25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Егер адам төтенше жағдайға дейін бірнәрсені жоспарлаған болса, соны талқылау арқылы мазасыздықтан арыла алады

18 январь 2022, 14:47
Егер адам төтенше жағдайға дейін бірнәрсені жоспарлаған болса, соны талқылау арқылы мазасыздықтан арыла алады
Практик психолог Алиса Акмаева қаңтардағы оқиғалардың қазақстандықтарға қалай әсер етуі мүмкін екенін және елдегі жағдайдан кейінгі үрейден қалай арылуға болатынын Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


Елдегі, әсіресе Алматыдағы ұрып, cоғу, өлтіру, ғимараттарды қирату оқиғалары әлеуметтік желі арқылы тарады. Сол фото-видеоларды көрген тұрғындар одан сайын үрейлене берді.

Мыңдаған адам оқиға орнында жүріп, зардап шекті. Ал одан да көп адам сыртқа шықпаса да, психологиялық жарақат алды. Олар қазір күйзелісте жүрген болуы мүмкін. Мұндайда көмектесу керек.

Маманның айтуынша, қаңтардағы оқиға жайлы балалармен сөйлескен жөн. Оларға өтірік айтпаған дұрыс. Ересектер жарақат алған күннің өзінде де балаларға жағдайды барынша түсіндіруі керек.

Балаға түсіндірер кезде, қандай да бір ақпаратты көрсеткенде оның жасын ескерген дұрыс. Мысалы, 5 жасар балаға жаман адамдар, бандиттер бар екенін түсіндіріп, далаға шығу қауіпті екенін айту керек. Ал жасөспірімдермен болған оқиға туралы әңгімелесіа, талқылауға болады.

Балаларға жағдайды эмоционалды реңксіз жеткізу қажет. Бала үйде отыру қауіпсіздік жағынан маңызды екенін ұғынсын. Жасөспірімдермен ақпаратты ашық талқылаңыз. Себебі әлеуметтік желілер арқылы басқаша ақпарат тарауы мүмкін. Баланың қандай контент оқитынын үнемі біле бермейміз. Ең жақсысы – жаңалықты бірге қарап, талқылау.

Психологтың сөзінше, ересектердегі мазасыздық пен қорқыныш – өміріне қауіп төндіретін ақпаратқа реакциясы ғана. Қарапайым кеңестерге сүйеніп, мұндай күйзелістен оңай арылуға болады.

Қазір жағдай тұрақталып қалды. Әлі де үрейде жүрген адамдар өзін қолдайтын жақындарымен, достарымен әңгімелескені дұрыс. Сонымен бірге психологиялық қолдау көрсететін "1414" желісіне жүгінуге болады. Тәртіпсіздікке қатысты пікіріңізді әлеуметтік желіде бөлісу жағдайыңызды қалыпқа келтіруге көмектеспейді.

Маманның кеңесінше, эмоцияны шығарған дұрыс. Эмоцияға ерік бергенде адам жеңілдеп қалады. Содан соң көңіл-күйді бұзатын нәрсеге жақындамаған жөн. Ал әзілдеу, жігерлендіретін сөздерге назар аудару, позитивте болу әрдайым тиімді бола бермейді.

Кейбірі қауіптің енді жоқ екенін осылай ғана түсінеді. Егер адам төтенше жағдайға дейін бірнәрсені жоспарлаған болса, соны талқылау арқылы мазасыздықтан арыла алады.

Маманның айтуынша, адамның психикасы көбіне тұрақты. Ол қиын жағдайларды жеңуге қабілетті, төзімді. Адамдардың шамамен 85%-і күйзеліспен өзі күресе алады. Тек 15%-і ғана дағдарысқа ұрынуы мүмкін. Мұндайда маманның көмегі қажет.

Адам әлі де қауіптеніп жүрсе, біртүрлі түстер көруі мүмкін. Ал тәбеті жоғалып, ұйқысы бұзылса, ол адамға көмектесу қажет. Психолог әр адам өзінің психологиялық ахуалына мұқият болғаны дұрыс деп отыр. Әйтпесе жағдайды ушықтырып алу қаупі жоғары.
Просмотров материала: 2 056

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 232 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 053 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 025 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 967 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 950 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 270 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 860 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 041 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 317 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 564 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 712 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930