18 января 2022 г.

Мы в соц сетях:



Үкімет зейнетақы қорына қатысты шешімді халықпен ақылдаспай қабылдады – сарапшы

03 декабрь 2021, 16:30
Үкімет зейнетақы қорына қатысты шешімді халықпен ақылдаспай қабылдады – сарапшы
Қазақстанда 2022 жылдан бастап жасқа байланысты зейнетақы қорынан алуға болатын қаржының жеткілікті шегі өзгереді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады. Мәселен, биыл 40 жастағы азаматтың шотында – 3 437 000 теңге жеткілікті шектегі сомма болса, келесі жылдан бастап ол 5 950 000 теңге болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберіндегі 2021 жылға «жеткіліктілік шегі» жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады», - делінген БЖЗҚ таратқан ақпаратта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай 529,7 мың азамат бар деп мәлімдеген болатын.

Қараша айындағы зейнетақы активтерінің құны 13,2 трлн теңге болды. Жыл басынан бері 337,3 млрд теңгеге толыққан. Осы күнге дейін зейнетақы қорынан 2 трлн теңге алынған. Оның 1,95 трлн теңгесін (97,1 пайыз) салымшылар тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланды.

Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес, есептелген зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберіндегі 2022 жылға «жеткіліктілік шегі» төмендегідей.

Сонымен, 2022 жылдан бастап БЖЗҚ-ның жеткілікті шегі:

20 жас – 3 140 000 теңге,
21 жас – 3 250 000 теңге,
22 жас – 3 370 000 теңге,
23 жас – 3 490 000 теңге,
24 жас – 3 610 000 теңге,
25 жас – 3 730 000 теңге,
26 жас – 3 860 000 теңге,
27 жас – 3 980 000 теңге,
28 жас – 4 110 000 теңге,
29 жас – 4 240 000 теңге,
30 жас – 4 370 000 теңге,
31 жас – 4 510 000 теңге,
32 жас – 4 640 000 теңге,
33 жас – 4 780 000 теңге,
34 жас – 4 920 000 теңге,
35 жас – 5 060 000 теңге,
36 жас – 5 200 000 теңге,
37 жас – 5 350 000 теңге,
38 жас – 5 490 000 теңге,
39 жас – 5 640 000 теңге,
40 жас – 5 790 000 теңге,
41 жас – 5 950 000 теңге,
42 жас – 6 100 000 теңге,
43 жас – 6 260 000 теңге,
44 жас – 6 420 000 теңге,
45 жас – 6 580 000 теңге,
46 жас – 6 750 000 теңге,
47 жас – 6 920 000 теңге,
48 жас – 7 090 000 теңге,
49 жас – 7 260 000 теңге,
50 жас – 7 430 000 теңге,
51 жас – 7 610 000 теңге,
52 жас – 7 790 000 теңге,
53 жас – 7 970 000 теңге,
54 жас – 8 150 000 теңге,
55 жас – 8 340 000 теңге,
56 жас – 8 530 000 теңге,
57 жас – 8 720 000 теңге,
58 жас – 8 920 000 теңге,
59–62 жас – 9 120 000 теңге.
Осыған орай Azattyq Ruhy тілшісі сарапшылардан пікір сұрады.

Айдар Әлібаев, Зейнетақы сарапшысы:

Біріншіден, үкімет бұл шешімді өздері ойда-жоқта қабылдап отыр деп ойлаймын. Қандайда бір талқылау болуы тиіс еді, сарапшылар тобында немесе басқа да орталарда бұл айтылмады. Ресми БАҚ бетінде жария етті де қойды. Бұл дұрыс емес. Екіншіден, негатив болады, онсыз да қымбатшылықтан қажып отырған халық үшін әлі де сол қаражаттан үміті барлары үшін қиын. Десе де, биыл қыстан бері көптеген азамат БЖЗҚ жеткілікті шектен жоғары сомманы алды. Емге және тұрғын үй үшін пайдаланды.

Енді Зейнетақы қоры қаражат ойлағаннан да көп шығып кетті. Айналымдағы қаражат азайды деген оймен шектеу қойып отырғаны белгілі. Тиісті органдар мұны ресми түрде халық алдына шығып түсіндіруі тиіс. Өркениетті елде осылай әстелуі керек еді.

Жалпы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шегі өзгертіп, зейнетақы қорынан шыққан қаржыны тежейміз немесе баспана қымбатшылығының алдын алу деген бекершілік. Болар іс болды. Бәрі қымбаттады. Енді қаражатты аламыз деп немесе түрлі себеппен ала алмай отырғандар саны көп емес. Бұл енді тұрғын үй құнына немесе экономиканың басқа да секторларына кері әсер етеді деген болжам дұрыс емес. Бірақ ескеру керек, бәрібір бүгінгі шешім әлеуметтік көңіл күйге, адамдардың жалпы ішкі қарсылығын күшейтеді. Қазір БЖЗҚ-ға адамдар лап қояды. Олардың жүйесіне кіріп, қалған қаржысын алуға әрекет қайта басталады. Уақыт аз. Дүрбелеңге толық негіз бар.

Сапарбай Жұмаев, экономист:

Негізгі бұл үлкен мәселе, Зейнетақы жүйесінен қаражатты алу белгілі бір дәулеттілер тобына арналған еді. Оны мен де басынан айттым және бұл бастамаға қарсы болдым. Себебі ол қарапайым халыққа пайдасыз әрі қол жетпейтін арман болатын. Дәл сол айтқанымдай болды. БЖЗҚ біздің ел үшін инвестициялық әлеуеттің бірі еді. Онда шамамен 15 трлн теңге ақша болған. Бірақ біздің билік оны ауқатты адамдардың алуына және баспаналардың сатылуына жол ашты. Олардың қатарында жақсы жалақы алатын мұнайшылар, менеджерлер, банкирлер, депутаттар және тіпті министрлер мен квазимемлекеттк сектордағы мамандар және осы аталғандардың туыстары бар.

Тұрғын үй үшін баға енді арзандамайды. Мультипликациялық әсерден ол ары қарай осы айналыммен жүре береді. Қымбат алған адам қымбат сатады. Оның үстіне, сұраныс бар. Сондықтан БЖЗҚ-дан алынған қаражаттың баспана құнына әсер еткені шындық. Ал бүгінгі шешімнен соң, оның баспанаға қандайда бір әсері болады. Арзандайды деген мүмкін емес.

Жалпы үкіметтің жоспары бойынша, халықтың 3-4 пайызы осы зейнетақы қорындағы қаржысыны пайдаланды деген болжам болған. Алайда бұл қазіргі есеппен 2,5 пайыз болды. Әлі де 1,5 пайызы бұл мүмкіндіктен айырылады. Енді жаңа жылға дейін бір ай бар. Бірақ оған үлгеріп алатындары өте аз болады
.
Просмотров материала: 681

Поделиться материалом


20:50 Время выводов: Казахстану предстоит определиться с недавним... 222 Просмотров

18:00 Алматыда бүлік кезінде бір күнде 145 ота жасалды... 258 Просмотров

17:58 Куда могут обратиться казахстанские бизнесмены в случае... 198 Просмотров

17:57 Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео... 210 Просмотров

17:43 ІІМ "Қаңтар қасіретінің" куәгерлеріне үндеу жасады... 198 Просмотров

17:43 Беспорядки в Казахстане: МВД обратилось к очевидцам... 187 Просмотров

17:30 Акима Форт-Шевченко арестовали за вождение в нетрезвом виде... 190 Просмотров

17:20 «Ұстаздық еткен жалықпас»: мектепте ер мұғалімнің ролі... 582 Просмотров

17:18 В центре Алматы задержаны двое мужчин с оружием... 210 Просмотров

17:12 Президент "Самұрық-Қазына" бойынша нақты ұсыныстар мен... 221 Просмотров

17:00 Қазақстан даму банкінің басшысы отставкаға кету туралы... 170 Просмотров

16:55 Президент ожидает конкретных предложений и действий от... 193 Просмотров

16:41 Казахстанцы стали чаще отправлять деньги за границу -... 181 Просмотров

16:39 Елордада коронавирус өршіп тұр... 178 Просмотров

16:30 Депутаты маслихата Алматы перечислят однодневную зарплату в... 129 Просмотров

16:25 Павлодарцы представились сотрудниками КНБ и похитили мужчину... 143 Просмотров

16:19 Дүрбелең кезінде көлікті ұрлап, өртеп жіберге жағдайда... 276 Просмотров

16:02 Тәуекел Мүсілім 1 жасар ұлын көрсетті... 139 Просмотров

15:59 Азаматтарға 50 000 теңге мөлшерінде сыйақы төлене ме... 139 Просмотров

15:37 Былтыр мүгедек жандар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы... 137 Просмотров

15:23 Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады... 134 Просмотров

15:17 Мемлекеттік шекараға жақын маңнан атыс қаруы жасырылған... 140 Просмотров

15:03 Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды... 108 Просмотров

14:51 Жаппай тәртіпсіздікке студенттер қатысты ма – министрлік... 142 Просмотров

14:32 Қысқы демалыстың ұзақ болуына байланысты оқу жылы ұзартыла... 357 Просмотров

14:19 Үшінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды... 227 Просмотров

13:54 Более 12 миллиардов тенге собрали в фонд "Қазақстан халқына"... 167 Просмотров

13:40 Как будут учиться школьники и студенты в Казахстане... 121 Просмотров

13:25 Почти 26 млн тенге присвоили сотрудники ломбарда в... 142 Просмотров

13:24 Алматы қаласында дәрі-дәрмек қоры кем дегенде екі айға... 154 Просмотров

13:20 2021 жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 5%-ға... 256 Просмотров

13:02 27 авиарейсов отменили в Казахстане... 124 Просмотров

12:48 Самат Әбіш ҰҚК-дағы қызметінен босатылды... 142 Просмотров

12:45 Дело экс-министра Елжана Биртанова поступило в суд... 141 Просмотров

12:28 К.Токаев освободил Самата Абиша от должности первого... 160 Просмотров

12:26 «Қазақстан халқына». Педагогтер қаржы аударуға... 433 Просмотров

12:25 Морозы до 25 градусов ожидаются в Казахстане... 118 Просмотров

12:11 110 человек находятся в стационарах после беспорядков в... 134 Просмотров

12:04 МӘМС үшін аударылатын төлемдер қалай өзгерді?... 153 Просмотров

12:00 Алматыдағы тәртіпсіздіктер: 766 "Сергек" камерасы бүлінген... 137 Просмотров





Опрос


«    Январь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31