1 июля 2022 г.

Мы в соц сетях:



Кейбір аймақтарда сол бұрынғы жүйе өзгерген жоқ

21 декабрь 2021, 10:39
Кейбір аймақтарда сол бұрынғы жүйе өзгерген жоқ
Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасының қабылданғанына биыл екі жыл болды. Заң төрт бағытты қамтиды, оның ішінде педагог қызметіне қойылатын талаптарды күшейту қарастырылған. Бұл ретте, педагог этикасына ерекше көңіл бөлінген. Аталған мәселелер қалай шешілуде және Заң жобасы білім сапасын арттыруға қаншалықты ықпал етті? Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы айтты.

«Заң бар және оның орындалуы бар. Заң бәріне ортақ болғанымен, оның орындалуы кейде бәріне ортақ бола бермейді. Өйткені оны орындайтын өңірлер бар, сондай-ақ керісінше, орындамайтын өңір де болады. Шыны керек, заңды белшесінен басатындар да бар. Сондықтан бұл заң әзірге 100 пайыз нәтиже берді деп айту қиын. Бірақ жағдайымыз бұрынғыдан көш ілгері. Ірі қалаларда көп өзгеріс болды. Бірақ кейбір аймақтарда сол бұрынғы жүйе, бұрынғы қағазбастылық әлі де жалғасып жатыр», - дейді Аятжан Ахметжанұлы.

Педагог мұғалімдер мәселесін қоғамнан бөлшектеп алып қарауға болмайтынына баса назар аударды. Айтуынша, білім саласына жеке демократия орнай салмайды.

«Мемлекетте адами құндылықтар алдыға шықпай, білім саласын бірінші қатарға алмаймыз. Мемлекетте жемқорлық жойылмай, мектепте жемқорлық жойылмайды», - деді ол.

Құжатта педагогтерді қызметіне жатпайтын жұмысқа тарту, шамадан тыс есептілік, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы олардың жүктемесін азайту мәселесі қарастырылған. Осыған байланысты нақты санкциялар көзделген.

«Бір лауазымдық бұрындары 18 сағат болса, қазір ол 2 сағатқа қысқарды. Белгілі бір деңгейде цифрландыру жүйесіне көштік. Артық уақытын әр мұғалім әрқалай жұмсайды. Мәселен, бірі ізденсе, өзгесі демалғанды жөн көреді», - дейді мектеп басшысы.

Сондай-ақ, Заңда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша бірқатар норма енгізілген. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мен оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндетін орындамағаны үшін ата-аналарға немесе олардың заңды өкілдеріне айыппұл салынады. Алайда, Аятжан Ахметжанұлы мұны орындалмайтын норма деп отыр.

«Өйткені мектеп ата-анамен соттасып жүре алмайды. Мектеп мемлекеттік орган, ата-ана – жеке тұлға. Егер мемлекеттік орган мен жеке тарап дауласып, қандай да бір шу шығатын болса, мемлекеттік орган құрбан болады. Сондықтан «ақылы бар» ешбір мектеп ата-ананы сотқа бермейді. Себебі, біріншіден менталитетіміз сондай, екіншіден билік атқарушы органның жұмыс істеуін қалайды. Ол жерде кім – ақ, кім – қара деп бөліп-жармайды. Кімге шамасы келеді – соны қысады. Қазақта жігіттің үш жұрты бар дейді. Тура сол сияқты оқушының да үш жұрты бар: мектеп, отбасы және қоғам. Егер осы үшеуі бір-бірімен төбелесіп отыратын болса, онда бала ешқашан тұлға болып шықпайды», - дейді Аятжан Ахметжанұлы.

Десе де қоғамның бір бөлігі баланың әрекетіне ата-ана жауапты десе, екінші жағы мектепті кінәлайды.

«Біз құқықтық мемлекет болғандықтан барлығы заң аясында орындалуы тиіс. Бірақ бір нәрсені анықтап алу керек. Баланың тәрбие мәселесіне 80 пайыз отбасы, 20 пайыз мектеп жауапты болуы керек деп ойлаймын. Ал, білім мәселесі керісінше, 95 пайыз мектеп, 4-5 пайыз ғана ата-ана жауапты болуы керек. Қазір ешкім ешнәрсеге жауап бермейтін болып кетті. Қазір екі түрлі принциппен өмір сүреміз: бірі – бала адам болсын, екіншісі – тыныш болсын. Ал білім жұртқа қызық емес. Санаулы ата-анаға білім қызықты, ал басым бөлігіне өкінішке қарай жоқ», - дейді мектеп директоры.

Сағадиевтің ең трагедиялы бұйрығы

Педагогтың мәртебесі артқан сайын, оған қойылатын талап та күшейді. Ең бастысы – білімді әрі патриотты ұрпақ қалыптастыру. Алайда, Аятжан Ахметжанұлы қазақстандық педаогогтарда өз кәсібіне деген фанаттық көзқарастың жетіспейдігін айтып отыр.

«Адам өз мамандығына белгілі бір деңгейде фанат болуы керек. Сонда ғана ол жанын салып істейді. Басқа салада жұмысқа таңертең барып, кешке қайтып, 8 сағат жұмыс істеу жеткілікті шығар. Бірақ білім саласына бұл аздық етеді. Екіншіден, жауапкершілік жетіспейді. Сағадиевтің (Бұрынғы Білім және ғылым министрі – авт.) ең трагедиялы бұйрығы бар: «Мектеп ҰБТ-ға жауап бермейді» деген. Яғни мектеп 11 жыл оқытқан баласының нәтижесіне жауап бермейді деген сөз. Баланы 11 жыл оқыту үшін мектепке бюджеттен қаражат бөлінеді, мұғалім содан жалақы алады, мектеп сол ақшадан күн көреді, бұдан бөлек мемлекет мектептің құрылысымен айналысады, бірақ одан шығып жатқан өнімге мектеп жауап бермейді. Білім саласында мен бұдан асқан трагедиялы бұйрық көрген жоқпын. Тіпті, бұл үштілділіктен те ауыр трагедия. Бұл жауапкершіліктен қашу. Егер мектеп өзі білім берген оқушысына жауап бермейтін болса, онда әкім өзінің қаласына, дәрігер өзінің операциясына, журналист өзінің мақаласына жауап бермей-ақ қойсын. Мәселен алтын белгімен бітіріп жатқан оқушы ҰБТ-да 60 балл алса, оған неге мектеп жауап бермейді? Мектепте жауапкершілік болмағандықтан бала далада қалады. Біз бұлай патриотты ұрпақ тәрбиелей алмаймыз. Қазір қаладағы оқушылардың 90 пайызы ҰБТ тапсыру үшін ақылы түрде қосымша сабақтарға барады. Ал, жағдайы жоқ балалардың санасында «Мемлекет біз үшін не істеп жатыр? Неліктен ата-анамыз қосымша ақшаға оқыту керек? Патриот болатындай Білім министрлігі маған не істеді?» деген ой туындайды. Міне бала осылай далада қалады. Өйткені мұғалімдер жауапкершілікті сезінбейді», - дейді Аятжан Ахметжанұлы.

Ауылда ең табысты адам – мұғалім

Тәжірибелі педагогтың айтуынша, 20 жыл бойы, соңғы 2-3 жылды қоспағанда, мектептерге білім сапасы төмен, тәжірибесі аз кадрлар жиналды. Алайда, билік бұл мәселенің тиімді шешімін тауып, сапалы педагогтардың санын арттырудың дұрыс механизмін құра білген.

«Соңғы үш жылда біраз жаңалық болды. Ең бірінші өзгеріс педагогикалық мамандықтарға «ақылы бар» студенттер келе бастады. Себебі бұрындары біз оқуға түскен кезде «педагогикалық мамандық» баланың ең соңғы таңдау мүмкіндігі еді. Бұл мамандықты оқуға түсе алмай жатқан кезде таңдайтын. Ал, қазір керісінше. Педагогикалық мамандыққа жас түлек 100 балл алмаса түсе алмайды. Екінші мәселе, бұрын мектептен кетіп қалған қаншама адам, қазір мектепке келе алмай жүр. Бұл жерде мәртебеден бұрын, шындап келгенде педагогтардың жалақысының артуы себеп болды. Сондай-ақ, осы бағыттағы студенттердің де шәкіртақысы өсті. Дәл осындай жағдай педагогика саласына келетін кадрлардың сапасының артуына ықпал етіп жатыр. Бұл қысқа уақытта нәтиже бермейді. Әлі 10 жылдай уақыт керек. Мектепке дұрыс кадр келсе, ертеңгі күні дұрыс жүйе орнайды деп ойлаймын», - дейді педагог.

Заң жобасында 2023 жылға дейін педагогтердің жалақылары екі есеге артатынды жазылған. Бұл тұста мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жақсарғандығын мектеп басшысы жасырмады.

«Мұғалімдердің материалдық жағдайы бүгінде қуантарлық. Ал, ауылдарда тіпті қаладан жақсы. Ауылда ең табысты адам – мұғалім. Бірақ білім төмен. Парадокс. Оған да себеп бар. Ауыл мектептерінде материалдық жағдай нашар. Еліміздегі нөмірі бірінші проблема ол – жұмыссыздық емес, ол – біліксіздік. Ең бірінші кемшілік – мұғалімдердегі тәрбиелік білімсіздік. Мұғалімдердің біліктілігін тестілеу кезінде өз пәнінен 80 баллдың 30-ын да жинай алмайтындары бар. Әрине, мұндай мәселелермен күресіп жатырмыз. Нәтиже бар, бірақ процесс өте баяу жүріп жатыр», - дейді ол.



Аятжан Ахметжанұлы білім сапасын арттыру үшін мектептердегі материалдық базаның заманға сай болуы керектігін айтады.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы «ы, і, ш» деген сыныптардың ашылуын жұрт демографияның артыумен байланыстырады. Бірақ кейбір ауылдар түгілі кіші қалаларда мектептер жабылып жатыр. Егер сапалы білім тек ірі қалаларда болса, онда жұрт сол жаққа көшеді. Өйткені баласын жақсы оқытқысы келеді. Сондықтан да мен осы қаланың тұрғыны ретінде елорданың кеңеюіне қарсымын. Иә, біз ауылды құтқара алмайтын шығармыз, бірақ ең болмаса қаланы құтқаруымыз керек. Сол үшін елордада салынып жатқан заманауи «Binom» мектептері басқа өңірлерде де көптеп бой көтеруі керек. Мұғалімдерге жақсы жағдай жасалды. Енді Қазақстанның мектептеріне 21 ғасыр керек. Яғни кабинеттерге цифрлы технология, материалдық жағдай жасалуы керек. Мәселен, Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жағдай, шалғай ауылдағы білім беру мекемелерінде жоқ. Егер бұл мәселе тең дәрежеде шешілсе, білімнің сапасы артатыны сөзсіз», - деді Аятжан Ахметжанұлы.

Просмотров материала: 2 315

Поделиться материалом


19:25 ДӘУРЕН АБАЕВ ТӨЛЕБИДЕГІ «СУРЕТШІЛЕР ҮЙІНДЕ» ҚЫЛҚАЛАМ... 1 Просмотров

19:08 Биыл елімізде 400 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады... 38 Просмотров

18:49 3 миллиона га сельхозземель в Алматинской области не... 47 Просмотров

18:47 Киік ату жұмысы кімге жүктеледі - комитет жауабы... 44 Просмотров

18:43 Расследование в отношении чиновников из Минкультуры... 47 Просмотров

18:35 Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары жемқорлық... 62 Просмотров

18:28 2 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады... 69 Просмотров

18:04 Газдың шекті көтерме бағасының өсуі тұтынушыларға әсер... 79 Просмотров

17:59 Ақсу электр станциясында бір жұмысшы қаза тапты... 98 Просмотров

17:54 Талдықорған қаласындағы мешітте ер адам имамды соққыға... 148 Просмотров

17:30 Өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, алаяқтық... 108 Просмотров

17:25 Қаңтарда қаза тапқандардың тізімін ғана емес, неден... 159 Просмотров

17:12 Қазақстанда qurban2022.kz сайты іске қосылды... 106 Просмотров

17:09 Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, азаптаудан өлген адам саны... 88 Просмотров

17:06 Оралда егде жастағы әйел автобустан валидатор ұрлап кеткен... 90 Просмотров

15:41 Обнародовать список погибших в январских событиях хотя бы... 74 Просмотров

15:19 LRT в Шымкенте: Решение ещё впереди - аким... 87 Просмотров

14:51 Токаев будет играть в Российской Суперлиге по футзалу... 87 Просмотров

14:38 На IVI и Кинопоиск стартовал детективный сериал «Спроси... 88 Просмотров

14:19 Тенге ослаб за июнь на 13,3%... 104 Просмотров

13:49 График работы ЦОНов изменили в Казахстане... 146 Просмотров

13:44 Рассылка о выплате в 72 тысячи тенге - фейк. НИКОМУ НЕ... 136 Просмотров

13:38 Необходимости масочного режима пока нет, – глава Минздрава... 146 Просмотров

12:53 «Бағаны өсірмеңіздер»: Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында... 208 Просмотров

12:46 Теңге неге әлсіреп жатыр... 119 Просмотров

12:41 Алматыдағы саябақтардың бірінде оқушыны тоқ соқты: бала... 161 Просмотров

12:23 Тоқаев мүлік иелерінің бірлестігіне көшуді кейінге қалдыру... 168 Просмотров

12:08 40 градусқа дейін ыстық болады – шілде айына ауа райы... 258 Просмотров

12:06 Ввести школьный предмет «Букварь человечности» предложили в... 154 Просмотров

12:03 Қазақстанның бірде-бір елмен шиеленісті қарым-қа­ты­насы... 154 Просмотров

11:59 Ажар Ғиният маска режимі туралы: Ауруханалардың жүктелімі... 155 Просмотров

11:56 Науқастардың ішінде ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп... 145 Просмотров

11:49 Число заболевших COVID-19 растет: 189 новых случаев... 150 Просмотров

11:28 Еліміздің қазба байлығынан түскен қаражат қайда жұмсалып... 149 Просмотров

11:25 Штраф в 6 миллионов тенге грозит выбросившим герб на свалку... 139 Просмотров

11:24 Павлодар облысында мал суғаратын көлді жалға беріп жіберген... 129 Просмотров

11:23 Сигареты подорожали с 1 июля в Казахстане... 137 Просмотров

11:18 Водителям в Казахстане можно будет ездить вообще без... 112 Просмотров

11:08 Алматы облысындағы жеке қоқыс полигонына қатысты дау... 120 Просмотров

10:57 «Болашақ» бағдарламасына ауыл квотасымен құжат тапсырса,... 114 Просмотров





Опрос


«    Июль 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031