19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Көлік бағасы жыл соңына дейін арзандамайды»: утилизациялық алымның нарыққа әсері туралы көлік саудалаушылар пікірі

19 январь 2022, 17:51
«Көлік бағасы жыл соңына дейін арзандамайды»: утилизациялық алымның нарыққа әсері туралы көлік саудалаушылар пікірі
Бүгін Үкімет «ӨКМ Операторы» компаниясын утильалым жинау құқығынан айыру туралы қаулы қабылдады. Енді утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.

Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып белгіленді. Бұрынғы компанияның қызметі тоқтады, тиісінше бүгіннен бастап автомобиль нарығындағы ірі ойыншылар да утилизациялық төлемдерді тоқатты.

Алматыдағы бірнеше ірі салондардың басын біріктіретін компания өкілі «ӨКМ Операторы» сайтының істемей тұрғанын және бүгін әдеттегі төлемдер туралы есепшоттың келмегенін растады. Azattyq Rýhy тілшісіне сұқбат берген «Орион Дистрибьюшн» ЖШС серіктестігінің Бұқарамен байланыс жөніндегі директоры Алексей Алексеев жаңа ережелердің жақын күндері бекітілетінінен үміттеніп отырғанын айтты. Алматы қаласында «Рено», «Ниссан», «Лада» және «Шевроле» сияқты көлік маркаларының дистрибьюторы утилизациялық алымдардың қашанға дейін тоқтап тұратынынан хабарсыз.

«Көлік бағасы жыл соңына дейін арзандамайды»: утилизациялық алымның нарыққа әсері туралы көлік саудалаушылар пікірі


«Бүгін бізге жеткен жаңалық бойынша, «Жасыл Даму» деп аталатын акционерлік қоғам құрылыпты. Ол енді «РОП Операторының» орнына жұмыс істейді деді. Бірақ бүгін жаңа есепшоттар бізге келген жоқ. Төлемдер қаншалықты өзгеретінін алдағы уақытта білетін боламыз. Төлемдер тоқтатылды. Жаңа компанияға жаңа бағамен төлейтін шығармыз деген үміттеміз. Біз төлемдердің азайып келетінін күтеміз, бірақ бірден төмендейді дегенге сену қиын. Ең көп дегенде утилизациялық алым 10-20 пайызға арзандайтын шығар деп ойлаймыз. Мемлекет үшін қазір бірден кесіп тастау тиімсіз. Бұл салыққа түсетін қаржы және автоөндірушілерді қолдауға бағытталған қаражат», - деді А.Алексеев.



Алексей Алекссев утилизациялық алымның азаюы немесе олардың меншік иесінің ауысуы нарықтағы көлік бағасына әсет етпейді дейді. Оның басты себебі біреу: автомобиль салондарындағы жаңа көліктер тапшылығын жою. Бұл қазір тек Қазақстанға ғана байланысты емес. Әлемдік тенденция болғандықтан, қалыптасып қалған баға саясатына утилизациялық алымдар тікелей әсер етеді деген дұрыс емес. Көліктердің жаңа партиялары қашан келеді, салондар тұтынушының сұранысын толық қанағаттандыра ала ма деген сауалдарға автодилерлердің өздері жауап таппай отыр.

«Жалпы, көлік арзандайды дегенге сену қиын. Жаңа жылдан бастап жүрілген көліктерге баға тағы да өсті. Өткен мереке күндері бар, елдегі протесттік жағдайлар барын ескерсек, нарық әлі оянған жоқ. Соған қарамастан баға өсіп шыға келді. Негізі 2022 жылы да автодилерлер жаңа шыққан автомобилдердің тапшылығын сезінетін болады. Былтыр тапсырыс беріліп, қаражаты төленіп қойған көліктерді тұтынушылар әлі күтіп отыр. Ал көптеген автомобиль брендтеріне жаңа тапсырыстар алу 2021 жылдың соңына қарай мүлдем тоқтатылды. Себебі олар көліктердің жаңа партиялары қашан келеді деген сауалға жауап бере алмайды. Осы тапшылықтың кесірінен көліктерге, соның ішінде жүрілген автомобилдерге де баға көтерілмесе, түспейді. Тіпті утилизациялық алым мөлшерлемесі төмендесе де, көлік бағасы арзандайды дегенге қазір сену қиын. Жыл соңына дейін дефицит болады. Бұл былтырдан бері айтылып жүрген автокомпеннеттердің келуіне байланысты. Бұл біздің ел немесе көрші елдегі жағдайға байланысты емес, әлемдік құбылыс. Күрделі электроникалар мен чиптердің тапшылығын айтып отырмын», - деді ол.

«Автосалондарда көлік жоқ». Сарапшылар көлік нарығындағы дағдарыстың себебін түсіндірді

Оның айтуынша, қазір автосалондарға жаңа машиналар белгілі бір мөлшерде келіп жатыр. Кейбір моделдер артығымен тұр. Бірақ комплектациялары немесе тұтынушы қалаған түстеріне таңдау жоқ. Жалпы айтқанда, бұл нарықта қозғалыс бар. Бірақ тұтынушының қалағанындай сұранысты қанағаттандыруға арналған сатылым болмай жатыр.

«Айталық, 2021 жылдың соңында жүрілген көліктер нарығында белсенділік жоғары болды. Жаңа жылда бағаның тағы да өсетіні туралы сыбыс пен болжамдар желдей есті. Бірақ жаңа көліктерге деген тапшылық сол күйінде қалды. Әдетте желтоқсан айында барлық автосалондар көлікті көп сатады, себебі жақындарына сыйлық жасау, сосын мемлекеттік бюджеттің игерілмей қалған қаржысына қызметтік көліктер сатып алу белең алатын. Бұл жолы оларға ұсынатын көліктер саны шектеулі болды. Ал, бұл сұранысқа жүрілген көліктер нарығы қандай ұсыныс білдіруі мүмкін?! Ешқандай. Нарықта дефицит анық байқалды. Автосалоннан көлік ала алмаған жекелеген адам жүрілген көліктер нарығынан автомобиль іздеуге көшті. Бір жыл, үш жыл немесе бес жыл жүрілген көліктерге деген сұраныс артқан соң, сатушы да бағаны көтеріп, осылай баға саясаты қолдан жасалды. Бір адам көршісінің көлігі тез әрі жақсы бағаға сатылғанын көреді де, ол да өз көлігіне бағаны аспандатып қояды», - дейді Алексей Алексеев.

«Колеса» және өзге де сайттарда көлік бағасы жоғары. Өкініштісі, бұл әлі тоқтаған жоқ. Тұтынушылар былтыр жыл соңындағы бағаның жаңа жылдан соң 10-15 пайызға тағы артқанын байқадық дейді. Алматы тұрғыны Еркін Нұрланов былтыр жылдың аяғында көлігін ауыстыруды жоспарлаған. Алайда, сол аламын деп жүрген көлігім тағы қымбаттап кетіпті. Ол бүгін Алматы маңындағы «Астер» автомобиль орталығына көлігін сату үшін келген.


Еркін Нұрланов

«Адамдар бірәнсені күтіп отыр. Әрине көлік арзандай ма деген ой бәрінде бар. Өзім екі апта бұрын «Колеса» сайтына хабарландыру беріп қойғам. Қоңыраулар өте аз. Күніне бір адам хабарласады. Енді жүрілген автокөліктерді сатып алатын мына автосалонға келіп бағалатып отырмын. Ойымдағы бағаны бере ме, білмеймін. Адамдар бұрын сатып алған бағаларына көліктерін қайта сатуды ойлайды. Себебі қымбаттау алғандары көп. Салонда көлік болмаған соң, ескі машинаны сол салонның бағасымен алды. Енді ел наурызға дейін бір өзгеріс бола ма деп күтіп отыр», - дейді тұтынушы.

Тағы бір тұтынушы Нұржан Ахметжанов жаңа жыл қарсаңында осы автосалоннан 6 млн теңгеге жүрілген көлік сатып алу үшін қаржы құйып қойған. Бүгін көліктің құжаттары мен мемлекеттік тіркеу номерін алуға келіпті. Айтуынша, айналдырған 15 күнде сатып алған көлігінің құнына тағы 1 млн теңге қосылған.

«Енді жаңа жылдан кейін кейбір көліктерге баға тағы 15 пайызға көтерілгенін көріп отырмыз. Ертең бағаны түсірдік деп сол 15 пайызды түсіреді. Сонда жаңа жылдың алдындағы бағаға келеді. Бірақ, ол бағаның өзі былтырғы жылдың бастапқы кезеңімен салыстырғанда көп қымбаттап кетті. Аса қатты өзгеріс бола қоймайды. Баға түседі дегенге сену қиын. Мысалы, осы біз келіп отырған салонда машинаның бағасына 15 пайыз қосып тастапты. Мысалы 5-6 млн теңгенің машинасы тағы 1 млн теңгеге қымбаттаған. Бұл қайдан шыққан баға десек, бүгіннен бастап арзандатамыз деп қояды. Демек сол 1 млн теңгені алып тастайды. Бұл – қулық. Мен жаңа жыл қарсаңында ақшамды төлеп кеткен едім. Өйткені сол кезде тағы қымбаттайды деп айтқан болатын. Айтқандарын істепті. Нарық реттейді дейді, бірақ бағаны ауадан қойып отырғаны осыдан-ақ көрініп тұр. Бұған мемлекет жүйелі түрде кірісуі керек», - дейді Нұржан Ахметжанов.


Нұржан Ахметжанов



Тұтынушылардың бұл уәжіне байланысты аталған автосалон мамандарын сөзге тарттық. «Астер авто» жүрілген көліктер салонының жетекшісі Юлия Кравчук бағаны аспаннан алып қоймаймыз, барлығын нарық реттейді деп ақталды. Оның айтуынша, көлік құнының динамикасын бақылау мүмкін емес. Бірақ өсім бар. Баға көліктің техникалық жағдайына қарап қойылады.

«Біз нарыққа қарап бағытымызды айқындаймыз. Яғни бізге келген көліктің бағасы нарық құны мен оның техникалық жағдайына қарай бағаланады. Сондықтан баға жасамы құбылмалы. Сатушылар нарықта өз көлігіне бағаны жоғары қояды. Оған өзге біреуі қарап, ол да жоғары қояды. Тиісінше бізге әкелген кезде көліктерін жақсы бағаға өткізгісі келеді. Алайда, біз өз критерилеріміз бойынша автомобилді бағалап, оның құнын шығарамыз. Көліктің техникалық жағдайы оның лак-бояуына, жүрген мерзіміне, шыққан жылы мен заңдық тұрғыдан тазалығына қарап белгіленеді. Көліктің маркасына да қарап баға қойылады. Нарықтағы ұсыныс пен сұранымға да байланысты. Өтімдлігі аз көліктерді арзан бағалап, оның нарықтағы құнын төмендеу қарастырамыз. Ол спорттық, тым қымбат немесе қолжетімсіз болса, ұзақ уақыт сатылады», дейді Ю.Кравчук.


Юлия Кравчук



«Біз үшін көліктердің тез сатылғаны керек. Сондықтан нарықта ең сұранысқа ие автокөліктерді сатып алып, олардан жақсы пайда табамыз. Бұл бизнес. Жасырын емес. Жүрілген көліктер арасында 2013-2014 жылдары шыққан көліктер көп қымбаттады. Былтырмен салыстырғанда баға 10 өсті. Баға саясаты күніне қайта қарастырылады. Динамикалық, яғни бір түсіп, бір көтеріліп, құбылып тұрады. Бізде ең өтімді көліктер – жапондық автомобилдер, одан кейін корейлік көліктер. Шыққанына 5 жылдан аспаған көліктер сұранысқа ие. «Тойота», «Ниссан», «Хюндай» көліктеріне сұраныс жоғары, баға да соған сай жоғары. Жылына елде 700 мың автокөлік сатылады. Астер автода 2,5 мың көлік бар», дейді жүрілген көліктер салонының жетекшісі.
Просмотров материала: 4 096

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 592 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 414 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 384 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 320 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 299 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 699 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 259 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 410 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930