26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҰҚК қызметкерлерінің өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды

13 январь 2022, 17:09
ҰҚК қызметкерлерінің өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қызметкерлер мен әскери қызметшілер қалай қаза болғаны туралы айтты, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК Шекара академиясының бастығы полковник Павел Поливанов академияның жеке құрамы мен курсанттары Алматы әкімдігі ғимаратының қорғанысына қалай көмектескені туралы айтып берді.

"4-5 қаңтарға қараған түні әскери қызметшілер мен курсанттар Алматы әкімдігі қорғанысын ұстады. Шабуылдаушылар тобына қолда бар құралдармен қарсы тұруға тура келді, өйткені атыс қаруын қолданбау туралы бұйрық берілді. Жиналғандар дыбыс және түтін гранаталарын қолданды, сондықтан айналаны көру деңгейі азайды", - деді Поливанов.

ҰҚК Шекара академиясы кафедрасының бастығы полковник Кабдинов Андрей Вячеславович Әкімдік ғимаратын қорғау кезінде газдан уланып, алған жарақатынан қаза болды, деді ведомство өкілі.

"Ол әртүрлі лауазымдарда қызмет етті - застава бастығының орынбасарынан Шекара академиясының кафедра бастығына дейін. Андрей Вячеславович 4 баланың әкесі. Курсанттар қаза тапқан полковникті ерекше командир санайды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

ҰҚК қызметкерлерінің өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды


6 қаңтарда кешке шекара академиясына кіреберісте бүлікшілермен атыс басталып, онда академияның аға офицері капитан Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы қаза тапқан.

"Жұбайымен тұңғышын күн санап күтіп жүрген. Басына оқ тиіп, қаза болды", - деді комитеттегілер.



Сондай-ақ, академияны қорғап, үш курсант қаза тапқан: Жұпарбеков Дәулет Бауржанұлы, Битим Мейрхан Ержанұлы және Әділхан Жайық.

"Қаза болғандардың достары мен курстастары олар бала кезінен шекарашы болуды армандағанын, жақсы оқып, спортпен шұғылданып, мақсатына сенімді түрде жеткенін айтады. Жанашыр, мейірімді, көңілді, адал жолдастар", - деді ҰҚК өкілдері.



7 қаңтарда Таразда Ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Әділбай Дастан Әділбайұлы жер қойнауына тапсырылған.

"5-6 қаңтарға қараған түні қызметкерлер аумақтық департамент ғимаратына шабуыл жасаған 350-ден аса бүлікшіге тойтарыс берді. Атыс кезінде оқ жарақатын алған Дастан Еділбай әріптестерін ауруханаға жеткізді, сол жерде есінен танып, операция үстелінде көз жұмды", - деді Поливанов.



ҰҚК әскери қарсы барлау органдарының кіші жедел уәкілі капитан Нұркенов Әділ Дулатұлы құпия құжаттарды эвакуациялау кезінде қаза тапқан.

"Ол үш жасар қыздың әкесі, сүйікті жар", - деп бөлісті ҰҚК өкілі.



10 қаңтарда Жамбыл облысы Шекара комитеті департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының учаскесінде жауынгерлік міндетті орындау кезінде ШБ жауынгерлік даярлық және резервтерді қолдану бөлімінің офицері капитан Карменов Ерзат Қанаятолданұлы және офицер Армидинов Шавкат Шатликович қаза тапты.

"Карменов 2 баланың әкесі болаты, ал Армидинов тіпті отбасын құрып үлгермеген. Олар шекараны лайықты күзетті, жоғары патриотизм рухында тәрбиеленді және шекарашылар әдеттегідей сырттан келген қауіпті бірінші болып көрсетуге дайын болды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерді тоқтату, террористік және экстремистік топтардың жолын кесу барысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін қаза тапқан 6 қызметкер мен әскери қызметшіні II және III дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапаттауды тапсырды. ҰҚК қызметкері капитан Нұркенов "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

"Алматы қасіреті - халқымыз үшін үлкен шығын. Өкінішке қарай, қатал шындықты өзгерте алмаймыз. Бірақ, қысқа өмір сүргеніне қарамастан, олар лайықты із қалдырды және әскери борышқа деген батылдық пен адалдық үлгісі болды", - деп қорытындылады Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері.
Просмотров материала: 721

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 261 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 082 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 054 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 996 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 979 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 247 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 054 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 575 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 723 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930