12 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қырымбек Көшербаев Түркістандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Қырымбек Көшербаев Түркістандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркістан өңірінің зиялы қауым өкілдері, еңбегімен дараланған азаматтары да мерекелік жиында Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен жетістіктер туралы ой қозғады.

Қырымбек Көшербаев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін, еліміздің басынан өткерген түрлі қиындықтар мен сынақтар жайында айтып өтті. Мемлекетіміздің нығайып, әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлемдік аренада өзіндік орын алуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбек сіңіргенін жеткізді. Осындай жасампаз жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сабақтастық. Әділет. Өрлеу» принципімен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен лайықты жалғастырып жатқанына тоқталды.
Қырымбек Көшербаев Түркістандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

– Тәуелсіздік жылдары еліміздің шекарасы бекемделді. Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті нығайды. Әлемнің 138 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Осы жылдар ішінде еліміздің ішкі жалпы өнімі 17 есе өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып, төрелік айтып, төріне шықтық. Мемлекетіміз әлем халықтары алдында зор беделге ие болды, – деді Мемлекеттік хатшы.

Бұдан бөлек, Қырымбек Көшербаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жаңа келбеті қалыптасқанын, аз ғана уақытта ғасырға пара-пар іс атқарылғанын жеткізді.

– Осы отыз жылда мемлекет жаңғырып, ұлт қайта түледі. Тәуелсіздік жылдары бой көтерген ғажайып елорда Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Халқымыз мақтан ететін еліміздің барлық өңірлерінде де ұланғайыр жасампаздық істер атқарылды. Мұның өзі біздің қуатты ел екенімізді паш етті. Сіздердің облыстарыңыз да басқа өңірлер сияқты ел экономикасының дамуына жылдан-жылға үлес қосып келеді, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Мерекелік жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұртшылықты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, Түркістан өңіріндегі оң өзгерістерге тоқталып өтті. Тәуелсіздіктің ұлы құндылық екенін жеткізді.

Жиында әртүрлі салада мемлекетіміздің мерейін асырып жүрген азаматтар ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш Қазақстанның және Түркі елдерінің әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Просмотров материала: 663

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 384 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 899 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 478 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 526 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 844 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 645 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 770 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 016 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 246 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 388 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 951 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 136 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 115 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 337 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 058 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 452 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 184 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 173 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 843 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 117 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 055 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 100 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 873 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 147 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 512 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 846 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 910 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 861 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 231 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031