейдің ең түпкі қоймасына жасырған өзіміз едік. Музейдегі 2 қызметкер жаралыларға білгендерінше медициналық көмек жасады. Арасында қол-аяғына, көзі мен кеудесіне оқ тигендері болды. Түрлері өте аянышты, жап-жас балалар. Оларға қарап жыларман болдық", - деген музей директорының орынбасары.


Просмотров материала: 6 183

Поделиться материалом


18:19 Очень хотелось бы, чтобы в школу шли не по остаточному... 255 Просмотров

17:54 Казахстан и Россия возобновят железнодорожное сообщение... 217 Просмотров

17:28 Автокредитование по 4%: одобрены заявки пяти тысяч... 224 Просмотров

17:23 Еще один подарок от Казахмыс... 271 Просмотров

17:03 Шынболат Ділдебаев туралы бір үзік сыр... 263 Просмотров

17:02 В Казахстане не зарегистрировано случаев заражения оспой... 223 Просмотров

16:45 Стартовал прием документов по программе «Болашак»... 217 Просмотров

16:34 Назначен зампредседателя КНБ – директор Погранслужбы РК... 223 Просмотров

16:11 Кроссовки вместо ботинок будут носить сотрудники полиции... 231 Просмотров

15:55 «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды – ҚР БҒМ... 216 Просмотров

15:49 «Төрттік» алған павлодарлық оқушының анасы сотқа жүгінді... 398 Просмотров

15:43 В Узбекистане полицейские ударили электрошокером туристов... 289 Просмотров

15:21 «Періштесі қақты»: Алматыда ауыр жол апаты болды... 387 Просмотров

15:17 Ораз Жандосов цифрлық даму министрінің кеңесшісі атанды... 211 Просмотров

15:13 Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрады... 211 Просмотров

14:48 Қазақстанда пандемия басталғаннан бері алғаш рет медицина... 143 Просмотров

14:40 Касым-Жомарт Токаев совершит официальный визит в Кыргызстан... 140 Просмотров

14:30 «Алматы-Өскемен» тас жолындағы оқиға бойынша тергеу басталды... 144 Просмотров

14:21 Заморозки до двух градусов ожидаются в Казахстане... 141 Просмотров

14:11 Неліктен жеңілдетілген автокөлік несиесін рәсімдеу кезінде... 130 Просмотров

13:43 Труба с минимальным диаметром: "КазАвтоЖол" инициировал... 182 Просмотров

13:38 Полиция отнеслась к взрослому мужику, который в автобусе... 215 Просмотров

13:28 Родные обвиняют врачей в смерти роженицы в Атырау... 162 Просмотров

13:09 Криптовалютаға инвестиция құймақ болған ақтөбелік үш... 169 Просмотров

13:02 Достиг ли финтех своего апогея?... 147 Просмотров

12:48 Жеңілдетілген автонесиедегі КАСКО сақтандыру мәселесі қалай... 150 Просмотров

12:41 42 ребенка погибли в ДТП с начала года в Казахстане... 144 Просмотров

12:39 Бақылау чипі бар төлқұжат - ІІМ әлеуметтік желідегі видеоға... 304 Просмотров

12:27 Алтын қайта қымбаттай түсті... 144 Просмотров

12:16 Жеңілдетілген автонесие: қазақстандықтар қанша көлік сатып... 145 Просмотров

12:04 Более тысячи единиц огнестрельного оружия добровольно сдали... 174 Просмотров

12:02 Жазда уақытты қауіпсіз өткізудің жолы қандай – мамандар... 138 Просмотров

11:52 На 36% выросло количество действующих «молодых» ИП за год... 157 Просмотров

11:44 COVID-19: Семь казахстанцев находятся в тяжелом состоянии... 151 Просмотров

11:28 «Уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен»: Айнұр Тұрсынбаева келін... 308 Просмотров

11:25 Автокредит бағдарламасы: бүгін Forte Bank өтінім қабылдайды... 145 Просмотров

11:19 Қазақ топырағында егілетін дәнді дақылдар тұқымының 65... 167 Просмотров

11:14 Сегіз милионның жылқысын ұрлаған семейлік ұсталды... 153 Просмотров

11:09 Взрыв в Шымкенте: Санитарка роддома находится в реанимации... 163 Просмотров

10:54 Свыше 9 миллиардов тенге заморозили на счетах дочерних... 172 Просмотров





Опрос


«    Май 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031