26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Педагог мәртебесі туралы» заң күшіне енгелі ұстаздардың жалақысы қаншалықты өсті?

07 декабрь 2021, 11:42
«Педагог мәртебесі туралы» заң күшіне енгелі ұстаздардың жалақысы қаншалықты өсті?
2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Педагог мәртебесі туралы» Заң күшіне енген болатын. Құжат 21 баптан тұрады. Онда мұғалімдердің құқығын қорғау, оларды әлеуметтік қолдау мәселесі қамтылған.


Заңда ұстаздардың еңбекақысын көтеру, педагогтің кәсіби құзіретіне кірмейтін міндеттер жүктегені үшін айыппұл салу, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жеңілдіктер мен қолдаулар қарастырылған.

«Педагог мәртебесі туралы» заңды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2020-2022 жылдарға қосымша 2 трлн 282 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде барлық педагогтің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда лауазымдық жалақыға 25% мөлшерде түзету коэффициентін белгілеуге 1 трлн 756 млрд теңге (2020 жылы – 295 млрд теңге, 2021 жылы – 581 млрд теңге, 2022 жылы – 880 млрд теңге) көлемінде қаржы жоспарланған. Сондай-ақ, мұғалімдер мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына төленетін сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі), дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы мөлшерін екі есе арттыруға – 43 млрд теңге (2020 жылы – 6 млрд теңге, 2021 жылы – 18 млрд теңге, 2022 жылы – 18,8 млрд теңге) қарастырылған. Ағылшын тілінде оқытылатын физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқытушыларына базалық лауазымдық жалақысының 200%-ға дейін қосымша ақы белгілеу үшін 875 млн теңге (2020 жылы – 213 млн теңге, 2021 жылы – 281 млн теңге, 2022 жылы – 380 млн теңге) бөлінген.

Ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда, біліктілік санаты бар білім беру ұйымдарының педагогтеріне, басшылары мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін 453 млрд теңге (2020 жылы – 94 млрд теңге, 2021 жылы – 161 млрд теңге, 2022 жылы – 197 млрд теңге) қосымша ақы белгілеуге бағытталады. Сонымен қатар, орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы белгілеуге 9,9 млрд теңге (2020 жылы – 2,5 млрд теңге, 2021 жылы – 3 млрд теңге, 2022 жылы – 4,4 млрд теңге) жұмсалады.

Бұған қоса, орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне тәлімгерлік үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% қосымша ақы белгілеуге 5 млрд теңге (2020 жылы – 1,5 млрд теңге, 2021 жылы – 1,8 млрд теңге, 2022 жылы – 1,9 млрд теңге) қарастырылған. Ал ұзақтығы күнтізбелік 56 күнге дейін ұзартылған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына 12 млрд теңге (2020 жылы – 3,9 млрд теңге, 2021 жылы – 4 млрд теңге, 2022 жылы – 4,2 млрд теңге) көлеміндегі қаражат бөлініп отыр.

Биыл ұстаздардың 75%-ның айлық жалақысы өсті

Заңға сәйкес орта білім беру ұйымдарында жұмыс атқаратын жас маманның ғылыми-педагогикалық магистр дәрежесі болған жағдайда оған 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Сонымен қатар, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына келесі өзгерістер енгізілді: барлық педагогтердің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда, лауазымдық жалақыларына 25% мөлшерінде түзету коэффициенті белгіленеді (түзету коэффициентінің мөлшері 2021 жылы – 50%, 2022 жылы – 75%, 2023 жылы – 100% құрайды).

Ал І санаттағы басшылар мен олардың орынбасарларына – лауазымдық жалақысының 100%-ы, ІІ санаттағылар үшін – лауазымдық жалақысының 50%-ы, ІІІ санаттағылар үшін – лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төленетін болады. Мәдениет және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, әскери оқу орындарын қоспағанда, орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне тәлімгерлік үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% қосымша ақы белгіленді. Аталған өзгерістер сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі), дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақылар мөлшерлері екі есе арттыру, біліктілік санаты үшін қосымша ақы белгілеуді қоспағанда, ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан бастап төленеді.

Биыл республика бойынша ұстаздардың 75%-ның айлығы көтерілді. Бұл санаттағы ұстаздардың саны республика бойынша 400 мыңға жуық.

Атестаттау рәсімі мұғалімнің бірден бір кәсіби санатын анықтайтын құрал. Қазақстан кезекті атестаттау рәсімі 5 жылда бір рет өткізіледі. Бұл арқылы ұстаздар өз еңбек ақыларын арттыруға мүмкіндік алады. 2018 жылдан бастап елімізде атестаттаудың тәсілі өзгерді. Соған сай, педагогтардың санаттары модератор, сарапшы, зерттеуші және шебер мұғалім санаттары енгізілді.

Жаңа аттестаттау бойынша педагог лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейін алады. Егер қазіргі аттестаттауды 2018 жылға дейін өткізілген аттестациямен салыстыратын болсақ, онда үстемақыда қатысты айтарлықтай айырмашылық бар. Бұрын жоғары санатты мұғалім ең көп дегенде 17 мың теңге үстемақы алатын. Енді шебер санаты үшін мұғалім жалақысына 50% қосылады. Бұл 5 жыл ішінде кем дегенде 100 мың айлық жәрдемақыға тең.

Мұғалімдер сертификаттау барысында тест сұрақтарына жауап береді, содан кейін 250-300 сөзден тұратын эссе жазады, бұл шамамен А4 форматындағы бір бет. Айта кетерлігі, эссеге баға қойылмайды және сертификаттау мен біліктілік санатын алу нәтижесіне әсер етпейді.

Ұлттық біріңғай тестілеу мұғалімдердің өз бағыты бойынша білім-біліктілігін тексереді. Онда 100 сұрақ қойылады. Оның 70 сұрағы мұғалімнің сабақ беретін өз пәні бойынша және 30 сұрақ әдістеме бойынша қойылады.

Жалпы алғанда, елімізде педагогтардың басым көпшілігі аттестациядан өтті. Қазірдің өзінде 230 мың педагог қысқа мерзім ішінде жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өтіп, олардың жалақысына 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы төленеді. Аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер де жұмыс істей алады және өз жалақысын сынып болған жағдайда сынып жетекшісі үшін, сондай-ақ дәптер тексергені үшін және жаңартылған мазмұн бойынша жұмысы үшін 30% үстемеақы ала алады.

Айта кетерлігі, орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен әрбір педагогқа тәлімгер анықталатын болады. Бұл ретте, тәлімгер жас маманға оқу процесін ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын әзірлеу, яғни педагог мамандығына тез бейімделуге көмектеседі. Сонымен қатар, жас маманға жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін аттестациядан өтіп, біліктілік санатын алуға, жалақы мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, педагогтің аса үздік жетістіктері және сіңірген айрықша еңбегі үшін оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған ұстазға 1000 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы төлем жасалады. «Үздік педагог» атағы сақталды. Оны иеленушіге Үкімет айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төленеді, сыйақы мөлшері 1000 еселенген АЕК мөлшерінде белгіленген.

«Педагог мәртебесі туралы» заң ұстаздардың құқықтың мәртебесін айқындап қана қоймай, әлеуметтік-қаржылық жағдайын жақсартуға айрықша ықпал етіп отыр.

Дереккөз: AzattyqRuhy.kz.
Просмотров материала: 2 036

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 262 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 083 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 055 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 997 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 980 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 247 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 054 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 575 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 723 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930