18 января 2022 г.

Мы в соц сетях:



«Есірткі сатып, адам өлтіреді»: Қазақстанда ең ауыр жаза алған әйелдер не үшін сотталған?

07 декабрь 2021, 15:57
«Есірткі сатып, адам өлтіреді»: Қазақстанда ең ауыр жаза алған әйелдер не үшін сотталған?
Қазақстанда әйелдерге арналған қатаң режимдегі жалғыз түзету колониясы Шымкентте орналасқан. 2018 жылдан бері бір ғасырға таяу тарихы бар түрмеге алғаш рет әйел адам басшы болып тағайындалған. Azattyq Ruhy тілшісі аталған мекеме бастығы Айнұр Әділбековамен әңгімелесіп, Қазақстан бойынша ең ауыр жаза алған әйелдер туралы сөйлесті.

Әділет подполковнигі Айнұр Әділбекова бұрын түрме басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. Сол уақытта да, мекеме басшысы болған үш жылдан бері ол әйел ретінде сотталушылармен адами қарым-қатынас орнатуға көп көңіл бөлетінін айтып отыр.

«Әрине, мұнда тек аса ауыр қылмыспен сотталған қыз-келіншектер, әйелдер түседі. Бірақ, бәрі бір олар да адам, қылмыстық атқару кодексінің аясында жағдайды түсіндірсең, түсіністік танытады», - дейді Айнұр Әділбекова.

Қазақстан бойынша әйелдерге арналған қатаң режимдегі жалғыз колония 250 орынға арналған. Мекеме басшысының мәліметіне сүйенсек, бұл жерге айына 2-5 әйел қамалып отырады.

«Мекеменің толу шегі 250 сотталған адамға арналған. Қазір бұнда 243 сотталған әйел жазасын өтеп жатыр», - дейді ол. Сұхбат кезінде белгілі болғандай, жазасын өтеп жатқан осы 243 әйелдің ең жасы 25-те, ең кәрісі – 70 жастағы әжей екен.

«Түрмеде есірткі сату бабымен сотталғандардың саны 100-ден асады. Кісі өлтірген 17 әйел бар», - деп мәлім етті қылмыс статистикасына тоқталған Әділбекова.

Ең ауыр жаза алған әйелдермен жұмыс істесе де, Айнұр Әділбекова адамдықты бірінші орынға қойып, оларға көмек беру керек деген пікірін айтты. «Әйел ретінде оларға жаным ашиды» дейді түрме басшысы. Әрі ол соттың үкімін алған әйелдерді одан сайын қинамай, жазасын өтеген соң түзеліп шығуына аса мән береміз деп отыр.

«Қатаң басшымын деп айта алмаймын. Өзің әйел болған соң, әйелдердің жан дүниесін түсінуге тырысамын. Олардың жан дүниесі сөзсіз психикалық өзгеріске ұшырайды. Артында қалған бала- шағасы туралы көмек сұрап келеді. Сол кезде ана ретінде, бірақ заң аясында қолдан келгенше көмектескің келеді.

Сотталғанша олардың қолынан онсыз да кісен түспейді. Ал колонияға келгеннен кейін біз оларды кісендеп емес, көбіне түзетіп шығаруға әрекеттенеміз. Біздің мекеме жанында мектеп бар, колледж бар. Сотталғандар арасында тіпті мектепке бармаған азаматшалар бар. Сондықтан, біздің мақсатымыз – қылмыстық атқару кодексіне сәйкес, оларды тәрбиелеп, ары қарай түзу жолға салуға тырысу», - дейді Айнұр Әділбекова.

Сөз соңында көп жылдан бері қылмыс жасаған әйелдермен жұмыс істеп, олардың психологиясын зерттеп жүрген Айнұр Әділбековадан «әйел неге қылмысқа барады?» деп сұрадық.

«Басым бөлігі тұрмыстық жағдайда күйеуімен ұрысып, төбелесіп, пышақ салып алғандар деуге болады. Сондай-ақ, көбіне есірткі сатқан әйелдер. Менің ойымша, кішкентай кезінен жәбір көріп, психикасы өзгеріске ұшыраған әйелдер адам өлтіреді. Ал, материалдық қиындық көргендер есірткі сатады немесе алаяқтық жасайды. Менің ойымша, ең ауыр жаза алған әйелдер осылардың кесірінен қылмысқа барады. Әрине, олардың көбі қылмыс жасағанына өкінеді», - дейді жеке пікірін танытқан түрме басшысы.

Айта кетейік, бұл мекемеде ауру ұлына ем іздеп, үш адамды тапсырыспен өлтірген өскемендік киллер әйел жазасын өтеп жатыр. Ол ең ұзақ мерзім алған әйелдердің бірі. Сот оны 28 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Просмотров материала: 274

Поделиться материалом


20:50 Время выводов: Казахстану предстоит определиться с недавним... 218 Просмотров

18:00 Алматыда бүлік кезінде бір күнде 145 ота жасалды... 254 Просмотров

17:58 Куда могут обратиться казахстанские бизнесмены в случае... 194 Просмотров

17:57 Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео... 208 Просмотров

17:43 ІІМ "Қаңтар қасіретінің" куәгерлеріне үндеу жасады... 196 Просмотров

17:43 Беспорядки в Казахстане: МВД обратилось к очевидцам... 185 Просмотров

17:30 Акима Форт-Шевченко арестовали за вождение в нетрезвом виде... 188 Просмотров

17:20 «Ұстаздық еткен жалықпас»: мектепте ер мұғалімнің ролі... 578 Просмотров

17:18 В центре Алматы задержаны двое мужчин с оружием... 208 Просмотров

17:12 Президент "Самұрық-Қазына" бойынша нақты ұсыныстар мен... 219 Просмотров

17:00 Қазақстан даму банкінің басшысы отставкаға кету туралы... 168 Просмотров

16:55 Президент ожидает конкретных предложений и действий от... 192 Просмотров

16:41 Казахстанцы стали чаще отправлять деньги за границу -... 180 Просмотров

16:39 Елордада коронавирус өршіп тұр... 177 Просмотров

16:30 Депутаты маслихата Алматы перечислят однодневную зарплату в... 128 Просмотров

16:25 Павлодарцы представились сотрудниками КНБ и похитили мужчину... 143 Просмотров

16:19 Дүрбелең кезінде көлікті ұрлап, өртеп жіберге жағдайда... 275 Просмотров

16:02 Тәуекел Мүсілім 1 жасар ұлын көрсетті... 139 Просмотров

15:59 Азаматтарға 50 000 теңге мөлшерінде сыйақы төлене ме... 139 Просмотров

15:37 Былтыр мүгедек жандар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы... 137 Просмотров

15:23 Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады... 134 Просмотров

15:17 Мемлекеттік шекараға жақын маңнан атыс қаруы жасырылған... 140 Просмотров

15:03 Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды... 108 Просмотров

14:51 Жаппай тәртіпсіздікке студенттер қатысты ма – министрлік... 142 Просмотров

14:32 Қысқы демалыстың ұзақ болуына байланысты оқу жылы ұзартыла... 357 Просмотров

14:19 Үшінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды... 227 Просмотров

13:54 Более 12 миллиардов тенге собрали в фонд "Қазақстан халқына"... 167 Просмотров

13:40 Как будут учиться школьники и студенты в Казахстане... 121 Просмотров

13:25 Почти 26 млн тенге присвоили сотрудники ломбарда в... 142 Просмотров

13:24 Алматы қаласында дәрі-дәрмек қоры кем дегенде екі айға... 154 Просмотров

13:20 2021 жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 5%-ға... 256 Просмотров

13:02 27 авиарейсов отменили в Казахстане... 124 Просмотров

12:48 Самат Әбіш ҰҚК-дағы қызметінен босатылды... 141 Просмотров

12:45 Дело экс-министра Елжана Биртанова поступило в суд... 141 Просмотров

12:28 К.Токаев освободил Самата Абиша от должности первого... 159 Просмотров

12:26 «Қазақстан халқына». Педагогтер қаржы аударуға... 433 Просмотров

12:25 Морозы до 25 градусов ожидаются в Казахстане... 118 Просмотров

12:11 110 человек находятся в стационарах после беспорядков в... 134 Просмотров

12:04 МӘМС үшін аударылатын төлемдер қалай өзгерді?... 153 Просмотров

12:00 Алматыдағы тәртіпсіздіктер: 766 "Сергек" камерасы бүлінген... 137 Просмотров





Опрос


«    Январь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31