25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыдағы тәртіпсіздіктер: 766 "Сергек" камерасы бүлінген

17 январь 2022, 12:00
Алматыдағы тәртіпсіздіктер: 766 "Сергек" камерасы бүлінген
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде құны 500 миллион теңгеге жуық бейнебақылау камералары бүлінген. Бұл туралы әкімдіктің штаб отырысында Цифрландыру басқармасы басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті.

Спикердің айтуынша, қалада 11 мыңнан аса бейнебақылау камералары Полиция департаментінің жедел басқару орталығына біріктіріліп, олар арқылы тәртіпсіздіктер мен тонауға қатысушылар бақылауға алынған. Қаңтардағы оқиғалардан кейін Алматыда 766 "Сергек" камерасы бүлінген.

"17 қаңтарда таңертең 485 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені қалпына келтіріліп, жедел басқару орталығына қосылды. Оның 20-сын бүгін таңғы сағат 7-де қостық. 75-тен астамын кешенді тонаушылар бұзды, бірақ 30-дан астамын қалпына келтірдік. Қалпына келтіру бойынша жалпы сома 250 миллион теңгеден аспайды. Барлық кешенді биыл қаңтардың аяғына дейін толық іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Қоңырбаев.

Сондай-ақ, ол саябақтарда, скверлерде "Адам көп жиналатын орындардағы жағдайды бейнебақылау жүйесінің" 1000 камерасы бар екенін айтты. Тәртіпсіздік кезінде шабуылдаушылар оның 242-сін зақымдаған.

"Танаушылар бұл камераларды әдейі қиратты. Камералар 30 есеге дейін ұлғайту мүмкіндігімен жақсы жабдықталған. Өндірушімен тікелей хабарласқанымызда, қоймаларда бұл камералар жоқ екен. Болжалды жеткізу уақыты - 2022 жылдың наурызы. Бірақ қазір оларды басқа өндіруші камераларына ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қаржыландыру республикалық бюджеттен бекітілген. Жалпы сома 226 миллион теңгеден аспайды", - деді ол.

Қоңырбаев аула аумақтары мен кіреберістерде 400-ден аса камера орнатылғанын айтты. Биылғы шілдеге дейін тағы да осындай 3500 камера орнату жоспарланған.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев камераларды қирату - тонаушылардың емес, лаңкестерің ісі екенін айтты.

"Қарапайым мародер оны білмейді. Себебі олар мақсатты түрде қиратқан, олар алдын ала дайындалған адамдар. Бейнекамералардың "өзегін" қиратқан. Не істеу керегін білді, қарапайым мародер одан бейхабар. Яғни не қайда орналасқанын білген, дайындалған, нағыз қылмыскер, террористер. Өзіміз де нысандарды аралаған кезде барлық жерде серверлерді тауып алғанын көрдік. Бәрін тауып, көзін құртқан. Яғни нысандарға кіріп, бірінші кезекте серверлерін құртқан", - дейді Сағынтаев қалалық штаб отырысында.

Алматыда 9 полицей қаза тапқаны белгілі болды

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.


Просмотров материала: 410

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 224 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 045 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 017 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 959 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 942 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 270 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 860 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 039 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 316 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 562 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 710 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930