12 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кредиттік рақымшылық сұраған азаматтардың өтініші қарала ма – ресми жауап

10 декабрь 2021, 16:43
Кредиттік рақымшылық сұраған азаматтардың өтініші қарала ма – ресми жауап
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Дмитрий Акмаев ипотекалық және тұтынушылық кредиттерді жауып беруді талап еткен қазақстандықтардың агенттікке жолдаған өтініштері қарастырыла ма деген сұраққа жауап берді.

Акмаевтың айтуынша, агенттік мемлекеттік орган болғандықтан, азаматтардың өтініштерін қабылдауға тиіс. Алайда ол ешқандай кредиттік рақымшылық болмағанын және болмайтынын тағы еске салды.

"Қазір өтініштер банктер мен микрокредиттік ұйымдар арасында бөлініп, кредит берушілерге жіберіледі. Бізге хат жолдаған барлық азаматтар бұл мәселені алдымен кредит берушімен шешіп алуы керек. Яғни, егер олардың қаржылық жағдайы нашарлаған болса, олар бұл туралы дәлел ұсынуы керек. Ал кредит беруші олардың өтінішін қарап, қарыздың құрылымын өзгерту, проценттік мөлшерлемені төмендету, қайта қаржыландыру мәселелерін қарауы керек, яғни қарыз жүктемесін қалай да төмендету бойынша шаралар ұсынуға міндетті. Бірақ, тағы қайталап айтамын, бұл қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда ғана қарастырылады", - деді Дмитрий Акмаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.


Ол расында да проблемасы бар қарыз алушылармен ғана жұмыс жасалатынын және бұл қарыз мәселелерін сотқа дейінгі деңгейде шешу үшін қажет екенін айтты.

Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселені қарастыратын соңғы сатыдағы мекеме.

"Егер шынайы проблема болса, кредит беруші онымен бірге сол мәселені қарастырады. Кредитормен мәміле жасалса, содан кейін біз реттеуші ретінде осы іске араласып, қарыз алушының қаржылық жағдайын зерттейміз, кредитордың іс-әрекетінің заңға сәйкестігіне талдау жүргіземіз. Егер қабылданған шара жеткіліксіз болса, онда "Қарыз алушының қаржылық жағдайын жақсарту және оның қарызын реттеу бойынша шара қолдануды сұраймыз" деген өтініш хат жолдаймыз. Ал егер кредит беруші барлығын дұрыс орындаса, біз сол шешімді растаймыз. Егер біз араласқаннан кейін де қос тарап мәмілеге келмесе, онда іс сот қарауына жіберіледі", - деп нақтылады Акмаев.

Оның айтуынша, қазақстандықтар агенттікке хат жолдауын әлі тоқтатқан жоқ. Алайда қарқын кешегіден бәсеңдеген.

"Бұл дүрбелең қолдан жасалғаны түсінікті. Оған кредиттік рақымшылық туралы жалған ақпарат себепші болды. Қазір кредиттік рақымшылық туралы еш мәселе қозғалып жатқан жоқ. Бұл дұрыс түсіндірілмеген ақпарат болып отыр. Осы жылы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының жұмысы тоқтайды. Қазір әлеуметтік осал топтардың ипотекалық қарыздарына арналған үшінші кезең аяқталып жатыр. Мұндай азаматтардың саны аса көп емес – сегіз мыңнан астам. Ал шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқан қоғам белсенділері бұл шара барлық азамат пен барлық қарызға арналған деп атап көрсеткен", - дейді Дмитрий Акмаев.

Еске салсақ, күні кеше Алматыда кредиттік рақымшылық туралы хабарлама алған 250-ге жуық адам Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына келіп, өздерінің ипотекалық және тұтынушылық кредиттерін жабуды талап еткен.

Осыған байланысты қаржылық реттеуші адамдардың ғимаратқа кіруін шектеп, далаға өтініштерді қабылдауға арналған жәшік орналастырды. Бірқатар өтініш агенттік өкілдігіне тапсырылғаннан кейін адамдар тарай бастады.
Просмотров материала: 5 105

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 383 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 897 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 477 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 524 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 842 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 644 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 769 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 015 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 245 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 386 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 950 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 136 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 115 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 337 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 058 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 452 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 183 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 173 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 843 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 117 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 055 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 100 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 873 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 147 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 512 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 846 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 910 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 861 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 231 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031