24 мая 2022 г.

Мы в соц сетях:



"Мұндай ұрпақ қайдан пайда болды?" - сенатор Алматы трагедиясы туралы

20 январь 2022, 12:27
"Мұндай ұрпақ қайдан пайда болды?" - сенатор Алматы трагедиясы туралы
Сенатор Нұртөре Жүсіп Үкіметтің ұлттық құндылықтарды дамыту жөніндегі жұмысын сынға алып, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу керек екенін айтты.

Депутаттың пікірінше, қазір "Алматы трагедиясына" үлкен мән беріп, осы оқиғалардан сабақ алу маңызды.

"Ұлттық идеология, ұлттық тәрбие мәселесінді үлкен олқылыққа жол бердік. Мұны ашық айту керек. Патриоттық сезімді оятып, бұл - менің мемлекетім, менің Қазақстаным деудің орнына ақша табу, тез байып кету, барлық құндылықты ақшамен өлшеуді алға қойдық. Бүгінгі жастар ата-бабамыз тыйым салған дүниеден, көрсеткен өнегеден емес, TikTok арқылы тәрбиеленеді. Қоғамда жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің, қамқорлықтың, аяушылықтың, ризашылық пен ізгіліктің, қайырымдылық, сыпайылық пен құрметтің орнына қатыгездік, озбырлық, алдау, өтірік, өсек, мақтаныш, кек үстемдік құрды. Өз ошағын, мүлкін тонауға дайын, өз әрекеттері туралы бір сәтке де ойланбайтын қанішерлер қайдан шықты? Мұндай ұрпақ қайдан пайда болды?", - деді сенатор Сенат отырысында.

Оның айтуынша, ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиені дамытуда айтарлықтай кешігіп қалдық. Дегенмен сенаторлар бұл мәселені Үкімет алдында бірнеше рет көтеріп, тіпті осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жіберген.

"Құрметті Әлихан Асханұлы, тағы да назар аударуды талап етеміз. Былтыр Сенатта ұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі дамыту мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Тыңдауға қатысушылар көптеген мәселені көтеріп, жұмыс қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар берді. Осы ұсыныстарға қайта назар аударып, үкіметтің барлық мүшесін парламенттік тыңдау материалдарымен таныстырып, оларды жүзеге асыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау маңызды деп санаймын", - деп толықтырды Нұртөре Жүсіп.

Депутат өз сауалында бірқатар басқа да мәселені айтты. Бұған телеарналар да кірді. Сенатордың пікірінше, телеарналар "азаматтардың рухани жағынан дамуына зиян келтіретін бағдарламалар таратады".

Сондай-ақ, депутат білім беру, жастарды рухани тәрбиелеу, жасөспірімдер үшін сандық жобалар жасау және жұмыссыздық мәселелерін шешу салаларында бірқатар нақты мәселелер қойды.

"Қазір мемлекеттік және жеке басылымдарға, балалар басылымдарына мемлекет тарапынан материалдық қолдау көрсетуді талап етемін. Мәдениет және спорт министрі, мәдениет саласында да құндылықтардың маңызын жүйелеп, жаңартатын, ерекше көңіл бөлетін кез келді. Балаларымыздың бойына ұрлық жасамау, адал өмір сүру туралы ойларды сіңіретін уақыт келді. Білім министрі Асхат Аймағамбетов мырза, Абай айтқандай, надандық білімсіздіктен туады. Адамдардың бойына кітапқа деген сүйіспеншілік қалыптастыру керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мырза, Қазақстанда жұмыссыз қазақтар болмауы керек, нәтиже бермейтін бағдарламалардың күшін жою керек. Ұлттық бағдарламаларды халыққа түсінікті етіп жасаңыздар", - деді Нұртөре Жүсіп.
Просмотров материала: 242

Поделиться материалом


18:19 Очень хотелось бы, чтобы в школу шли не по остаточному... 273 Просмотров

17:54 Казахстан и Россия возобновят железнодорожное сообщение... 237 Просмотров

17:28 Автокредитование по 4%: одобрены заявки пяти тысяч... 242 Просмотров

17:23 Еще один подарок от Казахмыс... 290 Просмотров

17:03 Шынболат Ділдебаев туралы бір үзік сыр... 288 Просмотров

17:02 В Казахстане не зарегистрировано случаев заражения оспой... 239 Просмотров

16:45 Стартовал прием документов по программе «Болашак»... 232 Просмотров

16:34 Назначен зампредседателя КНБ – директор Погранслужбы РК... 234 Просмотров

16:11 Кроссовки вместо ботинок будут носить сотрудники полиции... 247 Просмотров

15:55 «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды – ҚР БҒМ... 233 Просмотров

15:49 «Төрттік» алған павлодарлық оқушының анасы сотқа жүгінді... 413 Просмотров

15:43 В Узбекистане полицейские ударили электрошокером туристов... 304 Просмотров

15:21 «Періштесі қақты»: Алматыда ауыр жол апаты болды... 404 Просмотров

15:17 Ораз Жандосов цифрлық даму министрінің кеңесшісі атанды... 225 Просмотров

15:13 Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрады... 225 Просмотров

14:48 Қазақстанда пандемия басталғаннан бері алғаш рет медицина... 150 Просмотров

14:40 Касым-Жомарт Токаев совершит официальный визит в Кыргызстан... 146 Просмотров

14:30 «Алматы-Өскемен» тас жолындағы оқиға бойынша тергеу басталды... 151 Просмотров

14:21 Заморозки до двух градусов ожидаются в Казахстане... 147 Просмотров

14:11 Неліктен жеңілдетілген автокөлік несиесін рәсімдеу кезінде... 138 Просмотров

13:43 Труба с минимальным диаметром: "КазАвтоЖол" инициировал... 187 Просмотров

13:38 Полиция отнеслась к взрослому мужику, который в автобусе... 220 Просмотров

13:28 Родные обвиняют врачей в смерти роженицы в Атырау... 170 Просмотров

13:09 Криптовалютаға инвестиция құймақ болған ақтөбелік үш... 175 Просмотров

13:02 Достиг ли финтех своего апогея?... 153 Просмотров

12:48 Жеңілдетілген автонесиедегі КАСКО сақтандыру мәселесі қалай... 155 Просмотров

12:41 42 ребенка погибли в ДТП с начала года в Казахстане... 149 Просмотров

12:39 Бақылау чипі бар төлқұжат - ІІМ әлеуметтік желідегі видеоға... 314 Просмотров

12:27 Алтын қайта қымбаттай түсті... 149 Просмотров

12:16 Жеңілдетілген автонесие: қазақстандықтар қанша көлік сатып... 151 Просмотров

12:04 Более тысячи единиц огнестрельного оружия добровольно сдали... 179 Просмотров

12:02 Жазда уақытты қауіпсіз өткізудің жолы қандай – мамандар... 144 Просмотров

11:52 На 36% выросло количество действующих «молодых» ИП за год... 163 Просмотров

11:44 COVID-19: Семь казахстанцев находятся в тяжелом состоянии... 157 Просмотров

11:28 «Уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен»: Айнұр Тұрсынбаева келін... 313 Просмотров

11:25 Автокредит бағдарламасы: бүгін Forte Bank өтінім қабылдайды... 151 Просмотров

11:19 Қазақ топырағында егілетін дәнді дақылдар тұқымының 65... 173 Просмотров

11:14 Сегіз милионның жылқысын ұрлаған семейлік ұсталды... 159 Просмотров

11:09 Взрыв в Шымкенте: Санитарка роддома находится в реанимации... 168 Просмотров

10:54 Свыше 9 миллиардов тенге заморозили на счетах дочерних... 177 Просмотров





Опрос


«    Май 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031