27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан не туралы уағдаласқанын айтты

06 декабрь 2021, 18:17
Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан не туралы уағдаласқанын айтты
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы Өзбекстан президентінің мемлекеттік сапарын бауырлас өзбек халқының қазақ халқына деген ерекше құрметі деп бағалайтынын айтты.

"Өзбекстан - біз үшін тату көрші әрі маңызды серіктес қана емес, тамырлас, тағдырлас және бауырлас мемлекет. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік табысты дамып келеді. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық кеңейе түсті. Бүгінгі келіссөзде қазақ-өзбек қатынасын жаңа деңгейге көтерудің тиімді жолдары айқындалды. Біз халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Көпжақты ықпалдастықты одан әрі дамыту жөнінде ортақ шешімге келдік. Бүгінгі сапар өзара қатынасқа да тың серпін береді деп сенемін. Осы орайда, ынтымақтастығымызды жаңа одақтастық деңгейге көтеру туралы тарихи шешім қабылданғанын ерекше ризашылықпен атап өткім келеді. Бұл - біздің бауырластығымызды бекемдеп, сан қырлы ықпалдастықты нығайта түсетін маңызды қадам", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан не туралы уағдаласқанын айтты



Мемлекет басшысы қазақ-өзбек қатынастарының бүгінде жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және оның достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік рухына толық сай келетінін атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстан - аймақтағы ең ірі экономикалық серіктестер. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30 пайызға артып, 3,2 миллиард доллардан асты. Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы осындай жетістікке қол жеткізуге септігін тигізді деп санайды. Энергетика және агроөнеркәсіп кешені бағытындағы ықпалдастық тұрақты дамып келеді. Екі елдің үкіметтеріне сауда көлемін 10 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті жүктелді. Мемлекеттеріміздің азаматтары үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Екі ел астаналары мен ірі қалаларының арасында қосымша әуе рейстері іске қосылды, автобус қатынастары кеңейе түсті, жаңа теміржол бағдарлары пысықталып жатыр.

"Мұның бәрін халықтарымыз зор қуанышпен қабылдап жатыр және бұл бауырлас халықтардың одан әрі жақындай түсуіне тың серпін береді. Осыған байланысты бүгін құрметті Шавкат Миромонович екеуміз мемлекетаралық қатынастарды одақтастық деңгейіне көтеруге шешім қабылдадық. Бұл тарихи шешім сенімге, қолдауға негізделген әрі ортақ мүддені ескере отырып, тығыз ықпалдастықты одан әрі нығайтуға деген өзара шынайы ұмтылысымыздың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Одақтастық қатынастарды үйлестіру үшін Жоғары мемлекетаралық кеңес, Парламентаралық кеңес, сондай-ақ, жұмыс органы ретінде сыртқы істер министрлері кеңесін құруға уағдаластық. Одақтастығымыздың қағидаттары жаңа ғана қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы декларацияда көрсетілген. Осылайша біз көпжақты қазақ-өзбек байланыстары жылнамасының жаңа әрі жарқын парағы ашылды деп сенімді түрде айта аламыз. Мұның Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және өңірді өркендетуге қосылған елеулі үлес екені сөзсіз", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса мән берілгенін жеткізді. Жаңа мүмкіндіктерді қарастырудың және тауар номенклатурасын кеңейтудің қажеттігі айтылды. Қазақстанның Өзбекстанға тасымалданатын ыңғайлы локомотивтерден бастап жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне дейінгі тауарларды көбейтуге мүмкіндігі бар. Шавкат Мирзиёевтің Түркістанға сапары қарсаңында Қазақстан мен Өзбекстанның ІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жуырда елордада іскерлік кеңестің отырысы өтті. Осы шаралардың қорытындысы бойынша құны 6,6 миллиард доллар болатын коммерциялық келісімдер мен келісімшарттардың ауқымды топтамасы бекітілді.

"Біз мемлекетаралық тауар өткізу жүйесін іске қосу арқылы қуатты инфрақұрылымдық база қалыптастырудың перспективаларын талқыладық. Бұл база көтерме-тарату және агрологистикалық орталықтардан тұрады. Олардың Өзбекстандағы құрылысына Қазақстандық инвесторлар қаржы салуға дайын. Агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықтың нығаюы өзара сауда-саттықтың жандануына тың серпін береді. Елдеріміз Орталық Азия аймағын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл еуразиялық кеңістіктегі азық-түлік қауіпсіздігіне кепіл болуға мүмкіндігі бар. Жалпы осы саладағы ықпалдастық жақсы қарқынмен дамып келеді. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешеніндегі әлеуетіміз әлі біткен жоқ. Қазақстан ет, көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін терең өңдеу жөніндегі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын. Өнеркәсіптік кооперацияны күшейту серіктестігіміздің қозғаушы күштерінің бірі болады деп келістік", - деді Қазақстан Президенті.

Кейінгі жылдары бірлескен өндірістердің қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. "СарыарқаАвтоӨнеркәсібі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында Chevrolet автокөлігін шығаратын бірлескен кәсіпорын іске қосылды. Жеңіл автокөліктерді сатумен айналысатын Hyundai Auto Asia қазақ-өзбек кәсіпорны табысты жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы техникаларын және жүк көлігін, сондай-ақ, автобустарды шығару және сату жөніндегі жобалар іске қосылды. Қазақстанда фармацевтика, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша келешегі зор бірқатар өндіріс орны ашылды.

"Біз бірқатар іргелі жобаны іске қосуға уағдаластық. Бұл жобалар мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған және екі елдің де азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсету ісіне қомақты үлес қосады. Мысалы, "Қазфосфат" компаниясы Ташкент облысында құны шамамен 1 миллиард доллар болатын фосфорлы және кешенді тыңайтқыштар шығаратын зауыттың құрылысына қызығушылық білдірді. Қазақстандық BI group ірі құрылыс компаниясы Ташкентте жеке ықшамауданның құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатпен 1,2 миллиард доллар қаржы салмақ. Еліміздің автомобиль өнеркәсібіндегі көшбасшы "Astana-Motors" компаниясы Өзбекстанда "Hyundai" автокөлігін өндіретін кәсіпорын ашуға дайын. Екі мемлекеттің шекарасында халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығының тез арада іске қосылуы мультипликативті тұрғыдан тиімділігі зор болады әрі пайда әкеледі. Аталған мекеме Орталық Азиядағы ірі сауда-өнеркәсіп хабына айналмақ. Ол екіжақты ғана емес, сондай-ақ аймақтық көлемдегі сауданы дамытуға ықпал етіп, арадағы көлік-логистикалық мүмкіндіктерді кеңейте түседі. Осыған байланысты үкіметтерге аталған нысанды тез арада салуды тапсырдық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан Еуразиядағы маңызды сауда-көлік дәліздерінің тоғысында орналасқан. Тараптар осы бағытты одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаның жүзеге асырылуын жылдамдатуға уағдаласты.

"Бұл жерде мемлекеттеріміздің туристік әлеуетін нығайта түсетін "Түркістан-Шымкент-Ташкент" жоғары жылдамдыққа арналған теміржол магистралі туралы сөз болып отыр. Ал "Дарбаза-Мақтаарал-Жызақ" теміржолы арадағы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтіп, "Сарыағаш" өткізу бекетінің жұмыс жүктемесін азайтады. Біз бүгін "Үшқұдық-Қызылорда" темір жол желісінің құрылысы туралы мәселені жан-жақты талқылап, алдын-ала келісім жасадық. Екіжақты сауда-экономикалық мәселелерді ілгерілету үшін президенттердің арнаулы өкілдерін тағайындадық. Қазақстанның атынан сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты таңдадым", - деді Президент.



Мемлекеттер басшылары Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша үйлесімді жұмысты жалғастыруға келісті. Бұл - аса маңызды міндет. Қазақстан мен Өзбекстан ирригация, гидроэнергетика және экология салалары арасындағы балансты қамтамасыз етуді дәйекті түрде қолдайды.

"Аймақтағы және әлемдегі су шаруашылығының жағдайы туралы көңіл көншітпейтін болжамдар жасалып жатқанда, біз Шавкат Миромонович екеуіміз жағымсыз сценарийлерді болдырмау үшін батыл шаралар қабылдау қажет деген ортақ пікірге келдік. Су шаруашылығы мәселесінің аса маңызды екенін ескере отырып, біз келіссөздер үдерісін Премьер-Министрлер деңгейіне көтеруіміз керек. Сондай-ақ, жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді қолдану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастырдық. Қазақстан осы бағыттарда тәжірибе алмасуға және кооперацияны дамытуға дайын екенін білдірді. Өзбек достарымызды Қазақстанның озық өнімдерін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының кең мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз", - деді Қазақстан Президенті.

Дәстүр бойынша мәдени-гуманитарлық байланыстарға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы Қазақстанның астанасында ұлы ақын Әлішер Науаиға ескерткіш орнату туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Тараптар екі елдің зиялы қауым өкілдерінің шығармашылық форумын тұрақты түрде өткізу туралы бастама көтерді. Сонымен қатар, университетаралық ынтымақтастықты жандандыру жайында да айтты. Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындары Өзбекстанда өз филиалдарын ашуға мүдделі. Бұл жұмыстарды жүйеге келтіру үшін студенттерге арналған квоталарды көбейтуді көздейтін тиісті келісім жасау жоспарланып отыр. Қазақстан Ахмет Яссауи стипендиясы бойынша өзбек студенттерін Түркістандағы халықаралық университетке қабылдауға дайын.

"Біз өзбек студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарына шақыруымыз керек. Бұл үшін арнайы Ахмет Яссауи атындағы стипендиялар мен гранттар бөлінген. Өзбек студенттері Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға қызығушылық танытады деп ойлаймын. Тиісінше, қазақстандық студенттердің де Өзбекстанға барып білім алуына болады. Қазақтың көрнекті зиялы қауым өкілдерінің кезінде Ташкентте білім алғаны тарихтан белгілі екенін құрметті Шавкат Миромоновичке жаңа ғана айттым. Бәлкім, осы игі дәстүрді қайта жаңғырту керек шығар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сапар аясында аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Президенттер аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайға баса мән берді. Тараптар Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз ету барлық бауырлас халықтардың түпкі мүддесіне сай келетін ортақ әрі қолжетімді мақсат деген пікірге тоқтады.

Мемлекет басшысы сөзінің соңын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бұл сапары екі ел үшін де табысты болды деп түйіндеді.

Просмотров материала: 1 724

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 437 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 256 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 228 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 173 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 154 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 502 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 883 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 118 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 632 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 780 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930