26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы ПД басшысы: Содырлар бізге қаруды тастап, берілуді ұсынды

20 январь 2022, 10:09
Алматы ПД басшысы: Содырлар бізге қаруды тастап, берілуді ұсынды
Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов содырлар ПД ғимаратына басып кіруге әрекеттенбес бұрын тәртіп сақшыларына қаруды тастап, берілуді талап еткенін айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайт мәліметі бойынша, Қанат Таймерденов бұл туралы Интернет басылымға берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, 5 қаңтарда кешке алаңда болған кейбір содырлар жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери қару-жарақ алғаны жайында, тек Алматыда 1 387 бірлік аңшылық, травматикалық қару ұрланғаны туралы жедел ақпарат түсе бастаған.

"Олардың өз қарулары болғанын да жоққа шығармаймын. Шамамен осы уақытта, жедел ақпарат көздерінен қаруланған және дайындығы бар бірнеше топ департаменттің әкімшілік ғимараты мен қаланың әр жеріндегі полиция басқармаларына шабуыл жасауға ниеті бар екені белгілі болды. Олардың мақсаты қару-жарақ арсеналын басып алу. Бұл туралы бірден ішкі ісер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа хабарланды. Елордада полиция ғимараттарын қорғаудың арнайы жоспарын дереу қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданды және кейінірек белгілі болғандай, бұл шара шынымен де дер кезінде жасалған", - деді Қанат Таймерденов.

Спикердің айтуынша, ғимараттарда қару-жарақтың ірі арсеналы болғандықтан, ең алдымен төтеп беру маңызды болған.

"Мен барлық полиция бөлімшесі басшыларымен хабарласып, ықтимал шабуылдарға дайын болуы үшін оларға және жеке құрамы орындарына орнығуына бұйрық бердім. Расымен де, кешкі сағат жетілер шамасында қарулы адамдар ғимаратқа жинала бастады. Алғашында қорқытулар, берілуді талап етулер болды. Бірақ берілуден бас тартқаннан кейін, шабуыл әрекеттері басталды. Түнде бір ғана департамент ғимаратына 27 шабуыл жасалғанын айтып өттік. Таңға жуық бізге көмек керек болды. Түнгі үш-төрт шамасында бізде оқ-дәрілер таусыла бастады. Бұл туралы министрге хабарлағанымызда, ол Ұлттық ұланға бұйрық беріп, броньдалған арнайы көлікпен бізге қарай кіріп, оқ-дәрілерді жеткізіп үлгерді. Ол кезде мұның қаншалықты тез аяқталатынын түсінбедік", - деді Таймерденов.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Просмотров материала: 819

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 329 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 150 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 121 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 063 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 048 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 080 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 599 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 746 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930