26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Екі аптадай ғана ғұмыры қалды деді": Досхан Жолжақсынов Нұрғиса Тілендиевке қалай атақ сұрап берген

30 ноябрь 2021, 17:33
"Екі аптадай ғана ғұмыры қалды деді": Досхан Жолжақсынов Нұрғиса Тілендиевке қалай атақ сұрап берген
Қазақтың әйгілі күйші композиторы Нұрғиса Тілендиевтің өмірден өтерінің алдында Халық Қаһарманы атағын алып үлгеруіне актер Досхан Жолжақсынов пен Иманғали Тасмағамбетовтің тікелей қатысы болған. Ерекше оқиға туралы Жолжақсынов Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтып берді.

Актердің сөзінше, Тілендиев 1998 жылы ауруханада қатты сырқаттанып жатқан.

«Біз Иманғали екеуміз күнара барып көңілін сұраймыз. Араға бір аптадай салып бір келгенімізде Имекең дәрігермен сөйлесті. Дәрігер «Екі аптадай ғана ғұмыры қалды» деді. Былай шыққан соң қатты қысылып, көзімнен жас шығып кетті. Нұрағаңдай арыстың кетіп бара жатқанын көзге елестету қиын еді.

«Шіркін, неге осы кісіге, қанша буынды қалыптастырған қаһарманға Халық Қаһарманы атағы берілмейді?!» деп едім, Имекең маған оны хат етіп жазу қажеттігін айтты. Бір екі күннен соң Сыздық Жұматайұлы қайтыс болып, мен директор болып тұрған Жасөспірімдер мен балалалар театрынан шығаруға шешім қабылданды. Елбасының өзі қатысатын болды. Ал мен әлгі хатты жазып, дайындап қойғанмын», - дейді Досхан Жолжақсынов.

Алдын ала дайындалған ол Ермек Серкебаев, Манаш Қозыбаев, Қалтай Мұхаметжанов, Әлібек Дінішевтермен сөйлесіп Тілендиевке Халық Қаһарманы атағын беру туралы келісімдерін ауызша алып алған. Тек Роза Бағланова қарсылық білдіріпті.

«Содан хат жазылған қызыл папканы дайындап қойғанбыз. Елбасын қарсы алып, Сыздық Жұматайұлын жерлеп келе жатқанымызда Иманғали Елбасыға «Сізге Досханның бір ауыз әңгімесі бар» деп еді, Нұрсұлтан Әбішұлы тоқтап бұрылды. Мен «19 ғасыр бізге Құрманғазыны беріп еді, 20 ғасыр Нұрғиса ағамызды берді. Өзіңіз бастаған қаншама буын осы кісінің ән-күйімен рухтандық. Мен атақ сұраймын, Халық Қаһарманын сұраймын» дедім.

Елбасы құжатты сұрап қарады да «Бұған қол қою керек, ауызша болмайды» деп айтты. Содан Елбасы қойнынан қаламын суырып маған берді, Иманғали жүгіріп келіп арқасын тосты, мен «Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов» деп жазып, өз қолымды қойдым. Сөйтіп, ол қағазды Нұрсұлтан Әбішұлы бір кісіге тапсырды», - деп еске алды актер.

Алайда сүйінші жаңалық көп күттірмеген. «Сол кеште Иманғали екеуміз бильярд ойнап жатыр едік. Сағат 21:45-те Нұртай Әбіқаев Иманғалиға телефон шалып, «Қайырлы құтты болсын, Елбасы Халық Қаһарманы атағына қол қойды» деді. Сол сәтте көзімнен парлап жас кетіп, бұрышқа барып еңіредім. Имекең «Қой, енді неге жылайсың» деп жатты.

Мен тұрып: «ертең ұрпағым жақсы актер, режиссер болдың дер. Бірақ елдің көкірегінде таңбалы болып қалардай не бітірдіңіз десе, Ұлы Нұрғиса Тілендиевтің Халық Қаһарманы атағын алуына дәнекер болдым деп айтамын дедім», - дейді Жолжақсынов.

Осы оқиғадан кейін көп өтпей, нақтырақ айтқанда 1998 жылы 15 қазанда ұлы композитор дүние салады.

«Содан үш аптада көз жұмады деген Нұрғиса Тілендиевтің ғұмырын екі айға создық (Күледі). Екі ортада күйшіні бір шелек қымыз алып, Алатаудың бөктеріне серуендетіп қайтым. Таудан қайтарда да қатты ауырды. Сөйтіп екі айдан соң дүние салды. Тілендиевке Халық Қаһарманы берілмесе де жұрты мойындаған, халқы бар атақты өзі беріп қойғандай адам. Дегенмен менің қолымды қақпай, уәжіме тоқтауы Елбасының да кемеңгірлігін, тұлғалығын, болмысын білдіреді. Әйтпесе, ол кісі «Сенің онда шаруаң қанша, өз жұмысыңды істе» десе не болады? Мен емес, ар жағында ұйытқы болып жүрген Иманғалидың күні не болар еді», - деп еске алды актер.
Просмотров материала: 45 671

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 266 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 087 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 059 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 001 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 984 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 055 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 577 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 724 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930